Қазіргі әлемдегі саясат және жаһандық мәселелер. Қазақ тілі, 10 сынып, қосымша материал. 7 сабақ.


Ғаламшар халқын азықпен қамту оңайға соқпайды

Елбасы пленарлық отырыста сөйлеген сөзінде Астана экономикалық форумына қатысу көпшілік үшін игі дәстүрге айналғанын атап өтті.– Он бірінші рет өткізіліп отырған бұл форум экономиканың, инвестицияның және инновацияның мейлінше өзекті мәселелерін талқылауға арналған. Осы орайда осында келген қонақтарымызға, жалпы біздің азаматтарға зор алғыс білдіремін. 11-ші рет форум әлемдік экономиканың инвестициялары мен инновацияларының ең маңызды мәселелерін талқылау алаңына айналып отыр. Былтырғы форумнан бері біз әлемдегі орасан зор өзгерістердің куәсі болдық. Жаңа қайшылықтар, текетірестер пайда болуда, мемлекеттер арасында өзара келісімге келу қиындап барады. Әсіресе үлкен мемлекеттер арасында. Өзара сенбеушілік, қарсыластықтың ұстанымын түсінуді қаламау жиі орын алуда. Бұл әлем үшін өте күрделі кезең, – деген Н.Назарбаев осы тектес қиындықтарға қатысты мәселелерді әділ және объективті түрде талқылау мүмкіндігі адамзат үшін өте маңызды екенін атап көрсетті. 

– Биылғы форум жаһандық сын-тегеуріндерге лайықты жауап табу мәселелерін де қарастырады. Сәйкесінше, форумда осы салалардағы білікті мамандар жиналып отыр. Олардың сөзін тыңдау ұсыныстарын пайдалану біз үшін қашанда маңызды, – деді Қазақстан Президенті.Елбасы атап көрсеткендей бүгінде адамдардың ұзақ өмір сүруі халық санының қарқынды көбеюі әлемдік экономиканың маңызды факторына айналып отыр.

– Ғаламшар тұрғындары саны жылдам өсіп келеді. Соңғы онжылдықтағы ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктері адам өмірінің орташа ұзақтығын айтарлықтай ұлғайта түсті. Соңғы 70 жылда ол 23 жылға, яғни 48-ден 71 жасқа дейін өсті. Қазақстанда бұл көрсеткіш тек тәуелсіздік жылдарының ішінде ғана 65 жастан 72,5 жасқа жетті деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысының сөзінде айтылғандай, қарқынды демографиялық өзгерістерге байланысты туындаған мәселелер тиісінше күрделі шешімдердің қабылдануын талап етеді. Үстіміздегі ғасыр ортасына қарай жер шарын мекендейтін 10 млрд халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін қазіргі деңгейден 60 пайызға көп азық-түлік өндіруге тура келмек. Ал ғаламшардағы базалық ресурстардың шектеулі екендігін, әсіресе таза су тапшылығының жыл санап артып бара жатқанын ескерсек, бұл оңай міндет емес. Бұл проблеманы еңсеру үшін ауыл шаруашылығы секторын экономиканың ең озық технологиялық саласына айналдыру керек. Сол себепті бүгінде Қазақстан заманауи технологияларды пайдалану арқылы агроөнеркәсіп кешеніндегі өсімді 2 есеге арттыру міндетін алға қойып отыр.

– Тағы бір сын-тегеурін – адамдардың қартаюына байланысты зейнетақы жүйесін, әлеуметтік қамсыздандыру жүйелерін түбегейлі қайта құру қажеттігінде. Бұл аталғандар демографиялық шындыққа сай болуы тиіс, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ғаламшар халқын азықпен қамту оңайға соқпайды

Мемлекет басшысы пленарлық отырыста сөйлеген сөзінде Астана экономикалық форумына қатысу көпшілік үшін игі дәстүрге айналғанын атап өтті.– Он бірінші рет өткізіліп отырған бұл форум экономиканың, инвестицияның және инновацияның мейлінше өзекті мәселелерін талқылауға арналған. Осы орайда осында келген қонақтарымызға, жалпы біздің азаматтарға зор алғыс білдіремін. 11-ші рет форум әлемдік экономиканың инвестициялары мен инновацияларының ең маңызды мәселелерін талқылау алаңына айналып отыр. Былтырғы форумнан бері біз әлемдегі орасан зор өзгерістердің куәсі болдық. Жаңа қайшылықтар, текетірестер пайда болуда, мемлекеттер арасында өзара келісімге келу қиындап барады. Әсіресе үлкен мемлекеттер арасында. Өзара сенбеушілік, қарсыластықтың ұстанымын түсінуді қаламау жиі орын алуда. Бұл әлем үшін өте күрделі кезең, – деген Н.Назарбаев осы тектес қиындықтарға қатысты мәселелерді әділ және объективті түрде талқылау мүмкіндігі адамзат үшін өте маңызды екенін атап көрсетті. 

– Биылғы форум жаһандық сын-тегеуріндерге лайықты жауап табу мәселелерін де қарастырады. Сәйкесінше, форумда осы салалардағы білікті мамандар жиналып отыр. Олардың сөзін тыңдау, ұсыныстарын пайдалану біз үшін қашанда маңызды, – деді Қазақстан Президенті.Елбасы атап көрсеткендей, бүгінде адамдардың ұзақ өмір сүруі, халық санының қарқынды көбеюі әлемдік экономиканың маңызды факторына айналып отыр.

– Ғаламшар тұрғындары саны жылдам өсіп келеді. Соңғы онжылдықтағы ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктері адам өмірінің орташа ұзақтығын айтарлықтай ұлғайта түсті. Соңғы 70 жылда ол 23 жылға, яғни 48-ден 71 жасқа дейін өсті. Қазақстанда бұл көрсеткіш тек тәуелсіздік жылдарының ішінде ғана 65 жастан 72,5 жасқа жетті, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысының сөзінде айтылғандай, қарқынды демографиялық өзгерістерге байланысты туындаған мәселелер тиісінше күрделі шешімдердің қабылдануын талап етеді. Үстіміздегі ғасыр ортасына қарай жер шарын мекендейтін 10 млрд халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін қазіргі деңгейден 60 пайызға көп азық-түлік өндіруге тура келмек. Ал ғаламшардағы базалық ресурстардың шектеулі екендігін, әсіресе таза су тапшылығының жыл санап артып бара жатқанын ескерсек, бұл оңай міндет емес. Бұл проблеманы еңсеру үшін ауыл шаруашылығы секторын экономиканың ең озық технологиялық саласына айналдыру керек. Сол себепті бүгінде Қазақстан заманауи технологияларды пайдалану арқылы агроөнеркәсіп кешеніндегі өсімді 2 есеге арттыру міндетін алға қойып отыр.

– Тағы бір сын-тегеурін – адамдардың қартаюына байланысты зейнетақы жүйесін, әлеуметтік қамсыздандыру жүйелерін түбегейлі қайта құру қажеттігінде. Бұл аталғандар демографиялық шындыққа сай болуы тиіс, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу