Бейбітшілікті нығайту. Қазақ тілі, 9 сынып, дидактикалық материал.


Монолог

Монолог - кейіпкердің көпшілікке қарата немесе өзіне арнап айтқан сөзі, толғанысы, өсиет-уағызы. Сөз өнерінде жиі қолданылатын монологтар кейіпкердің ішкі жай-күйін, сырт ортаның өзіне әсер еткен жағдайына байланысты туған толғаныс-тебіренісін бейнелеу мақсатында қолданылады. Монологтың өзге сөйленістерден ерекшелігі - бір адамның ойы бір ғана көрініс табады. Мысалы, өзіміз күнделікті театрдан тамашалайтын сахналық көріністе кейіпкер өзімен-өзі сырласқандай болып, тыңдаушы немесе көрерменнен ешқандай жауап күтпейді. Ұлы ақын Абай Құнанбайевтің «болыс болдым мінеки» өлеңі лирикалық монологқа, Алтай ("Сұлушаш"), Қоңқай ("Ақан сері – Ақтоқты") репликалары эпикалық, драмалық монологтарға мысал бола алады. Монологта кейіпкердің ой-тұжырымы айтылып, оның жай-күйі айқын аңғарылады. Монологтың ғылыми тұрғыдағы атауы – «интраперсоналды сөйлеу».

Толығырақ: https://massaget.kz/okushyilarga/uy_tapsyirmasyi/28706/

 Монолог – сөз өнерінде кейіпкердің ішкі жай-күйін, толғаныс-тебіренісін бейнелеу мақсатында қолданылатын тәсіл [2, 509]. «Монолог, автор сөзі, ортақ төл сөз сияқты баяндау бөлшектерінде бірімен – бірі аралас келіп, бірінен – біріне білінбей ауысуы арқылы автор баяндауын кейіпкерлердің сөйлеу мәнеріне жақындату, ой – сезім дүниесін жан – жақты ашу көзделінеді» [3, 81].  

 Г.Пірәлиева ішкі монологтың екі түріне үлкен ғылыми тұрғыда талдау жасаған болатын. Оның біріншісі – шығарманың бейнелеу өрісіне монологқа айналған сана-сезімнің қаншалықты дәрежеде қатысы барын айқындауға байланысты көрінеді. Оның өзі үш түрлі жағдайда көрініс табады. Бірінші санадан, еркіңнен мүлдем тыс ішкі монолог (безсознательность), екінші жарым-жартылай саналы, кейде санадан тыс сәттегі ішкі монолог, ол көбінесе, «ой ағысы» (поток сознание) тәсіліне ұласып жатады. Ал үшінші өзін бақылай, қадағалай алатын, жүйелі түрде бағыты айқындалған, шын мәніндегі ойлау үрдісін білдіретін ішкі монолог. Оның қосалқы бір түрі автор өзі тікелей оқиғаға, әрекетке талдау жасайтын монолог.

  Ішкі монолог – көркемдік бейнелеу тәсілі екенін көркем шығарманың кейіпкер образын танудағы жолдардан байқауға болады.

 Ішкі монологтың авторлық түрлері негізгі үш жағдайда байқалады. Біз жазушы әңгімелерінде ұшырасатын монологты соған сәйкес талдадық.

 Бірінші: ішкі монолог кейіпкердің ой-сезімін жеткізетін автор сөзі тұрғысында берілуі. Мысалы: «Арбалар шиқ-шиқ етіп келеді. Күзгі қара жол шаңы аспанға шығып, бұрқ-бұрқ етіп жатыр. Күн еңкейген. Таңертеңгісіндей қыздырмайды. Аспан да мұнартып тұр. Төңірек бір түрлі көңілсіз жабырқау тартып, ұйқыны келтіреді. Көзім жұмылып маужырай бастадым. Біразға дейін терісіне сыймай, тырсылдап жатқан Қанатай, бетін қапқа басып ұйықтап кетті...» (Күзгі бұралаң жол) [1].  

 «Кетпесе керек еді ғой. Қайтып оралуы тиіс еді ғой...» мұнда Рысжанның Төлепті күтуден күдері үзілмегендігі байқалады (Ескек жел) [1].

 Осы берілген мысалда кейіпкердің ішкі сезімі, яғни ішкі монолог автор баяндауы арқылы беріліп отыр. Автор кейіпкердің ішкі ойын, сезімін дала табиғатының сырымен  астарластыра берген. Ішкі монологқа тікелей қатысты кейіпкер бойынан табылатын түс көру, оны жорыту, ішкі дауыс, ішкі диалог, ой ағысы т.б. көркемдік бейнелеу тәсілдері С.Мұратбековты өзгелерден бөліп көрсететін жазушылық шеберлігі екені анық.

 Адамның сезім-күйін, ой толғанысын, күйініш-сүйінішін барлық қайшылығымен асқан шеберлікпен шынайы әрі дәл де танымды нақышпен бейнелеуде де монологтың қызметі зор.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу