Адам өмірін сақтау. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспарыны

Пән: қазақ тілі Т1

Мектеп: ЖББМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Асабаева А.М.

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

  • Бөлім

Адам өмірін сақтау

Оқу бағдарламасына сілтеме

10.Ж4. Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу (дискуссивті эссе)

Оқу мақсаттары

  • Барлығы эссе жаза алады.
  • Көпшілігі қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды дұрыс қолданады.
  • Кейбірі көтерілген мәселе бойынша дискуссивті эссені дұрыс жазады.

Бағалау критерийі

Дискуссивті эссе жазу үшін қажетті клишелерді қолданады.

Көтерілген мәселе бойынша бірнеше аргумент келтіреді.

Мәселе бойынша дәлелдерді аргументтерге сай талдайды.

Құндылықтар

Адам денсаулығын қорғау және сақтау, адамға қауіп төнген сәтте көмекке дайын болудың маңыздылығын білу.

Тілдік мақсаттар

Адам өмірін сақтау, қол ұшын беру, жанашырлық, медицина мүмкіндіктері, донорлық, мұқтаж жандар.

Алдыңғы білім

Жоспар бойынша

Жоспар

Уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Қызығушылықты ояту:

Мұғалім оқушыларға эссе тақырыбы мен клишелерді түсіндірместен бұрын донорлық туралы суреттер көрсетіп, сұрақ-жауап ұйымдастырады.

Таратпа жазу парақтары

Сабақтың ортасы

30-35 минут

Мағынаны ажырату

Ойқозғау.

Жазылым алды тапсырмасы. Бейнематериал көрсетіледі, донорлық қан құюдың жағымды/жағымсыз жақтары жайында ойлану тапсырылады.

Тапсырма:

Донорлық қан құюдың салдары адам өміріне, денсаулығына қалай әсер етуі мүмкін? Әрқашан пайдасын тигізе ме әлде керісінше болуы мүмкін ме? Осы көзқарастардың бірін таңдап, дискуссивті эссе жазыңыз (200-220 сөз)

Эссе жазу барысында төмендегі ережелерді негізге алыңыз:

  • Дискуссивті эсседе тезис қарсы пікір туындататындай дәрежеде болғаны дұрыс.
  • Тезисте өз көзқарасыңызды нақты көрсетіңіз.
  • Өз ұстанымыңызға бірнеше аргумент келтіріп, соларға сәйкес дәлелдер беріңіз.
  • Өз көзқарасыңызға қарама-қайшы келетін пікірден аулақ болыңыз.
  • Қорытынды бөлімде кіріспе және негізгі бөлімде айтылған ойларыңызды тұжырымдаңыз.

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Бағалау критерийлері:

Дискуссивті эссе жазу үшін қажетті клишелерді қолданады.

Көтерілген мәселе бойынша бірнеше аргумент келтіреді.

Мәселе бойынша дәлелдерді аргументтерге сай талдайды.

Өз көзқарасын өмірмен байланыстырып жазады.

Ой толғау

Тапсрыма

https://www.youtube.com/watch?v=spVky2VmUSI

«Донор бол – өмір сыйла»

Бағалау смайликтері

Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс: Ауызша комментарийлер айту

Рефлексия. 3-2-1

Қосымша мағлұматтар

 Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу