Көркем әдебиет тілінің ерекшеліктері. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары. 6 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

9. Сөз мәдениеті және шешендік өнер.

Пунктуация

Мектеп:

Пән: қазақ тілі

Күні:

Мұғалімнің аты- жөні:

Сынып: 9

Қатысқан оқушылар саны:

Келмегендер:

Сабақ тақырыбы

Көркем әдебиет тілінің ерекшеліктері.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.3.7.1 Жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізу, редакциялау.

Сөйлем ішіндегі даралаушы, ерекшелеуші, ойдың аражігін ажырататын тыныс белгілерді ережеге сай қолдану.

Сабақ мақсаты:

Мәтінді дұрыс жүйелеп, абзац пен бөліктерге бөліп, логикалық және стильдік түзетулер енгізіп, редакциялайды.

Сөйлем ішіндегі даралаушы, ерекшелеуші, ойдың аражігін ажырататын тыныс белгілерді ережеге сай дұрыс қолданады.

Бағалау критерийлері

Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

Мәтінді дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізіп, редакциялайды.

мәтіннің мазмұнын түсінеді;

мәтінді абзац пен бөліктерге бөледі;

ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелейді;

логикалық және стильдік түзетулер енгізіп, редакциялайды;

сөйлем ішіндегі даралаушы, ерекшелеуші, ойдың аражігін ажырататын тыныс белгілерді ережеге сай дұрыс қолданады;

Тілдік міндеттер

Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер:

Мен мынадай дәлелдер келтіремін... Оның себебін... деп түсіндіремін. Біздің пікірімізше.... Олай ойлауға ..... себептер бар. Бұл сабақта оқушылар сын тұрғысынан ойлау арқылы өзіндік пікірін білдіреді және дәлелдемелер келтіреді.

Негізгі тақырып бойынша лексикалық минимум: сөз мәдениеті, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін көтеру, тілдік амалдар, тіл мәдениеті, пікірлесудегі мәдениет тірегі

Неге? Қалай? Қашан? сұрақтарын пайдалану арқылы айтылым алды дайындық сөйлесуін жүргізеді.

Мен осы көзқараспен келісемін/келіспеймін. Өйткені ...

Құндылықтарды дарыту

 

  • өмір бойы оқу- білімін тереңдету, қажетті материалдарға талдама жасау
  • азаматтық жауапкершілік пен патриоттық рух -сабақ мәнмәтінінде көтерілген мәселеге «Көркем әдебиет тілі бедерінің ерекшелігі» тақырыбында сыни ойларын арттыру
  • ынтымақтастық: бір-бірін қолдау, өзгенің пікірін сыйлау
  • жұптық және топтық жұмыстар орындау барысында өзіне және айналадағы адамдарға деген құрмет;
  • өз пікірін білдіру барысындағы ашықтық;

Пәнаралық байланыс

Мәтін мәнмәтінінде әдебиетпен, елтанумен, этнографиямен байланысты танымдық ақпараттар беріледі

АКТ –ны қолдану дағдылары

Интерактивті тақтадан бейнебаян көру арқылы тыңдалым дағдысы жетілдіріледі, назарын шоғырландырып дағдыланады

Алдыңғы білім

Өткен сабақта өз тобында берілген мәтіндер бойынша өзінің жазып келген сыни ойымен бөліседі.

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурс

тар

Сабақтың басы

5 мин

Қызығушылықты ояту

Рольдік ойын:

Жүргізуші: Бұл «Дұрыс сөйлейік!» атты бағдарлама.

Бүгінгі бағдарламамыз көркем әдебиет стилі жайлы болмақ. Яғни көркем әдебиет стиліндегі сөз бедері жайлы айтсақ.

Тіл маманы: Кез келген стильде болатын тіл бедерінің айырым белгілері, айырмашылығы сияқты көркем әдебиет тілінің де сөз бедері ерекше болады. Көркем әдебиет тілі бедерінің ерекшелігі бір-ақ нәрсе! Ол – образ, бейне.

Қатысушы: Бір лауазымды адамның жұмыс үстелінде әсемделген, әдеміленген, безендіріп жасалған базарлық ретінде берген тайқазанның кішкентай көшірмесі болды. Мен ол кісіден бұл не екенін сұрадым. Ол кісі «котел» - деді. Ал  қазақта ол – Тайқазан. Бұны қалай түсінідересіз?

Тілші, әдебиетші ғалым: Тайқазан деген ол - образ. Образ. Мысалы, сол тайқазанды сыйлаған адам, ол кісіге қазаның толы болсын, ырысты болсын, Алладан береке болсын, нәсібің көп болсын дегенді меңзеп сыйлады. Ал ол кісі оны «котел» деді. Көрдіңіз бе?

Қатысушы: Сонда ол адам осы тайқазанның қазақ мәдениетінде нені білдіретінін білмейтін адам ба?

Тілші, әдебиетші ғалым: Иә, оның мәні несібе, ырыс, береке, бірлік туралы екенін ұғынбай қалуы мүмкін. Сондықтан көркем әдебиет стиліндегі мәтіндерді түсіну үшін немесе сол стильде өзіміз мәтін тудыру үшін осындай бір көркем әдебиет стилінің ерекшеліктерін білуіміз керек.

Бүгінгі сабақтың тақырыбы, оқу, сабақ мақсаттары болжанады.

Кері байланыс. Бұрынғы білетін білімдерін еске түсіру және алдағы жұмыстарды жоспарлау

Оқушы дәптері

А4, маркерлер

Сабақтың ортасы

15 мин

10 мин

Мағынаны тану.

Жазылым алдындағы тапсырма.

1-тапсырма. Жұпта талқыла.

Жазылым тапсырмасы.

Оқушыларға https://kitap.kz/book/60_korkem_adebiet_tilining_soz_bederi сілтемесінен алынған «Көркем әдебиет тілінің сөз бедері» атты мәтін ұсынылады.

2-тапсырма. Жеке жұмыс.

  • БАҚ материалдарынан алынған қысқаша мәтінді оқы;
  • Мәтіндегі стильдік ауытқулар мен орынсыз сөз қолданыстарын анықта;
  • Жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөл;
  • Ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйеле;
  • Логикалық және стильдік түзетулер енгізіп, редакциялау нәтижесінде табылған ауытқуларды түзетіп жаз.
  • Жазу барысында сөйлем ішіндегі даралаушы, ерекшелеуші, ойдың аражігін ажырататын тыныс белгілерді ережеге сай қолдануды ескеріңдер.

Жазылымнан кейінгі тапсырма.

Жұптарда оқушылар өз жазбаларымен бөліседі және оны оқырманға қызықты ету үшін қалай өзгертуге болатыны туралы пікір айтады. Оқушылар қабілеттеріне байланысты абзац атауларымен бөледі немесе сөйлемдер санын өзгерте алады.

Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

Мәтінді дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізіп, редакциялайды.

мәтіннің мазмұнын түсінеді;

мәтінді абзац пен бөліктерге бөледі;

ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелейді;

логикалық және стильдік түзетулер енгізіп, редакциялайды;

сөйлем ішіндегі даралаушы, ерекшелеуші, ойдың аражігін ажырататын тыныс белгілерді ережеге сай дұрыс қолданады;

Кері байланыс:

Оқушы төмендегі сұрақтарға жауап бере отырып, өзіне және жұбына кері байланыс береді..

  • Мәтінді түзетуде не байқадыңыз?
  • Мәтінді редакциялауда не маңызды және неге маңызды болды?
  • Мәтінді редакциялау сіз үшін қаншалықты пайдалы болды?
  • Мәтіндегі тыныс белгілердің, әсіресе, сөйлем ішіндегі даралаушы, ерекшелеуші, ойдың аражігін ажырататын тыныс белгілердің рөлі қандай?
  • Жазылым жұмысыңды өзге оқушының жұмысымен алмастыра отырып оқы.
  • Жұбыңа кері байланыс бер.

Оқылым таратпа материалдары

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия.

Үйге тапсырма: Қосымша ақпараттардан өзіңе ұнаған бөлігін айтылымға дайындап кел.

Дифференциация – қалай жүзеге асырылды.

Көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Мақал- мәтелдерді қолдандыруға көбірек көңіл бөлу. Селқостық танытатын оқушыларға көшбасшылық қызмет жүктеу.

Қабілетті оқушыларыңызға қандай жоспар құрған болар едіңіз?

Қабілетті оқушыларға зерттеу, жинақтау тапсырмаларын беруге баса назар аудару

Бағалау.

Сіз оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау критерийлері мен дескрипторлар бойынша

топ топты бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау;

Жайлы атмосфера қалыптастыру

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары Оқыту мақсаттары шынайы болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсаттарына жетті ме? Егер оқу мақсаттарына жетпесе, неге?

Сабақта дифференциация дұрыс жүзеге асты ма?

Сабақ кезеңдері уақытқа сәйкес келді ме?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін қолданыңыз. Сабағыңызға қатысты деген сол жақта келтірілген ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы бағалау

Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуғажәнеүйренугеқатысты

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (оқыту мен оқуға қатысты ойланыңыз)

1:

2:

Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқыту мен оқуға қатысты ойланыңыз)

1:

2:

Осы сабақтың барысында мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы қандай ақпаратты білдім?

Көркем әдебиет тілінің сөз бедері

- Айтыңызшы, осы көркем әдебиетте тайқазан жайлы айтылғанда, міндетті түрде береке, бірлік қосымша жүреді. Тайқазан...тайқазанның символы ретінде. Неліктен? - Иә, неліктен тайқазанға тура осы ұғымдар телінген деп отырсыз ғой? Дұрыс. Қызық болар біздің тыңдарманымыз үшін де. Тайқазан деген өзі атында тұр. Бір тайдың еті сыйып кететін қазан. Енді былай қарасаң, бір тайдың еті сыйып кететін қазан кімге дайындалады? Ол бүкіл ауыл-аймақ, айналадағы бүкіл ағайын-туысқа өзі бір ауыл, бір туыстық, туыстық қатынастағы топ болып отыратын ғой қазақтың дәстүрлі мәдениетінде. Сонда тайқазан дегенде үлкен бір әулетті, үлкен бір әулетті бір асқа шақырғанда, сол пайдаланылатын қазан ғой. Ал енді тайқазан деген кезде қазір барлық қазақтың санасында бір-ақ тайқазан тұрады. Ол – Түркістанда, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде тұрған тайқазан. Оның сыртында, бірнеше рет араб әріптерімен кәдімгі Құранның сөздері жазылған я? Осы тайқазан қасиетті тайқазан болып саналады. Өйткені Түркістан – қазақ хандарының резиденциясы. Ол Мәскеудегі Қызыл алаң сияқты, Франциядағы Елисейские... Елисей алаңы, Елисейские поля дейді ғой, сол сияқты немесе Петр тұсындағы Петербургтағы Петроград сияқты, Петергоф сияқты немес Лондондағы... -Big Ben? -Жоқ. West…Westminster…Westminster соборы сияқты. Яғни әлгі бүкіл династия билік құрған әулет отыратын резиденция, Түркістан соның символы біздегі. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі. Оның символ болатыны бүкіл соның айналасында, соның ішінде бүкіл хандарымыз жатыр я? Ал қазақ хандығы дәуірінде сол жерде бүкіл хандар басын қосқан. Сонда әр қазақ хандығының құрамындағы әр рудан келген билеушілер сол қазанға өздерінің найзаларын тіреп қойған. Ол деген біз – бірліктеміз, біз – бірміз, біздің несібеміз – бір. «Біз – бір әулеттің балаларымыз» - дегеннің символы. Міне, сондықтан да тайқазан деген кезде, біз бірлік туралы ойлаймыз, несібе туралы ойлаймыз. Өйткені сіз бір тайқазанға сыятындай ас Алладан ғана болмаса, өзіңіз таба алмайсыз ғой деген сияқты... Міне, осындай біздің мәдениетімізде тарихи түрде қалыптасқан осындай символ бар. Осындай дүниеліктер көркем әдебиет мәтінінде көп болады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу