Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет. Кітаби тіл. Сөйлеу тілі. Қазақ тілі, 10 сынып, дидактикалық материал. 3 сабақ.


Астанада ҚР Ұлттық мұражайы ашылды

Ел тарихы туралы сан рет жазылады, айтылады да. Десе де, бабалар жүрген жолды көзбен көріп, болашақ ұрпаққа қалдырар мұраны құнттау өте үлкен игі іс. Сондықтан архив сөрелерінде том-том болған тарихқа мұражайды қосуға болады. Еліміздің рухани мұрасы тағы бір мекемемен толықты. Астана төрінде аумағы 74 мың шаршы метр жерді алып жатқан Ұлттық мұражайды бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзі келіп ашты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

«Қазақстан тарихы келешекке тек қана бейбіт бастамалармен, жарқын істермен жалғасатын болады. Бүгін есігін айқара ашып отырған тарих музейі сан мың жылдар жасаған жасампаздық жәдігерлермен толыға береді».

7 залдан, 8 қабаттан тұратын мұражайдан Қазақстанның ерте ғасырдан бүгінгі күнге дейінгі тарихын көре аласыз. Атап айтар болсақ, Алтын зал, Қазіргі заманғы өнер залы, Этнография залы, Тәуелсіз Қазақстан залы, Астана залы бар. Әрқайсысында қайталанбас құнды экспозициялар жинақталған. Оған шетелдік қонақтар да жоғары баға берді.

Ирина Лебедева, Мемлекеттік Третьяков галереясының бас директоры:

«Осындай мұражайдың ашылу салтанатының куәсі болғаныма өте қуаныштымын. Заманауи, ауқымды, жаңа. Мұражай алдағы уақытта сіздердің елдеріңіздің тарихынан сыр шертіп, бүгінгісінен хабардар ететін бірегей өнер ордасы болады деп сенемін».

Мұражай халықаралық стандарттарға сай техникамен жабдықталған. Экспозицияларды сақтап, климатты бақылайтын жарықтық-биологиялық қондырғылар жұмыс істейді.

Мырзатай Жолдасбеков, мұражайдың алдындағы тұрған сақ патшасы, сақ көсемдері экспозициясының авторы, мемлекет және қоғам қайраткері:

«Бұл тарих аңызға айналатын тарих, әлем таңғалатын тарих. Осы мұражайжың алдында тұрған сақ патшасы, сақ көсемдері ерекше тұлғалар». Расында да, олардың мүсіндері ел азаматына керемет күш бергендей болады.

Ұлттық тарих мұражайы – Орта Азияда баламасы жоқ бірегей жоба саналады. Еске салсақ, Президент 2008 жылы елордада халықаралық деңгейдегі мұражай салуды тапсырған еді. Барлық қала тұрғындары мен қонақтары музейді 3- 6 шілде аралығында тегін аралай алады. 

02.07.2014, http://astana.gov.kz



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу