Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет. Сөз мәдениеті . Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары. 5 сабақ. 1 нұсқа.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет. Сөз мәдениеті

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

 Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет.

Сөз мәдениеті (1-нұсқа)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.3.3.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу («келісу, келіспеу» эссесі)

 Сабақтың мақсаттары

Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп, келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу; («келісу, келіспеу» эссесі)

 Бағалау критерийі

Берілген тақырыпқа эссе жазады; эссе тақырыбынан ауытқымайды; абзац түрлерін жүйелі құрастырады; көтерілген мәселеге көзқарасын білдіреді; келісу-келіспеу себептерін айқын жазады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология: Тәуелсіздік, ұлттық құндылықтар, қоғам, құрмет, патриоттық, тарих, мәдениет, өркениет

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Менің ойымша/пікірімше…, Менің көзқарасым тұрғысынан…., Менің көзқарасым бойынша…, Мен сенімдімін…, Мені таңқалдыратыны..., Мен келісемін..., Мен келіспеймін...

Құндылықтарды игерту

Туған елге деген құрметін, сүйіспеншілігін ояту

Пәнаралық байланыс

Тарих пәні

Бастапқы білім

9-сыныптағы білім, білік дағдыларына сүйенеді

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

0-5

Қызығушылығын ояту

Оқушыларға бейнематериал көрсетіледі.

Біздің қаламызда Тәуелсіздік мерекесі қалай тойланады?

 Мұғалім оқушыларды тыңдап болған соң жауаптарды қорытындылап, сабақтың тақырыбын хабарлайды. Сабақ мақсатымен таныстырады. Оқушылар мен мұғалім бірлесе отырып, сабақтың бағалау критерийлерін әзірлейді.

https://www.youtube.com/watch?v=3SNMBH7bUkQ

Сабақтың ортасы

5-15

15-30

30-35

Жазылым алды тапсырма

Жантүршігерлік айғай-шу… Қанға бөккен көше… Ұрандаған жас жалын… Тәуелсіздік таңын аңсаған жастар легі… Иә, кешегі желтоқсан көтерілісі қақ бастан қамшымен ұрғандай ауыр соққы беріп, бүрсең қақты. Әркім өз күлшесіне күл тартқан заманда, Қазақ елінің тәуелсіздігі үшін жастар алаңға жиналған еді. Нәтижесінде, бүгінде еліміздің құлазыған көңілі көтеріліп, таңның ақтаңдақ сәулесі шығып, тамтығы қалмаған тақиясы бүтінделді. Қабырғасы қайысқан қазақ елінің, қарапайым қарашаның жағдайы тұрақталды. Дегенмен «намыстан жаралған халықты, азаттық жолында жалындай жанғызып, тағдырдың тезі мен тозақтың өзінен өткізген» Тәуелсіздікті өз деңгейінде тойлап жүрміз бе? Бағамдап көрелік…

«Тәуелсіздік мерекесі өз деңгейінде лайықты тойланады»

«Тәуелсіздік мерекесі өз деңгейінде лайықты тойланбайды»

Жоғарыда берілген белгілі бір пікірге қатысты «Иә, келісемін. Жоқ, келіспеймін» жаттығуын жасату, оқушылар айтылған ойға қатысты «Иә, келісемін» немесе «Жоқ, келіспеймін» деп жауап береді және неліктен келісетінін, келіспейтінін аргументтер келтіре отырып негіздейді.

Әр саусақтың тұсына бес мысал немесе дәлелдеме жазып көріңіздер.

Бір жағынан Басқа жағынан

Жазылым тапсырмасы

Автор: «Жылдағы жағдай жылда қайталанады... 1991 жылдың 16 желтоқсаны Тәуелсіздік таңы атты. Мұны еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін біледі. Алайда «Айта, айта Алтайды, Жамал апам қартайды» демекші, егеменді еліміздің елдігінен гөрі, жыл сайын жаңа жыл мерекесінің аталып өтілуіне ерекше мән берілетіні жасырын емес. Тіпті, бір ай бұрын ілінетін құттықтауларға толы жарнама тақтайшалары мен безендірілген шыршалар алыстан менмұндалап тұратыны ақиқат. Салдарынан жыл сайын Тәуелсіздік мейрамы сол шыршаның тасасында қалып қоюда».Сіз автордың пікірімен келісесіз бе? (80-100 сөз)

 «Тәуелсіздік мерекесі өз деңгейінде тойланады ма?» тақырыбына өз ойын дәлелдеп эссе жазады.

  Автормен келісемін/ автормен келіспеймін

Эссе жазу барысында төмендегі тірек сөздер мен клишелерді қолдану керек: Тәуелсіздік, ұлттық құндылықтар, қоғам, құрмет, патриоттық, тарих, мәдениет, өркениет

    • Автор өз көзқарасын былай… .
    • Айтылған мәселе ....жағдайда өзекті, дегенмен...
    • Не себепті ... екендігін түсіндіріңіз.
    • Сіз неге ... ойлайсыз? Сіз неге ... деп есептейсіз?

Жазылымнан кейінгі тапсырма

Оқушылар жұмысы берілген дескриптор бойынша бағаланады.

  • Берілген жағдаятқа сай эссе жазады;
  • Эссенің тақырыбынан ауытқымайды;
  • Абзацтар жүйесін сақтайды;
  • Көтерілген мәселеге көзқарасын білдіреді;
  • Келісу-келіспеу себептерін айқын жазады.

«Галлереяны шарлау»

Оқушылар өздерінің жазған жұмыстарын сынып қабырғасына іледі. Оқушылар «Эсселер галлереясын» аралап стикерге әр оқушының жұмысына кері байланыс жазады.

Кері байланыс «Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясы бойынша жүргізіледі..

МД слайд

1-таратпа

2-таратпа

Сабақтың соңы

35-40

Рефлексия

«Жолаушының қойын дәптері»

Не туралы айттық?

Не туралы

жаздық?

Не түйдік?

 Мұғалім сабақты қорытындылайды. Жаһандану дәуірінде батыстық өмір салты сәнге айналып, ұлттық мәдениеттер оның тасасында қалып жатқаны ащы да болса, шындық. Бүгінгі өмірдің шынайылығы осындай. Осындай шынайылық жағдайында қазақ ұлты өзінің мәдениетін сақтап, одан әрі дамытып, өзіндік ұлттық болмысын сақтап қалуы тиіс екендігін айтып, мұғалім сабақты қорытындылайды.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу