Бейбітшілікті нығайту. Қазақ тілі, 9 сынып, таратпа материал.


Тыңдалым алдындағы тапсырма.

БАҚ-тағы хабарламаны оқып, осы тақырыпқа қатысты пікір білдіріңіз.

Өткізілген форум әлемдегі бейбітшілікті нығайтуға септігін тигізе ала ма?

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана кезекті рет бүкіл әлемнің назарын өзіне аударды. Елордадағы Бейбітшілік пен келісім сарайында екі күн бойы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің кезекті бесінші съезі өтті. «Дін лидерлері мен саяси қайраткерлердің бейбітшілік және даму жолындағы үнқатысуы» атты тақырыппен шақырылған форумға әлемнің 42 елінен 80-нен астам делегация қатысқан болатын. Бұдан бөлек, шараға халықаралық беделді ұйым жетекшілері, шетелдік және отандық саясаткерлер мен дін қайраткерлері де атсалысып, алқалы отырыстың салмағын да арттыра түскен еді.

  • Менің ойымша...
  • Себебі мен оны былай түсіндіремін...
  • Мен оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын...
  • Осыған байланысты мен мынадай қорытындыға келдім...

Тыңдалым тапсырмасы.

Аталмыш форумға қатысқан белгілі тұлғалардың пікірін тыңдап, түйінді ойын кестеге жазыңыз.

Пан Ги Мун, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы:

Саули Нийнистё,Финляндия президенті: 

Ицхак Йосеф, Израильдің Бас сефард раввині:

Кардинал Жан-Луи Торан, Папа кеңесінің дінаралық үнқатысу жөніндегі президенті:

Жұптық талқылау.

  • Кемнің пікірімен көбірек келісесіз? Неліктен?

Тапсырма.

«РАФТ» арқылы монолог дайындаңыз.

Рөл

Аудитория

Форма

Тақырып

Форум қатысушысы

Барша әлем халқы

Монолог

«Бейбіт әлемде өмір сүру»

Дескриптор.

  • Кілт сөздер мен негізгі ойды білдіретін сөздерді іріктей алады.
  • Іріктеп алған сөздер мен сөйлемдерді пайдалана отырып монолог құрайды.
  • Жанрлық ерекшелігін сақтайды.

Тыңдалым мәтіні.

Пан Ги Мун, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы: Адамдар мен әлемдік қоғамдастықтың араласып тұруы - бұл әлемнің осынау бөлігіндегі ізгілікті іс қана емес, бұл сіздердің тарихтарыңыздың бір бөлігі. Осы арқылы Қазақстан өңірде озық шығып, әлемді рухани тұрғыда байытатын жетістікке жетті. Бұл - құрғақ декларациялар шығаруға қарағанда, әлдеқайда жақсы бастама. Осы арқылы сіздер мейлінше өзекті дүниеге терең үңіле бастадыңыздар. Бұл съезд бен басқа да күш-жігерлер арқылы сіздер қоғамдағы үйлесімділіктің ешқашан өзінен өзі пайда бола алмайтынын біліп отырсыздар. Осы түсінікті күн сайын дамытып, қорғау керек. Осы тұрғыдан алғанда, мен, Нұрсұлтан Әбішұлы, Сізге бүгінде әлемдік тұрғыда күн тәртібінде тұрған келелі әлеуметтік мәселелерді шешу мен жаһандық қатерлердің алдын алу бағытындағы белсенді бастамаңыз үшін алғыс айтқым келеді.

Саули Нийнистё,Финляндия президенті: Бүгінгідей шапшаң өзгерістерге түскен әлемде Қазақстанда өтіп жатқан осындай форумдар аса қажет, ал осындай үнқатысу алаңдарында ұзақ мерзімді перспектива аясында салмақты да ауқымды проблемалар кеңінен талқылануы тиіс. Біз бірлесе отырып, мейлінше бейбіт өмір сүруге, толерантты болуға, басқа көзқарастар ұстанушылар мен діни наным-сенім иелерінің пікірін сыйлауға үйренеміз. Сондықтан да, әлем үшін осындай пікірталастар алаңдарын ұйымдастырып отырған Қазақстан секілді елдердің маңызы зор. Себебі, шекаралар мен мәдениеттер арқылы үнқатысуларды жандандыру бағытындағы Қазақстанның күш-жігері мойындауға да, құрметтеуге де тұрарлық.

Ицхак Йосеф, Израильдің Бас сефард раввині: Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі әлем халықтарын бірлікке, ынтымаққа және тыныш өмір сүруге шақырады. Өйткені, тыныштық - адамзат баласы үшін ең басты құндылық. Сосын адам мен айуанның арасындағы айырмашылық - парасаттылық. Ендеше, біз өзге діннің өкіліне парасаттылықпен қарай алсақ, сонда ғана бейбіт қатар өмір сүре алар едік.

Кардинал Жан-Луи Торан, Папа кеңесінің дінаралық үнқатысу жөніндегі президенті: «Бүгінгі әлем алаңдап өмір сүретін жағдайда тұр. Мұндайда баршаға парасаттылық керек. Ал бүгін басқосып отырған дін көшбасшылары өзгелерден ерекше. Олардың ерекшелігі әділеттілігі мен кез келген адамға деген құрметтеушілігінде. Астанадағы осынау басқосу бейбітшілік пен бауырластық жолындағы ниеттестігімізді білдіреді. Мұндай алаң әртүрлі діндегі адамзат қоғамының байлығы бола алатындығын көрсетеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу