Пікірталас.Көркем әдебиет стилінің тілдік ерекшеліктері. Қазақ тілі, 11 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Мектеп

Мұғалімнің аты – жөні

Уақыты

Бейбітшілік, қауіпсіздік және жаһандық экономика. Шешендік сөздер

(6 сағат)

Сынып: 11Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Жаһандық экономика. Пікірталас. Көркем әдебиет стилінің тілдік ерекшеліктері

Белгілі бір оқыту мақсаты

11.1.4.1 мәтінде көтерілген мәселені, автор позициясын (қоғамдық-саяси, ғылыми) талдай отырып, негізгі ойды анықтау

Бағалау критерийі

Оқушылардың барлығы тыңдалымда мәтінде көтерілген мәселені таба алады;

Оқушылардың көбісі: автор позициясын (қоғамдық-саяси, ғылыми) талдай отырып, негізгі ойды анықтай алады;

Оқушылардың кейбірі:Тақырыпқа сай пікірталаста шешен сөйлей алады;

Ойлау дағдыларының деңгейлері:

білу, түсіну, қолдану, жоғары деңгей дағдылары (талдау, жинақтау, бағалау)

Сөйлеу әрекетінің түрлері:

Тыңдалым, айтылым

Құндылықтарды

игерту

«Мәңгілік ел» құндылығы:

Тіл және мәдениет

НЗМ құндылықтары:

Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет;

Ынтымақтастық;

Жауапкершілік;

Отбасы мүшелеріне, құндылықтарға деген құрмет.

Пәнаралық

байланыс

экономика, экология, ксм

АКТ –ны

қолдану

дағдылары

Таныстырылым, бейнефильм

Тілдік

міндеттер

Пәндік лексика мен терминология:

Оқушылар түсінеді және сипаттайды...

Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер:

Менің ойымша,... Мен оған мынадай дәлелдер кетіре аламын,...

Алдыңғы білім

Жоспар

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс - әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

5минут

Суреттер арқылы сынып топқа бөлінеді, тақырыпты болжайды.

Сабақ тақырыбы, оқу мақсаты таныстырылады.

Сабақтың ортасы

10 минут

10 минут

10 минут

Тыңдалымалды тапсырма

Жаһандық экономикаға не жатады деп ойлайсыздар? Әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауда жаһандық экономиканың маңызы бар ма?

Оқушылар 6 оқушыдан 4 топқа топтасады. Топтағы оқушылар 3 жұпқа бірігеді.

1-тапсырма

  • жұп.Мәтінде көтерілген басты мәселелерді анықтайды;
  • жұп. Автор позициясын анықтайды;
  • жұп. Автордың негізгі ойын анықтайды;

Жұптық тапсырма. «ПОПС формуласы» әдісі

Бірінші сөйлем «Біздің ойымызша,... »

• Екінші сөйлем «Себебі, біз оны былай түсіндіреміз … »

• Үшінші сөйлем «Оны біз мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламыз … »

• Соңғы сөйлем «Осыған байланысты біз мынадай қорытынды шешімге келдік ...»

Бағалау критерийі:

Тыңдалымда көтерілген мәселені (2 мәселе) табады;

Автор позициясын (қоғамдық-саяси, ғылыми) талдайды;( нақты сөйлемдер арқылы дәлелдейді)

Автордың негізгі ойын анықтайды; (дәлелдер арқылы түсіндіреді)

Қорытынды ой айтады( 1мақал- мәтелді орынды қолданады)

Тыңдалым тапсырмасы

https://www.youtube.com/watch?v=FoOMczGewMU

алғашқы 3-4 минутын тыңдайды.

Топ ішіндегі жұптар бір бірлерін екі жұлдыз бір тілек бойынша бағалайды.

2- тапсырма

Топтарға түрлі тақырып беріледі. Тақырып бойынша көркем әдебиет стилінде 2 минуттык пікірталас мәтінін дайындайды.

Тақырыптары:

1-топ.Жасыл экономика жаһандық экономикалық дамудың серпілісі бола ала ма, жоқ па?

2-топ.Жасыл экономика қауіпсіздік пен бейбітшіліктің бастауы бола ала ма , жоқ па?

3-топ. Жасыл экономиканы ауқатты болашаққа апарар жол деп есептеуге бола ма,жоқ па?

4-топ. Жасыл экономика жаһандық мәселелерді шешудің негізгі жолы ма, жоқ па?

Бағалау дескрипторы:

Тақырып бойынша пікірталас ұйымдастырады;

Көркем әдебиет стилінің тілдік ерекшеліктерін сақтайды;

Тыңдалым мәтінінен 2 аргументті сенімді қолданады;

Тірек сөздер(4-5) 2-3 тұрақты тіркес және 2 мақал қолданып, сауатты, шешен сөйлейді;

Тірек сөздер:

климаттың өзгеруі, жаһандық проблемалар, энергияны үнемдеу, қалдықтарды кәдеге жарату, биоалуандылықты сақтау, табиғи ресурстарды үнемдеу, жаңартылатын энергия көздерін енгізу, экотуризм, таза көлік, қоршаған ортаны қорғау ; халықаралық келісім, таза технологиялар, жасыл көпір серіктестік бағдарламасы

, халықаралық ұйымдар, ынтымақтастық , жаһандық сауда, сауда майданы;

Жаһандық экономикалық прогрестің өсімін тудыратыратын фактор: қайта қалпына келетін энергия көздері,электромобильдер, табиғи газбен жүретін  автомобильдер белгілі бір мұнай өнімдерінің орнын алмастыру;

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесi, БҰҰ, «Орнықты энергетика — баршаға» бастамасы

Көркемдегіш сөздер:

Азуы алты қарыс алпауыт мемлекеттер, тереземізді теңестіру, иық теңестіру, тәуекелге бел буу, белді бекем буу, айды аспаннан шығару; кәдеге асыру;

Мақал- мәтелдер: «Қолда барда алтынның қадірі жоқ, Жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас. Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен жүріп адас. Көппен көрген ұлы той. Жұмыла көтерген жүк жеңіл»

Әр топ 2 минуттық айтылым жасайды. Басқа топтар тыңдайды. Топтар бір- бірін бағалайды.

https://www.youtube.com/watch?v=FoOMczGewMU

жасыл экономика

алғашқы 3-4 минут

Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс: Тыңдалым мәтінінде көтерілген мәселені таба алдық па? Тыңдалымдағы автор позициясын (қоғамдық-саяси, ғылыми) талдай отырып, негізгі ойды анықтауда қандай қиындықтар болды? Көркем әдебиет стилінде айтылым жасай алдық па? Шешен сөйлеудің қиындықтары неде?

Қосымша ақпарат

Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-ны қолдану

Құндылықтар мен байланыс

(тәрбие элементі)

Коммуникативті дағдыларын дамытумақсатындақұрылғантоптар/жұптар қабілеті төмен оқушыларды қабілеті жоғары оқушылардың қолдау көрсетуін меңзейді. Мұғалім талқылау үрдісі кезінде барлық оқушылардың бірегей қатысуын қадағалау тиіс.

Дәйекті дәлелдерге ғана негізделген қорытындыға жетудің мағынасының мәні, сыныптағы қабілеті төмен оқушы дәлелдерге негізделе отырып кем дегенде өзін ойын білдіре алады, ал қабілеті жоғары оқушы тәуелсіз, негізгі жауап береді.

Топтар арасында жұмыс жасау, талқылауды тыңдау немесе талқылауға көмек беру, қажетіне қарай топтар немесе жеке оқушыларға қолдау көрсету, марапаттау

Талқылауды бақылауда оқушылардың жалпы реформаның маңызын түсінудің деңгейін бағалау

Пәнаралық байланыс: география

Белсенді оқыту әдістерін қолдану,

Оқушылардың жас ерекшелігін сақтау, еліміздің патриоты бола білетін, салауатты өмір салтымен жүретін және саналы да білімді оқушыны дайындау

Рефлексия

Сабақмақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге астыма? Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақ бағанда келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың оданда жақсы өтуіне ықпалын тигізеді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу