Суды үнемдеу. Қазақ тілі, 9 сынып, таратпа материал.


Бөлім: Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану

Тақырып: «Суды үнемдеу»

Мақсаты: 9.2.6.1 белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын тиімді қолдана білу

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқы.

Оқылым мәтіні

Ішкеніңіз қандай су?

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметіне қарасақ, 2025 жылдан кейін жер бетінде ауызсу тапшылығы басты проблемаға айналады. Егер адамзат баласы күнделікті ішетін суын үнемдейтін болса, тұщы су қорын 40 пайызға дейін сақтауға болады екен.

Әлемдегі тұщы су қоры 3 пайыз ғана. Бүкіл дүниежүзі бойынша таза ауызсуға қол жеткізе алмай отырған 2,5 миллиард адам бар. Тіршілік жақсарған сайын адамдар өз өміріне, денсаулығына мұқият қарай бастады. Кейінгі 60 жылда жер бетіндегі ауызсуды тұтыну 8 есеге артыпты.

Біздің ең асыл табиғи байлығымыз – суды ысырап етуді тоқтатуымыз қажет» деген еді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы тапсырмасына сәйкес, еліміздегі таза ауызсу мәселесі «Өңірлерді дамыту» және «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы жүзеге асырылып та жатыр. Осы бағдарламалар аясында бірқатар өңірлерге ауызсу құбырлары тартылды. Бағдарлама аясында тұщы судың көзін тауып, қондырғыларын орнату мен құбыр тартуға республикалық бюджеттен 1 миллиард 700 миллион теңге бөлінген.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, мемлекеттік «Ақ бұлақ» бағдарламасы қабылданғаннан бергі уақыт ішінде ауылдық жерлерді орталықтандырылған ауызсумен жабдықтауға деген қолжетімділік 50 пайыздан асқан.

БҰҰ мәліметтеріне қарағанда, адамзат баласындағы аурудың 80 пайызы сапасыз судан болады екен. Қазақстанда бауыр, бүйрек ауруына шалдыққандар саны жыл сайын артып келеді. Микробиологиялық және химиялық көрсеткіштерге сай келмейтін ауыз суды тұтыну оба, тырысқақ, гепатит және гастроэнтерит секілді дерттерге ұрындырады. Ішкеніңіз қандай су?

2-тапсырма. Сандарға сәйкес мәтіндегі ақпаратты атаңыз.

2025, 40, 3, 2,5., 60, 8, 1700 000, 50, 80

3-тапсырма. Мәтін мазмұнына сай бірнеше бөліктерге бөл.

4-тапсырма. Күрделі жоспар құр.

Қосымша материал

2-мәтін

1-Суға кететін шығынды қалай азайтуға болады? Суды қалай үнемдеу керек?

Үнемді аэратор

Аэратор – су кранына арналған қондырғы. Оның екі түрі бар. Біріншісі тор сүзгі түрінде болады. Ол су ағынын азайтып, жан-жаққа шашырауының алдын алады. Екіншісі – суды үнемдеп қана қоймай, оған оттегі беретін аэратор. Ол су ағынын тежеп, екі есе аз ағуын қамтамасыз етеді. Нәтижесінде, аэраторсыз краннан минутына 15 литр су ақса, аэратормен 6-7 литр ағады.

Екі түрлі ағызу режимі бар унитаз

Егер унитазыңызды ауыстыру туралы ойлап жүрсеңіз, екі түрлі ағызу режимі бар түрін таңдағаныңыз жөн. Ол әр қолданған сайын суды қажеттілік мөлшеріне қарай үнемдеуге көмектеседі. Қарапайым унитаз бір дегенде 9-15 литр су жұмсаса, осындай үнемді унитаз 3-6 литр су ағызады.

Араластырғыш қосу тетігі

Әдетте суық су мен ыстық судың краны екі бөлек болады. Біз жылы су ағызу үшін әр кранды бір бұрап, біраз суды текке ағызып аламыз. Осы жағдайдың алдын алу үшін кранға араластырғыш қосу тетігін қою керек. Ол екі суды араластырып, тез арада жылы су ағызады.

Жеміс-жидек жууға арналған ыдыс

Жеміс-жидектер мен көкөністерді кранға жуу судың өте көп мөлшерде шығындалуына әкеледі. Оның орнына ыдыс қолданып, керек затыңызды жуып болған соң, суды төгіп тастаған жөн. Бұл әдісті кез келген азық-түлікті жуғанда қолдансаңыз, біраз суды үнемдейсіз.

Тіс тазалағанда 1 стақан су қолдану

Дәл жеміс-жидекті жуған сияқты тіс тазалауға стақан қолдану керек. Кранды қосып, тіс щеткасын жуып аламыз, кейін стақанға су толтырып, кранды өшіреміз. Тіс жуып болған соң, ауызды стақандағы сумен шаямыз. Осы арқылы күніне 45 литр су үнемдеуге болады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу