Шешендік сөздер. Қазақ тілі, 11 сынып, презентация. 2 сабақ.
Бөлім тақырыбы:
1. Қазақстан бүгінгі әлемде: Қазақстанның өткені мен келешегі.
Шешендік сөздер
Оқу мақсаттары:
Ж6 Жазба жұмысын абзацтар мен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық түзетулер енгізу, редакциялау. ӘТН1 Мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу.Бағалау критерийлері:
1. Оқырмандардың қызығушылығын арттырып, жүйелеп мақала жазады.
Орфографиялық норманы сақтайды.
Құрылымы:
Мақалаға ат қою керек. Мақала атауы қызықты болу керек. Қысқа да нұсқа болғаны жөн. Мақалада көтерілген мәселе мен мақала атауы өзара үндес болуы шарт. Публицистикалық, яғни газет-журнал мен сайтта берілетін, мақалаларда лид жазылады. Лид – оқырман назарын баурап алып, мақаланы оқуға деген ынтаны оятатын қарапайым әрі түсінікті ең алғашқы екі сөйлем.
Кіріспеде мақаладағы мәселені бірден толық ашпайды. Оқырманды тақырыпқа қызықтыру үшін жалпы ойды баяндап, суреттеп бастайды.
Негізгі бөлімде көпшілікке ортақ ой көтерілген тақырып ретінде қозғалады. Бір ғана нақты ойды дамыта түседі. Оқырманды аяғына дейін қызықтырып отыру керек. Ол үшін деректер, фактілер автордың ойын жеткізу құралы ретінде пайдаланылады. Бұл мақаладан оқырман қандай ақпарат ала алады, ол қаншалықты пайдалы болады?
Қорытындыда шешім оқырманға ой тастау арқылы беріледі, яғни оқырман шешімді өзі шығарады.
Тілдік құрал:
Мақал-мәтелдер, тұрақты тіркестер, дәйексөздер (цитата), афоризмдер (қанатты сөздер), көркемдегіш құралдар (теңеу, эпитет, метафора), эксперссивті-эмоционалды сөздер қолданылады.
Тілдік норма:
Үшінші жақтан жазылады. Ырықсыз етістер қолданылады. Субъективті пікірді білдіретін менің ойымша, біздің, қорытындылай келе, қорыта айтқанда сияқты тіркестер мүлдем қолданылмауы тиіс.
Стилі:
Стильдер араласып келеді: ғылыми мақалада да, публицистикалық мақалада да ақпараттық сипат басым болып келеді және екі стиль де қатар көрініс таба береді, тіпті проблемалық мақалаларда көркем әдебиет стилі де қолданылады. Риторикалық сұрақтар қойылып, оған жауап ұсыну арқылы жазылады.
Жазылым тапсырмасы
Ж.
Тапсырма
Мәтінінде айтылған ақпараттарды, идеяны пайдаланып, «Қазақстанның бүгіні мен болашағы» деген тақырыпта мақала жазыңыз.
Жазылымнан кейінгі тапсырма
Жұпта алмастырып оқыңыз және логикалық түзетулер енгізіңіз, редакциялаңыз.
Орфогрфиялық нормаға сай жазылмаған деп таныған тілдік бірліктерін қарындашпен белгілеп, не себепті екенін түсіндіріңіз.
Дескриптор:
Кері байланыс
«Екі жұлдыз, бір тілек»
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?