Суды үнемдеу. Қазақ тілі, 9 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сабақ: Қазақ тілі

 Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы:

Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану

Сабақтың тақырыбы

Суды үнемдеу

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

9.2.6.1 белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын тиімді қолдана білу;

9.3.1.1 жинақталған материалдар негізінде көзделген мақсатқа сәйкес ауызша және жазбаша мәтіндер үшін күрделі жоспар құру.

 Сабақтың мақсаттары

  • Оқылым стратегияларын қолданады;
  • Мәтін мазмұнына сай бөліктерге бөледі;
  • Күрделі жоспар құрады.

Бағалау критерийлері

  • Мәтін мазмұнын түсінеді.
  • Күрделі жоспар құрады.

 Құндылықтар

Өмір бойы оқу

 Пәнаралық байланыс

Экология

 АКТ дағдылары

Тақырыпқа қатысты таныстырылым

Осыған дейін меңгерілген білім

Тілдік міндеттер

Тақырыпқа қатысты сөздер мен сөз тіркестері: ауызсу, үнемдеу, сапасыз, салдары

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

7 мин

1.Ұйымдастыру. Оқушыларға су туралы мақал-мәтелдер ұсынылады:

а/оқушылар жұпта мақалдың мағынасын талқылайды.

ә/мақалдарды мағынасына қарай жіктейді.

б/үнемдеуге қатысты мақалдарды анықтайды.

  • Судың да сұрауы бар.
  • Арық бар жерде су бар,

Су бар жерде ну бар.

  • Бұлақ көрсең, көзін аш.
  • Сусағанның түсіне су кіреді.
  • Сулы жер – нулы жер.
  • Сумен ойнама – батарсың.
  • Су ішетін құдығыңа түкірме.
  • Су бергеннің сауабы бар,

Су төккеннің жауабы бар.

http://kazhalyk.ucoz.kz/index/sudy_da_s_rauy_bar/0-20

Су туралы мақалдар

Сабақтың ортасы

10 мин

5 мин

3 мин

5 мин

5 мин

2 мин

Оқылымалды тапсырма

1-тапсырма. Тұтас емес мәтінді оқып, күніне қанша литр су жұмсайтынын анықтайды. 1 күндік жиналған көлемді суды басқаша қалай пайдаланатындарын сұрайды. Осы жұмсалған судың көлемін тағы да қаншалықты азайтуға болатынын талқылайды.

Қосымша ақпарат: Су тамшылап тұрған краннан тәулігіне 24 литр, айына 720 литр, жылына 8 мың 784 литр су ағады. Ал, еліміздегі суық су тарифі 1 куб метр су үшін 64 теңгені құрайды. Есептей беріңіз, қанша ақша үнемсіздік үшін төленіп жатыр?

1-тапсырма. «Ішкеніңіз қандай су?» атты мәтінін оқып, түсінеді.

2-тапсырма. Сандарға сәйкес мәтіндегі ақпаратты атайды.

2025, 40, 3, 2,5., 60, 8, 1700 000, 50, 80

Бағалау критерийі

Дескрипторлар

Оқылым стратегияларын қолданады

Кемінде 4 санға мәтіндегі ақпаратты есіне түсіріп айтады.

3-тапсырма. Мәтінді мазмұнына сай 3 бөлікке бөледі.

Мысалы:

1. Әлемдегі ауызсу проблемасы;

2. Суға қатысты мемлекеттік бағдарламалар

3. Сапасыз судың салдары

Бағалау критерийі

Дескрипторлар

Мәтін мазмұнына сай бөліктерге бөледі

Мәтінді мазмұнына қарай кемінде 2 бөлікке бөледі.

4-тапсырма. Күрделі жоспар құрады.

Оқушылар өздері бөлген әр бөлікті іштей тақырыпшалармен бөледі.

Мысалы:

  • Әлемдегі ауызсу проблемасы

а/әлемдегі адам саны және ауызсу жетіспеушілігі

Бағалау критерийі

Дескрипторлар

Күрделі жоспар құрады.

Мазмұнға сай бөлген бөлікті кемінде 1 тармақшаға бөледі.

5-тапсырма. Бастапқы мақалдардан мәтін мазмұнына сәйкес келетінін анықтау.

Сабақтың соңы

3 мин

Кері байланыс.

Сабақтан не үйрендім?

Не қиын болды?

Нені жетілдіру керек?

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау, берілетін уақыт, қолданатын дерек көздеріне байланысты бөліп оқыту.

Топта бірлесіп оқыту.

Тапсырмалардың өзара байланысты болуына баса назар аударылады.

Пәнаралық байланыс – робототехника, биология

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу