Сөз мәдениеті және шешендік өнер. Қазақ тілі, 10 сынып, презентация. 5 сабақ.
Сабақтың тақырыбы:Шешендік сөз және сөйлеу мәдениеті
Оқу мақсаты: Ж6. Әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, хат, әңгіме, шығарма, т.б.) ұсына білу
Сабақ мақсаты: Жазба жұмыстарында көркемдегіш құралдарды ұтымды қолдану арқылы шығармашылық жұмыстар ұсыну
Бағалау критерийі:
Көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыс жазады.
Миға шабуыл : «Сөз бұлты»
Оқушылар «Шешендік сөз өнері» тақырыбына байланысты сөздер мен сөз тіркестерін «Сөз бұлтына» жазады. Екі топқа бөлініп «Сөз бұлтында» берілген идеяларды топтастырады. Топ мүшелері жазғандарын тақтаға іледі. Әр топтың лидері шығып, шешен және шешендік сөздердің анықтамасын толық айтып шығады.1-тапсырма :«Кубизм» стратегиясы
1.Суреттеңіз : кубиктің осы беті түскен сәтте «Шешендік сөз – өнер падишасы» тірек – сызба бойынша шешендік жанрының шешендік толғау, шешендік арнау, шешендік дау түрлерін түсіндіреді.
2. Салыстырыңыз: Шешендік сөзбен шешендік өнерді салыстыра қарастыру .
3.Зерттеңіз: тақырып бойынша оқушылар өз білгенін ортаға салады. Зерттеушілер тобынан төмендегі сұрақтар қойылады.
1.Қазақ халқы шешенді неліктен дана деп санаған?
2. «Өнер алды – қызыл тіл» деген мақалдың мәнін қалай түсінесің?
3.Шешеннің жүйрік ой – толғауы тыңдаушы талғамына тәуелді ме?
4.Қолданыңыз
Тірек – сызба негізін әдебиет теориясымен байланысты талдайды.5.Талдаңыз: Шешендік сөздерден мысалдар келтіре отырып, «сөз саптау» үлгілеріне талдау жасайды. Шешендік өнерді зерттеген М.Әуезовтің «Бас мінесу» деп атаған айтыс – тартыстың сөз саптауындағы үлгісінен мысалдар келтіреді. Өзіндік пікір қорытады.
6.Қолдаңыз не қарсы шығыңыз : Сұрақтар төңірегінде ой бөліседі
1.Сөз қадірін білген, біреудің айтайын деген ойын емеурінінен таныған, халықтың қазіргі ұрпағының сөйлеу дәрежесі қандай?
2.Шешен нені біліп, неден сақтануы керек?
2-тапсырма :«Ұшқыр қалам» әдісі
Сынып оқушылары қадамдық тапсырмаларды орындап болғаннан кейін екі топқа бөлінеді. Бірінші топ мүшелері бес жолды өлең , екінші топ мүшелері өздері қалаған бір шешен-биге хат жазады.1- топ: бес жолдан тұратын қорытындылау өлеңін жазу : 1. Зат есім: Шешен 2.Сын есім: Шешендік сөз 3.Етістік: Айтысады. Тартысады. Шешіледі. 4.Шешендік сөз – ұлттық өнер 5.Шешендік сөз – ұлттық өнер падишасы .
2-топ: Суреттегі билердің бірін таңдап, бүгінгі заман жастары атынан шешен-биге хат жазу.
Бағалау критерийі
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды