Шешендік сөздер. Қазақ тілі, 11 сынып, қосымша материал.


АСТАНА.

ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының Нью-Йоркте өтетін мерейтойлық 70-ші сессиясына осы ұйымның Бас хатшысы Пан Ги Мунның шақыруымен қатысу үшін Нью-Йоркке барды. Мемлекет басшысы Бас Ассамблеяның Жалпы пікірсайысы барысында баяндама жасайды, БҰҰ Мыңжылдық даму мақсаттарын жүзеге асыру жөніндегі саммитке және 2030 жылға дейінгі Орнықты даму мақсаттарын қарауға, сондай-ақ зорлық-зомбылық экстремизмімен күрес жөніндегі саммитке қатысады деп күтілуде. 1992 жылдан бері ҚР Президенті Нью-Йорктені БҰҰ штаб-пәтерінде 10-нан аса рет болып, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы жұмыстарына қатысты. «ҚазАқпарат» ХАА Қазақстанның Тәуелсіздігі жылдарында БҰҰ Бас Ассамблеясының мінберінен Н. Назарбаевтың әлемдік қоғамдастыққа Қазақстан атынан көтерген негізгі бастамаларын оқырман назарына ұсынып отыр. 47-сессия (1992 жылдың 5 қазаны) БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Қазақстанның халықаралық саясаты туралы айта келіп, екі маңызды ұсынысты алға тартқан болатын. Оның біріншісі - барлық үкіметтердің ізгі ниет білдіру тәртібімен "бір+бір" формуласы бойынша БҰҰ-ның бітімгершілік күш-жігерінің қорын құруды бастау. Бұл формула әрбір мемлекет оған өзінің қорғаныс бюджетінен бір пайыз бөліп, жыл сайын оны бір пайызға ұлғайтып отыруды көздейді. Осылай еткенде он жылдан соң бітімгершілік сомасы он есеге өседі. Екінші ұсынысы - Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесін (АӨСШК) шақыру. Мемлекет басшысының бұл бастамасы көпшілік елдер тарапынан, сондай-ақ БҰҰ-дан қолдау тауып, Қазақстанның сыртқы саясатын айқындауда айтарлықтай рөл атқарды. БҰҰ-ның 50 жылдығына арналған сессия (1995 жылғы 22 қазан) - БҰҰ-ны тұжырымды жаңартуды жалғастыру, Қауіпсіздік Кеңесі рөлін күшейту; - өңірлік және жаһандық қауіпсіздік жүйелерінің өзара іс-қимылдарын нығайту қажеттілігі; - Арал теңізін құтқаруда әлемдік қоғамдастықтың күш-жігерін біріктіру маңыздылығы. БҰҰ БА-ның 19-шы арнайы сессиясы (1997 жылдың маусымы) Президент Н. Назарбаев кезекті рет әдемдік қоғамдастықтың назарын экологиялық өзекті проблемаларға аударды. Бұл Арал теңізі маңындағы және бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонындағы экологиялық жағдай мәселелері көтеріді. 1997 жылдың желтоқсанында БҰҰ Бас Ассамблеясы халық пен экологияны сауықтыру, сондай-ақ Қазақстандағы Семей өңірінің экономикалық дамуы мақсатында халықаралық ынтымақтастық пен үйлестіру қызметі туралы қарарды қабылдады. БҰҰ БА-ның мыңжылдық саммиті (2000 жылдың 6-7 қыркүйегі) Ауған мәселесін реттеу ісінде тиімді нәтижелердің болмай отырғандығына алаңдаушылық білдірген Президент Н.Назарбаев 2000 жылғы қыркүйекте өткен БҰҰ Мыңжылдығының саммиті кезінде ауған мәселесін тұрақтандыру жөніндегі нақты іс-шараларды әзірлеу үшін Ауғанстан мен Орталық Азиядағы жағдайды қарауға арналған Қауіпсіздік Кеңесінің арнайы отырысын шақыруды алға тартты. Мұндай отырыс халықаралық қоғамдастықтың бірқатар кең ауқымды саяси, экономикалық және гуманитарлық шараларын қабылдауына, мүдделі елдердің ауған проблемасына жаңаша көзқараспен қарауына ықпал ететіні айтылды. 62-ші сессия (2007жылдың 25 қыркүйегі) - Әлемдік қоғамдастықты Қазақстанның тәжірибесіне еріп, ядролық қарудан бас тартуға шақыру; - Тұрақты даму жөніндегі Йоханнесбург саммитінде ұсынылған Қазақстан бастамасына назар аударылды және БҰҰ аясында Әлемдік экологиялық проблемалар реестрін жасау тағы бір рет ұсынылды. Бұл құжат экологиялық апаттарға қарсы күрес тетіктерін әзірлеуге көмектеседі; - 2003 жылғы Жер саммитіндегі секілді тағы да Аралды құтқарудың халықаралық қорына БҰҰ институтының мәртебесін беру ұсынысы; - БҰҰ аясында Жаһандық энергиялық-экологиялық стратегияны әзірлеу бастамасы; - Энергия тасымалдаушылардың тұтынушыларға жеткізілімін одан әрі әртараптандыру, сондай-ақ энергия ресурстарын өндірушілер үшін кепілдік беру мақсаттарында Қазақстан Энергия жеткізілімдерінің Еуразиялық тұрақтылық пактісін қабылдау ұсынылды. 64-ші сессия (2009 жылдың 2 желтоқсаны) Қазақстан әлемде өлшемі бойынша төртінші ядролық арсеналдан өз еркімен бас тартқан мемлекет ретінде үлкен беделге ие. Мемлекетіміз Ядролық қаруларды сынауға тыйым салу туралы келісімнің белсенді қатысушысы болып табылады және оның тез арада күшіне енуін қолдайды. 2009 жылы Қазақстан бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы 64/35 қарарын бірауыздан қабылдап, 29 тамызды Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні деп жариялады. 66-шы сессия (2011 жылдың 21 қыркүйегі) Мемлекет басшысы сессияға қатысушылардың назарын мына төмендегі аспектіге аударды. Біріншіден, бұл жаһандық ядролық қауіпсіздік мәселесі. Қазақстан Жалпыға бірдей ядросыз әлем декларациясын әзірлей бастауды ұсынады. Барлық елдердің таратпау саласындағы міндеттемелеріне БҰҰ мен МАГАТЭ-нің құқықтық базасын кеңейтіп, халықаралық бақылауды арттыру қажет. Екінші. Экономикалық үдерістердің жаһанданудағы деңгейінің өсуі БҰҰ қызметінің экономикалық құрамдасындағы парадигмалардың ауысуы қажеттігін талап етеді. Әлемдік құрылымдардың валюталық және сауда-экономикалық реттеу саласындағы жұмысының басты мазмұны әлемдік дағдарыстарды болжау және оның себептерін жою болуы тиіс. Барлық құрылымдар мен қатысушылардың нақты құқықтары мен жауапкершілік нормалары көрсетілген, тиімді әлемдік резервтік валютасы бар, алыпсатарлық капиталға қатаң бақылау орнатылған жаһандық экономикалық басқарудың тиімді механизмін құру маңызды. Бұл орайда жаһандық реттеу туралы Пакті әзірлеу идеясы өзекті. Үшінші. Ақпараттық кеңістік - бұл адамзаттың болашағы үшін жер байлығы, әуе мен су әлемі, ғарыш сияқты маңызды сала. Жаһандық ақпараттық кеңістіктің халықаралық құқықтық базасын қалыптастыру қажеттілігі туралы бастамасы. Төртінші. Нұрсұлтан Назарбаевтың 1992 жылы қозғаған, яғни БҰҰ-ның бітімгерлік күштері қорын құру туралы ұсынысы өзекті бола түсуде. Тарих беттерінен көріп отырғандай, Н. Назарбаевтың БҰҰ мінберінен көтерген бастамаларының көбісі нақты жүзеге асты. Бүгінде әлемдік қоғамдастық Қазақстанды Орталық Азиядағы тұрақтылық пен тыныштықтың мекені ретінде қарастыруда. Мемлекетіміз өз аумағында ұлтаралық және конфессияаралық бейбітшілікті сақтай отырып, халықаралық ауқымда дінаралық және өркениетаралық диалогты нығайту мен дамытуға сүбелі үлес қосуда. Бүгінде Астана мен Қазақстан Президентінің халықаралық қақтығыстарды реттеуге қосып жүрген қомақты үлесін әлем мойындап отыр. Жоғарыда атап өтілген бастамалар - Тәуелсіздік жылдарындағы Н. Назарбаевтың көтерген барлық игі ұсыныстарының бір бөлігі ғана. Бұл бастамалар халықаралық қауіпсіздік пен келісімді нығайтуға ықпал етуде. Атап айтқанда, Қазақстан Президентінің халықаралық ынтымақтастықты дамыту бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының Нью-Йоркте өтетін мерейтойлық 70-ші сессиясында ұсынатын жаңа бастамалары да өзектілігімен Қазақстанның мәртебесін еселей түсетіні анық.

Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/kazakstan-zhane-buu-beybitshilik-kauipsizdik-zhane-damu-zholyndagy-ariptestik_a2822164



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу