Астана дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Қазақ тілі, 10 сынып, қосымша материал.


 Интервью қандай жанр?

 

 «Интервью— көсемсөз жанры, журналистің бір не бірнеше адаммен қандай да бір өзекті мәселе төңірегінде сұхбат жүргізуі, интервью барысында белгілі бір оқиғаның, құбылыстың мән-мазмұны маман әңгімелесушінің түсіндіруі, айтуы бойынша терең ашылады. Интервью жанры, негізінен, хабарламалы интервью және түсіңдірмелі интервью болып екіге бөлінеді. Олардың өзі іштей жіктеледі»,- деген анықтама берілген қазақша уикипедияда.

 Қазақ журналистикасында қолданылып жүрген жауынгер жанрлардың бірі – телерадиодағы сұқбат туралы ол өзінің «Телевизия: бизнес әлде билік» атты еңбегінде ішкі жіктелуін сараптап, былай тұжырымдайды: «Сұхбат туралы әртүрлі пікір айтуға болады. Газеттегі сұхбат пен радиодағы сұхбаттың бірбірінен айырмашылығы жоқ екенін аңғарамыз. Көптеген теоретиктер сұхбат пен әңгімені теңестіруге де тырысты. Бұл туралы Л.Рукавишникова «Телевизиялық әңгіме мен сұхбаттың ерекшеліктері» атты мақаласында былай тұжырымдайды: «Телевизиялық сұхбат екі әңгімелесушінің арасында болатын әңгіме (жүргізуші мен сұхбат беруші) түрінде немесе бірнеше мүшесі бар ұжымдық қысқа монолог түрінде болуы мүмкін. /101 б./ “Журналистикадағы жанр мәселелері” деп аталатын бұл жинақта сұқбат әңгімелесуге немесе дөңгелек стол басындағы әңгімеге жақындатылған.Содан бергі өткен отыз жылдай уақыттан кейін де әңгімелесу мен сұқбат жанрларының ара жігі ажырытылмай келеді. Сонымен, олардың айырмашылықтары қандай екен? Әңгімелесуде – оған қатысушылар бір –бірімен тең түрде пікір, ақпарат алмасады. Ал, сұқбатта жауап берушіден ақпарат алынады.Сұқбатқа қатысушылардың рөлдері мынадай: журналист немесе сұқбат алушы сұрақ қояды, екінші адам жауап береді. Сұхбат түрлерін сұраушы мен сұралушының көзқарастарына қарай бірнеше түрге бөлуге болады:

 1.Сұхбат – көзқарасқа көрнекті, танымал, атақты адамдар қатысады.

 2.Сұхбат – хабарламаға жоғары лауазымды, бірақ аты-жөні көпшілікке таныс емес кісілер болады.

 3.Сұхбат – эмоцияға кездейсоқ оқиғаның куәгері, көпшілікке таныс емес адамдар қатысады.

 4.Социологиялық зерттеу сұхбатында жауап беруші тұлға екінші жоспарға ысырылады, жауап беруші бүркеншік атпен де шығуы мүмкін». Сонымен қатар ғалым «ТВ –репортер» жинағында сұхбаттың

 5 типіне анықтама берген: 1. Хаттамалық. 2. Ақпараттық. 3. Сұхбат – портрет 4. Сұхбат – дискуссия. 5. Сұхбат – сауалнама.

 Сұхбат – жай ғана әңгіме емес, репортердің естігісі келген жауаптарын алдын ала дайындалған әңгіме барысында айтып бере алмайды. Суырып салмалық диалог кезінде ойлардың, күтпеген сұрақ және нақты жауап, ақылой жекпе- жегі, әдет айналымындағы қалдықтар және ойлар тізбегі, шынайы ауызша тілдің салтанаты еш нәрсені ұмытып кетпейтін сәт – міне осылардың барлығы сұхбатқа кіреді. Бұл анықтама теледидар ықпалының арқасында ойластырылды. Ол мақсат тұтқан арманға жету үшін ұмтылады. Сонымен қатар сұхбаттың басқа да түрлерін жоққа шығаруға болмайды. Олардың мазмұны ақпараттың ағымына, әңгімелесушінің мәселесіне, сұрақтар формасына, сұхбат алушы мен сұхбат берушінің типіне және дайындық дәрежесіне байланысты. Сұхбатқа дайындық әртүрлі жағдайда болу керек. Теледидарда сұхбатты алдын ала және әңгіме барысында «жазады». Газет тілшісіне сұрақ пен жауапты жазып қоя салу жеткіліксіз – ойын логикамен жалғастыра отырып талаптарға сәйкес жазу керек. Тілші ойы әдеби түрде аяқталған материалды баспаға беру керек, ал теледидарда мұның бәрін сұхбат барысында жасау керек, дайындық дәрежесі бұл жұмыста біркелкі емес.Сұхбаттарды бірнеше деңгейде қарастыруға болады: Жоғарғы тип – әңгіме тақырыбы анықталған, сұрақтар жауап берушіге белгісіз, сұрақ беруші сұрақтарын қисынға келтірмеген. Екінші тип – сұрақтар сұхбат алушыға белгілі. Олар ауызша, ойша немесе жазбаша дайындалған. Сұхбат алушы сұхбат барысында жазбасына қарап қояды. Алдын ала жасалған сұрақтарды ретімен қоюға болады. Ол сұрақтардың бір тобын ретке келтіріп әңгіме мен жауап барысында басқаша қоюға болады.

 Үшінші тип – алдын ала дайындалған сұрақтармен танысады: а) сұхбаттан біраз уақыт бұрын, б) дәл сұхбат басталарда. Жауаптар жазылып қойған немесе ауызша айтылады. Егер жауаптар жазылған болса, онда жауап беруші: а) оларды оқиды, б) анда-санда мәтінге көз қырын салады, в) тақырыпты еркін меңгергендіктен бірден алып кетеді. Төртінші тип – сұрақ та, жауап та оқып беріледі. Теледидар үшін дайындығына қарай сұхбат түріне қажеттілігі – біріншісінің тиімділігі, ал төртіншіге қарама-қарсылығы.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу