Қазақстанның өткені мен келешегі. Қазіргі шешендіктің түрлері. Қазақ тілі, 11 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ. 2 нұсқа.


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

Қазақстан бүгінгі әлемде: Қазақстанның өткені мен келешегі.

Шешендік сөздер

Мектеп: Астана қаласы ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің ТАӘ:

Сынып: 11

Қатыспағандар саны:

Қатысқандар саны :

Сабақтың тақырыбы

Қазақстанның өткені мен келешегі.

Қазіргі шешендіктің түрлері

Сабақтың мақсаты

11.1.1.1 мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, тиісті ақпаратты анықтай білу.

Бағалау критерийлері

 

Мәтін үзінділері бойынша болжам жасайды, тиісті ақпаратты анықтайды.

 Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология:

Синонимдер, терминдер, неологизмдер, сұраулы және лепті сөйлем.

 Құндылықтар

Ашықтық, өмір бойы оқу, құндылықтарды дәріптеу

 Пәнаралық байланыс

Әдебиет, тарих

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

Қызығушылықты ояту

Топқа бөлу.

Қазіргі шешендіктің түрлері қандай?

Оқушылардың ой-пікірлері тыңдалады.

Мұғалім сабақтың тақырыбын, оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушылармен бірге талқылайды.

Сабақтың ортасы

7 мин

20 мин

8 мин

Мағынаны тану

 Тыңдалым алды тапсырмасы.

Қазіргі шешендіктің түрлері

  • Білім-ғылым мазмұнды шешендік: дәріс, ғылыми баяндама, ғылыми шолу, ғылыми хабарлама, ғылыми мақала
  • Әлеуметтік-саяси мазмұнды шешендік: саяси шолу, репортаж, саясат сөздері, әскери патриоттық сөздер, конференция, митингідегі сөз
  • Әлеуметтік-тұрмыстық мазмұнды шешендік: бата, тілек, құттықтау, аза сөздер
  • Діни мазмұнды шешендік: діни-уағыз, иман, тілек, құран сүрелері
  • Сот ісі шешендігі: айыптаушының сөзі, қорғаушының сөзі, қорғанушы мен айыпкердің сөзі

 Тыңдалым тапсырмасы

Мәтінде атауларға қатысты болжам жасайды, себебін түсіндіреді.

 

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ,

Қазақстан Республикасының Президенті: ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ

Кеңістік – барлық нəрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады.

Көне жылнамалар бүгінгі қазақтардың арғы бабалары ұланғайыр Еуразия құрлығындағы саяси жəне экономикалық тарихтың беталысын талай рет түбегейлі өзгерткені туралы сыр шертеді.

Сонымен, Ұлы даланың жеті қырына тоқталайық.

1.АТҚА МІНУ МӘДЕНИЕТІЖылқыны қолға үйрету арқылы біздің бабаларымыз өз дəуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие болды.

2.ҰЛЫ ДАЛАДАҒЫ ЕЖЕЛГІ МЕТАЛЛУРГИЯ

Ежелгі заманда-ақ Қазақстанның Орталық, Солтүстік жəне Шығыс аймақтарында таукен өндірісінің ошақтары пайда болып, қола, мыс, мырыш, темір, күміс пен алтын қорытпалары алына бастады.3.АҢ СТИЛІОлардың мұрасының жарқын көрінісі, көркем болмысы мен рухани байлығының айшықты белгісі – «аң стилі» өнері. Жануарлар бейнесін тұрмыста пайдалану адам мен табиғаттың өзара байланысының символына баланып, көшпенділердің рухани бағдарын айқындап отырған. Олар жыртқыштардың, негізінен мысық тұқымдас аңдардың суретін көбірек қолданған. Егемен Қазақстанның символдарының бірі – жергілікті жануарлар əлемінде сирек кездесетін тұрпаты текті қар барысы екені кездейсоқ емес. Бұл ретте, аң стилі бабаларымыздың айрықша жоғары өндірістік тəжірибесі болғанын көрсетеді.4. АЛТЫН АДАМЖауынгердің жанынан табылған күміс кеселердің бірінде ойып жазылған таңбалар бар. Бұл – Орталық Азия аумағынан бұрын-соңды табылған жазу атаулының ішіндегі ең көнесі.5. ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ БЕСІГІОрасан зор кеңістікті игере білген түркілер ұланғайыр далада көшпелі жəне отырықшы өркениеттің өзіндік өрнегін қалыптастырып, өнер мен ғылымның жəне əлемдік сауданың орталығына айналған ортағасырлық қалалардың гүлденуіне жол ашты.

6.ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫКеруен жолдарын мінсіз ұйымдастырып, қауіпсіздігін қамтамасыз еткен Ұлы дала халқы ежелгі жəне орта ғасырлардағы аса маңызды сауда қатынасының басты дəнекері саналды.7. ҚАЗАҚСТАН – АЛМА МЕН ҚЫЗҒАЛДАҚТЫҢ ОТАНЫ

Бəріміз білетін алма – біздегі алманың генетикалық бір түрі. Ол Қазақстан аумағындағы Іле Алатауы баурайынан Ұлы Жібек жолының көне бағыты арқылы алғашқыда Жерорта теңізіне, кейіннен бүкіл əлемге таралған.

 

1-болжам .....................................................................................

2-болжам .....................................................................................

3-болжам .....................................................................................

4-болжам .....................................................................................

5-болжам .....................................................................................

6-болжам .....................................................................................

7-болжам .....................................................................................

Мұғалім-оқушы, оқушы-мұғалім кері байланысы

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма.

Талқылау

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасы, мақаласы, жобалары шешендіктің қай түріне жатады? Неге?

https://khabar.kz/kk/zekti/item/108727-elbasy-ma-alasy

Сабақтың соңы

2 минут

Сабақтың соңында мұғалім бағалау критерийлері мен сабақ мақсаттарына қайта оралады. Бағалау критерийлеріне қаншалықты қол жеткізгендері туралы бірге талқылайды.

Рефлексия

  • Мен ............................................... білдім.
  • Мен .................................................үйрендім.
  • Маған..............................................ұнады.
  • Маған..............................................қиындық туғызды.
  • Менің көңіл-күйім............................... .

Рефлексия парағы

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу