Өз өміріңді бағала. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Пән: қазақ тілі | Мектеп: | |||||||||
Күні:
| Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||
Бөлім | 4-бөлім: «Адам өмірін сақтау» | |||||||||
Сабақтың тақырыбы | «Өз өміріңді бағала!» | |||||||||
Оқу бағдарламасына сілтеме | Ж Әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру. Ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, нұсқаулық жазу. Грамматикалық норма. Cөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай білу | |||||||||
Оқу мақсаттары | Барлық оқушылар ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктерін біледі Оқушылардың көбі ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды (сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтау) орынды қолданады Оқушылардың кейбірі ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып (сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтау), нұсқаулық жазады. | |||||||||
Бағалау критерийі |
| |||||||||
НЗМқұндылықтары | Жауапкершілікті сезіну. | |||||||||
Тілдік мақсаттар | Сөздер мен сөз тіркестер: адам өмірі, сақтандыру, жастардың денсаулығы, салауатты өмір салты, жасөспірімдердің денсаулық күтімі т.с.с Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер; менің ойымша, себебі, оны мен былай дәлелдей аламын, қорыта келе... | |||||||||
Алдыңғы білім | ||||||||||
Жоспар | ||||||||||
Уақыт | Жоспарланған жұмыс түрлері | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы 3 минут 3 мин 1 мин | Қызығушылықты ояту. 1. «Сәлемдесу» ойыны - Қазір біз сіздермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларыңыз керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңізбен тез-тез амандасасыздар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыздар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен. 2. Тақырыпты болжау Суретке қарап сабақтың тақырыбына болжам жасап көріңіздер.
Сабақтың мақсаты мен тақырыбын оқушылармен бірлесе отырып талқылау. | |||||||||
Сабақтың ортасы 5 минут 5 мин 15 мин 3 мин | Мағынаны тану Жазылымға дайындық. 1-тапсырма ЖЖ Оқушылар төмендегі сұраққа жауап әзірлейді.
Оқушылар өз жауаптарын әзірлейді және төмендегі ережемен салыстырады, толықтырады, өз пікірін білдіреді
2-тапсырма Мәтінді оқып, ой бөлісіңіз.
Жазылым тапсырмасы Тапсырма: жасөспірім буллинг жағдайына ұшыраған болса, не сіз буллингтің куәгері болсаңыз не істеу керектігі туралы нұсқау жазыңыз. Көлемі: 90-100 сөз. Бірін-бірі бағалау. Оқушылар жұптасып, жұмыстарымен танысады. Қажетті болған жағдайда жұмыстарын толықтырады немесе өзгертеді. Оқушылар мұғалімнің дайындаған нұсқаулығымен танысып, жауаптарымен салыстырады. Егер сіз отбасылық зорлық зомбылық құрбаны болсаңыз, ең алдымен келесі құрылымдарға хабарласыңыз: - полиция учаскелік инспекторлар қызметіне; - кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияға, олардың өкілетстігі егер отбасындағы зорлық зомбылық құрбаны немесе 18 жасқа толмаған зорлық зомбылық жасаудың шынайы қаупі бар тұлғаға қатысты таралады; - бұзылған құқықтарды қалыптастыруда жәрдем беретін және кәмелетке толмағандардың, ата-анасы барлардың және отбасында тұратындар, жетім балалар және сот тәртібінде әрекетсіз деп танылған отбасы мүшелеріне, егер оларға қатысты отбасындағы зорлық - зомбылық жасаудың шынайы қаупі болса немесе жасалса, қамқорлық органдары.
Бағалау критерийі:
Бағалау | https://edu.mcfr.kz/article/1678-qqq-15-m5-20-05-2015--ydeg-jne-mektepteg-bulling
| ||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Кері байланыс. Рефлексия. Не үйрендім? Не қиын болды? Бұны қалай түзеймін? | Ауызша кері байланыс | ||||||||
Қосымша мағлұматтар | ||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. | Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? | ||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| |||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды