Зиянды, пайдалы әдеттер. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары.


Пән: қазақ тілі

1-нұсқа

Мектеп:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Адам өмірін сақтау. Тілдік жүйе және норма.

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Адам өмірін сақтау.

Зиянды, пайдалы әдеттер.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

10.3.3.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу;

10.4.4.1 сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай білу

Сабақтың мақсаттары

Лексикалық құрылымдарды қолданып, сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай отырып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу.

Бағалау критерийі

  • лексикалық құрылымдарды тиімді қолданады
  • көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп жазады;
  • сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтайды.

Тілдік мақсаттар

Тақырып аясында оқушылар клишелер мен лексикалық құрылымдарды орынды қолдануға үйренеді, өзге пәндер бойынша меңгерген білімін, алған ақпараттарын қазақ тілінде сауатты қолдана алады.

Құндылықтарды игерту

Жауапкершілік (өз тапсырмасын жауапкершілікпен орындау).

Құрмет (бір-бірінің ойына, пікіріне құрметпен қарау).

Пәнаралық байланыс

Валеология. Зиянды әдеттер және адам денсаулығына олардың әсер етуі. Оқушылардың зиянды әдеттерге кері қатынасын қалыптастыру, олардан бас тарту дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету.

Бастапқы білім

Тілдік жүйе және норма.

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

 Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

3 минут

Қызығушылықты ояту

Оқушыларға бөлім атауына сай суреттер көрсетіледі. Суреттерге қарай отырып, оқушылар сабақтың тақырыбын анықтайды. Әңгімелесу, сұрақ-жауап жұмыстары жүргізіледі.

  • Суреттерде не бейнеленген?
  • Суреттер туралы не айта аласыз?
  • Суретке қарай отырып сабақтың тақырыбын

айқындаңыз (қосымша басқа да жетелеуші сұрақтар қоюға болады).

Сабақтың оқу мақсаты таныстырылып, бағалау критерийлері оқушылармен бірге талқыланады.

слайд

Сабақтың ортасы

7 минут

22 минут

5 минут

Мағынаны тану

Жазылымға дайындық

Оқушылар әдеттер (пайдалы, зиянды) туралы не білетіндерін ортаға салады.

Оқушыларға зиянды әдеттер және олардың адам денсаулығына ықпалы туралы мәтін ұсынылады.

 Зиянды әдеттердің бірқатар ерекшеліктері бар:

  • Жиі зиянды әдеттер ұшырасқан адамның денсаулығына және қоршаған ортаның денсаулығына теріс ықпал етеді.
  • Нәтижесінде зиянды әдеттер міндетті түрде адамның барлық қалған іс-әрекетін, оның бүкіл қызметін өзіне тәуелді етеді.
  • Зиянды әдеттердің ерекше белгісі, онсыз өмір сүру мүмкін емес әдеттену болып табылады.
  • Зиянды әдеттен арылу тым қиын.

 Шылым шегудің зияны

 Адамға никотиннің ықпалы шұғыл теріс. Никотин шын мәнінде барлық органға ықпал етеді, бірақ көбінесе орталық жүйке жүйесіне, жүрек-тамыр және эндокринді жүйеге әсер етеді.

 Никотин тамырлар атеросклерозын дамытады. Бұл инсульт және жүрек ауруына келтіреді. Никотин тромбтар жасалуына ықпал етеді, канцерогенді ықпалға ие (ісік дамуына әсер етеді). Адам организміне никотиннің ең күшті ықпалы – бұл алдағы уақытта ұрпақта тек өсе түсетін жасушалар мутациясын тудыратын қабілет.

 Ішімдік ішу зияны

 Ең алдымен ішімдік миға қауіпті, мұнда оның концентрациясы қалған органдарға қарағанда неғұрлым жоғары болып келеді. Ішімдік бас миы қабығы бұзылуына, жансыздануы және оның учаскелерінің кейіннен жойылуына келтіреді.

 Ішімдік ас қорыту органдарына: ас қорыту жолы, асқазан, асқазан безіне теріс ықпал етеді.

 Есірткі және улы заттар – бұл адам миын, оның психикасын баяу бұзатын (ішкі органдар – ми бұзылуы, жүйке жүйесі дисфукнциясынан) «Момент» желімі немесе бензин 3-4 айда адамның ойлау қабілетін толық емес етеді, ал қарасораны қолдану – 3-4 жылда. Морфинді қолданатындар 2-3 айдан кейін қызмет ету қабілетін жоғалтады, өз өздеріне қарамай адам бейнесін жоғалтады. Кокаин қолданатын адамдар 4 жылдан артық емес өмір сүреді. Олар жүрек тоқтауынан немесе олардың мұрын қуысы жіңішкеруінен өлімге келтіретін қан кетуден қайтыс болады.

 «Валеология», Астана-2018 (34-35 б.)

Оқушылар мәтінді оқып, зиянды әдеттердің өмір сапасына әсерін, ықпалын талдап, шағын пікірталас ұйымдастырады.

 Ой-талқы сұрақтары:

  • Әдет деген не?
  • Қандай әдеттерді зиянды деп атайды?
  • Жақсы (пайдалы) әдеттер бола ма?

Жазылым тапсырмасы

«Зиянды әдеттерге «Жоқ!» деп айт» тақырыбында өз ойын дәлелдеп эссе (130-150 сөз) жазады. Эсседе ұсынылған тірек сөздерді орынды пайдаланады.

Тірек сөздер: зиянды әдеттер, шылым шегу, ішімдік ішу, есірткі және улы заттарды қолдану. Дене, психикалық, әлеуметтік тәуелділік.

Дескриптор:

  • эссе құрылымын сақтайды;
  • ұсынылған тірек сөздер мен тіркестерді орынды қолданады;
  • өз ойын және шешімдерін дәлелді жеткізеді;
  • сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтайды.

Таныстырылым. Бағалау.

«Шеңбер» әдісі бойынша оқушылар бір-бірінің эссесін оқып шығады. Жұмыстардағы үздік ой және идеялармен бөліседі.

таратпа

Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі.

Эссе жұмыстары бойынша өз ұсыныстары мен тілектерін айтады. Жазба жұмысында ескеретін жайттарға талқылаулар жасайды.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау

 

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу