Бейбітшілікті нығайту. Қазақ тілі, 9 сынып, сабақ жоспары.


Бөлім: Әлемдегі қақтығыстар және бейбітшілік

Сабақтың тақырыбы: Бейбітшілікті нығайту

Мектеп: Орал қаласы НЗМ

Пәні: Қазақ тілі Т1

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Жакыпжанова А.С

СЫНЫП: 9Т1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар: 0

Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары

9.1.6.1 қоғамдық-саяси, ғылыми, коммуникативтік жағдаятқа сай тиісті сөздер мен фразаларды таңдау, орта көлемді монолог дайындау

 Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Негтив

Тыңдалымда көтерілген мәселені түсінеді;

Қажет сөздер мен фразаларды таңдап, орта көлемді монолог дайындайды.

 Тілдік мақсаттар

Мәтіндегі тірек сөздермен жұмыс

 Бағалау критерийлері

  • Кілт сөздер мен негізгі ойды білдіретін сөздерді іріктей алады.
  • Іріктеп алған сөздер мен сөйлемдерді пайдалана отырып монолог құрайды.
  • Жанрлық ерекшелігін сақтайды.

Алдыңғы білім

Алдыңғы сыныптарда оқушылардың тыңдалым және айтылым дағдылары дамытылды.

Сабақ барысында жүзеге асатын құндылықтар

Құрмет, ынтымақтастық

Пәнаралық байланыс

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған әрекеттер (төмендегі жазбаларды өзіңіздің жоспарлаған әрекеттеріңізбен алмастырыңыз)

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Мұғалім сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттары, бағалау критерийлерін оқушыларға таныстырып, бірге талқылайды.

Сабақтың ортасы

10 минут

10 минут

10 минут

Тыңдалым алдындағы тапсырма.

Мұғалім оқушыларға БАҚ-тағы хабарлама мәтінін ұсынады. Оқушылар танысып, жұпта төрт сөйлеммен пікір білдіреді.

Өткізілген форум әлемдегі бейбітшілікті нығайтуға септігін тигізе ала ма?

  • Менің ойымша...
  • Себебі мен оны былай түсіндіремін...
  • Мен оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын...
  • Осыған байланысты мен мынадай қорытындыға келдім...

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана кезекті рет бүкіл әлемнің назарын өзіне аударды. Елордадағы Бейбітшілік пен келісім сарайында екі күн бойы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің кезекті бесінші съезі өтті. «Дін лидерлері мен саяси қайраткерлердің бейбітшілік және даму жолындағы үнқатысуы» атты тақырыппен шақырылған форумға әлемнің 42 елінен 80-нен астам делегация қатысқан болатын. Бұдан бөлек, шараға халықаралық беделді ұйым жетекшілері, шетелдік және отандық саясаткерлер мен дін қайраткерлері де атсалысып, алқалы отырыстың салмағын да арттыра түскен еді.

Тыңдалым тапсырмасы.

Мұғалім оқушыларға форумға қатысушы бірнеше белді тұлғалардың пікірін тыңдатады. Оқушылар тыңдап, төмендегі кестені толтырады.

Пан Ги Мун, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы:

Саули Нийнистё,Финляндия президенті: 

Ицхак Йосеф, Израильдің Бас сефард раввині:

Кардинал Жан-Луи Торан, Папа кеңесінің дінаралық үнқатысу жөніндегі президенті:

Тыңдалымда көтерілген мәселені жұпта талқылайды.

Жұптық талқылау.

  • Кемнің пікірімен көбірек келісесіз? Неліктен?

Айтылым тапсырмасы.

Оқушылар РАФТ стратегиясы арқылы монолог құрап, көпшілік алдында сөйлейді.

Рөл

Аудитория

Форма

Тақырып

Форум қатысушысы

Барша әлем халқы

Монолог

«Бейбіт әлемде өмір сүру»

Дескриптор.

  • Кілт сөздер мен негізгі ойды білдіретін сөздерді іріктей алады.
  • Іріктеп алған сөздер мен сөйлемдерді пайдалана отырып монолог құрайды.
  • Жанрлық ерекшелігін сақтайды.

Оқушылар бірін-бірі дескрипторға сай бағалайды.

https://www.jasondavies.com/wordcloud

Соңы

5 минут

Мұғалім бағалау критерийлері мен оқу мақсаттарына қайта оралып, қаншалықты қол жеткізгенін сұрайды.

Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларды дамытуды қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың оқуын тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік ережелері

АКТ сілтемелері Құндылықтар сілтемелері

  • Көбірек қолдау көрсету үшін орындалатын тапсырмаларға үлгі келтіру.
  • Жетістік крийлері бойынша өзара бағалауды ұйымдастыру.
  • Психология

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары

жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма?

Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?

1:

2:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу