Көркем әдебиет тілінің ерекшеліктері. Қазақ тілі, 10 сынып, презентация. 6 сабақ.


Рольдік ойын:

Жүргізуші: Бұл «Дұрыс сөйлейік!» атты бағдарлама.

Бүгінгі бағдарламамыз көркем әдебиет стилі жайлы болмақ. Яғни көркем әдебиет стиліндегі сөз бедері жайлы айтсақ.

Тіл маманы: Кез келген стильде болатын тіл бедерінің айырым белгілері, айырмашылығы сияқты көркем әдебиет тілінің де сөз бедері ерекше болады. Көркем әдебиет тілі бедерінің ерекшелігі бір-ақ нәрсе! Ол – образ, бейне.

Қатысушы: Бір лауазымды адамның жұмыс үстелінде әсемделген, әдеміленген, безендіріп жасалған базарлық ретінде берген тайқазанның кішкентай көшірмесі болды. Мен ол кісіден бұл не екенін сұрадым. Ол кісі «котел» - деді. Ал  қазақта ол – Тайқазан. Бұны қалай түсінідересіз?

Тілші, әдебиетші ғалым: Тайқазан деген ол - образ. Образ. Мысалы, сол тайқазанды сыйлаған адам, ол кісіге қазаның толы болсын, ырысты болсын, Алладан береке болсын, нәсібің көп болсын дегенді меңзеп сыйлады. Ал ол кісі оны «котел» деді. Көрдіңіз бе?

Қатысушы: Сонда ол адам осы тайқазанның қазақ мәдениетінде нені білдіретінін білмейтін адам ба?

Тілші, әдебиетші ғалым: Иә, оның мәні несібе, ырыс, береке, бірлік туралы екенін ұғынбай қалуы мүмкін. Сондықтан көркем әдебиет стиліндегі мәтіндерді түсіну үшін немесе сол стильде өзіміз мәтін тудыру үшін осындай бір көркем әдебиет стилінің ерекшеліктерін білуіміз керек.

Жұпта талқыла.

1-тапсырма. Жеке жұмыс.

Оқушыларға https://kitap.kz/book/60_korkem_adebiet_tilining_soz_bederi сілтемесінен алынған «Көркем әдебиет тілінің сөз бедері» атты мәтін ұсынылады.

БАҚ материалдарынан алынған қысқаша мәтінді оқы;

Мәтіндегі стильдік ауытқулар мен орынсыз сөз қолданыстарын анықта;

Жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөл;

Ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйеле;

Логикалық және стильдік түзетулер енгізіп, редакциялау нәтижесінде табылған ауытқуларды түзетіп жаз.

Жазу барысында сөйлем ішіндегі даралаушы, ерекшелеуші, ойдың аражігін ажырататын тыныс белгілерді ережеге сай қолдануды ескеріңдер.

Жазылымнан кейінгі тапсырма.

Жұпта өз жазбаңмен бөліс;

Оны оқырманға қызықты ету үшін қалай өзгертуге болатыны туралы пікір айт;

Абзац атауларымен бөл немесе сөйлемдер санын өзгерт

Кері байланыс:

Төмендегі сұрақтарға жауап бере отырып, өзіңе және жұбыңа кері байланыс бер.

Мәтінді түзетуде не байқадыңыз?

Мәтінді редакциялауда не маңызды және неге маңызды болды?

Мәтінді редакциялау сіз үшін қаншалықты пайдалы болды?

Мәтіндегі тыныс белгілердің, әсіресе, сөйлем ішіндегі даралаушы, ерекшелеуші, ойдың аражігін ажырататын тыныс белгілердің рөлі қандай?

Жазылым жұмысыңды өзге оқушының жұмысымен алмастыра отырып оқы.

Жұбыңа кері байланыс бер.

Рефлексия.

Үйге тапсырма: Қосымша ақпараттардан өзіңе ұнаған бөлігін айтылымға дайындап кел.

Үйге тапсырма:

Қосымша ақпараттардың өзіңе ұнаған бөлігін айтылымға дайындап кел.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу