Өз өміріңді бағала. Қазақ тілі, 10 сынып, презентация.


Жасөспірімдердің өмірін сақтау үшін қандай да бір ереже қажет деп ойлайсыздар ма әлде бұған ата-анасы жауапты ма?

Қоғамда адам өміріне қауіпті қандай қауіп-қатер кездесуі мүмкін?

Тәртіп, нұсқау, бұйрық деген сөздерді қалай түсінесіздер? Бір-бірінен қандай айырмашылығы бар?

4-бөлім: «Адам өмірін сақтау»

Сабақтың тақырыбы: «Өз өміріңді бағала!»

Сабақтың мақсаты: ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, нұсқаулық жазу.

Нұсқаулық дегеніміз не?

1. Әлденені орындау, жүзеге асыру тәсілі мен тәртібін бекітетін тәртіптер жинағы.

2. Жалпы алғанда нұсқау.

3. Жоғарғы басшылықтың бұйрықтары немесе басқа мемлекеттік органның заңнамалық, актінің қолдану тәртібін анықтау және түсіндіру мақсатында шығарылатын заңдық күші бар кұқықтык акт.

Жазылым тапсырмасы

Балалар ұжымы тарапынан оқушылардың біреуінің ізіне түскен жағдайда не істеу керек деп ойлайсыз?

Нұсқаулық жазыңыз. Сөз көлемі 80-920 сөз.

Нұсқаулық жазу

Нұсқаулық жазу кезінде бірнеше тарауларға не бөліктерге бөліңіз (3 бөлікке бөлсеңіз болады). Әр бөлікке тақырыпша қойыңыз.

3. Қойған тақырыпшаларыңызға байланысты өз нұсқаулығыңызды жазыңыз.

4. Нұсқаулық жазуда берілген сөз тіркестерін қолдануға болады

Егер сіз отбасылық зорлық зомбылық құрбаны болсаңыз, ең алдымен келесі құрылымдарға хабарласыңыз:

полиция учаскелік инспекторлар қызметіне;

кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияға, олардың өкілетстігі егер отбасындағы зорлық зомбылық құрбаны немесе 18 жасқа толмаған зорлық зомбылық жасаудың шынайы қаупі бар тұлғаға қатысты таралады;

бұзылған құқықтарды қалыптастыруда жәрдем беретін және кәмелетке толмағандардың, ата-анасы барлардың және отбасында тұратындар, жетім балалар және сот тәртібінде әрекетсіз деп танылған отбасы мүшелеріне, егер оларға қатысты отбасындағы зорлық - зомбылық жасаудың шынайы қаупі болса немесе жасалса, қамқорлық органдары.

Бағалау критерийі

берілген тақырып бойынша нұсқаулық жазады;

сөз көлемі 90 сөзден аспайды;

ғылыми-көпшілік стильге сәйкес жазады;

синтаксистік нормаларды сақтап, тақырыпқа сәйкес сөздерді қолданады

Жазылымнан кейінгі тапсырма.

1. Жасөспірімдердің денсаулығын қорғау неге маңызды?

2. Балалар мен жасөспірімдер денсаулығы ата-аналары үшін маңызды емес пе? Неге мемлекет бұл мәселеге араласады?

3. Сіздің жазып шыққан нұсқаулығыңыз жасөспірімдер өмірін қорғауға қаншалықты пайдалы болды деп ойлайсыз?

Рефлексия

Не үйрендім?

Не қиын болды?

Бұны қалай түзеймін?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу