Мен қалай әртіс болдым? Қазақ тілі, 8 сынып, сабақ жоспары. 6 сабақ.


Қысқа мерзім жоспары

6-сабақ

Бөлім тақырыбы:

Театр өнері мен мәдениеті

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты -жөні:

Сынып: 8

Сабаққа қатысушылар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Мен қалай әртіс болдым?

Оқу мақсаттары

Ж8.3.5.1 - оқылым және тыңдалым материалдары бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазу

 Сабақ мақсаттары

 Оқушылар:

  • ақпараттардан жинақы мәтін (аннотация) жазады

 Бағалау критерийі

Сұхбаттаушыға арнайы сұрақтар қою және қойылған сұрақтарға дәйекті жауап беру

 Тілдік мақсат

Пәннің лексикасы мен терминологиясы: студия, ұқсап-бағуға тырысу, гастрольдік сапар, пьеса, эпизод, киелі сахна т.б.

Диалог пен жазба жұмыстарындағы тілдік қолданыс:

Танымал өнер жұлдыздарының айтуы бойынша...,

тарихқа көз жүгіртсек..., дегенмен..., менің ойымша..., біріншіден..., қорыта айтқанда....

Жұптық тапсырмада әртіс болу жолдары туралы әңгімелеседі.

Құндылықтарды

дарыту

 

Бұл сабақ оқушыларды өнерге баулуға бағытталады

 Пәнаралық байланыс

Сөз өнері, әдебиет,

 Бастапқы білім

Оқушыларда жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазу дағдылары қалыптасқан

Сабақтың барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Қорлар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту:

«Саяхаттаушы ақпараттар» әдісі.

Сыныптың әр бұрышына мұғалім сөйлем немесе сөздерді (әртіс болу жолдарына қатысты) ақ параққа жазып іліп қояды. Оқушылардың қолдарына сол сөз немесе сөйлемдердің жауабын немесе сұрағын карточкаға жазып береді. Оқушылар сыныпты айналып жүріп, өзінің қолындағы тапсырмаға қатысты парақты табады. Барлығы тауып болған соң бірлесе жүріп әр парақтың жанына барады. Өз парағының жанына келгенде, сол оқушы өзіне қатысты оқу материалын түсіндіреді.

https://v4k.online/video/KMS5kS_5kLY

Сабақ ортасы

Мәтінмен жұмыс кезеңі.

Болжау:

Оқушылар қазақстанның халық әртісі Айша Абдуллинамен жүргізілген сұхбат үзіндісін оқып, сұхбатты әрі қарай жалғастырады.

1-тапсырма.

Оқушылар алдымен, қазақстанның халық әртісі Айша Абдуллинамен жүргізілген сұхбатты тыңдайды.

2-тапсырма.

«Кезбе тілші» әдісі.

Оқушылар шағын топтарға біріктіріледі. Ортақ талқылауға «Халық әртісі әсем қала, Алматының үлкен сахнасында өнер көрсетіп жүріп Шымкентке неге кетіп қалған?» тақырыбы беріледі. Топтарда талқылау басталғанда әр топтан бір «кезбе тілші» ерікті түрде шығып, басқа топтардағы оқушылармен сұхбаттасады. Сұхбаттасу немесе диалог құру барысында ғылыми терминдерді, ғылыми деректерді орынды қолданады. Соңында жинаған мәліметтерімен өз тобының басқа мүшелерімен бөліседі.

Сұхбаттасу нұсқаулығы:

1.сұхбат берушімен амандасу;

2.сұхбат алу мақсатымен хабардар ету;

3.сұхбат алу мақсатына орай сұрақтарды іріктеу;

4.сұхбат беруші үшін қолайлы тілдік қорды қолдану;

5.сұхбат берушінің жауабына қарай сұрақтарды өзгерту.

Сұхбаттаушыға арнайы сұрақтар қою және қойылған сұрақтарға дәйекті

жауап беру

Дескриптор

Білім алушы:

терминдерді, ғылыми деректерді орынды қолданады

диалог, сұхбат барысында бас әріппен жазылатын күрделі құрама атауларды ауызша тілдік қолданыста дұрыс қолданады

Балл

4

3

Тіл мәдениетін сақтау

3

Барлығы 10 ұпай

  • Оқушыларға жинақы мәтін құрастыру жолдары таныстырылады.

Мысалы,

Жинақы мәтін құрастыру жолдары:

-Мазмұндық өңдеу:

-Мәтінді мұқият оқу және негізгі, қосымша ақпараттарды анықтау; қосымша ақпараттарды сызып тастау.

-Негізгі ойды білдіретін тірек сөздерді, сөйлемдерді белгілеу.

-Автор ойын, баяндау желісін сақтай отырып, мәтіндегі негізгі ойды ықшамдау.

Мәтін түпнұсқасының сілтемесін көрсету.

Жинақы мәтін – бастапқы мәтіндегі негізгі идеялар мен ақпараттарды сақтай отырып, мәтін көлемін ықшамдау және өңдеу.

Жинақы мәтін жазуда төмендегі мазмұндық өңдеуді басшылыққа алу керек:

Мәтінді мұқият оқу және негізгі, қосымша ақпараттарды анықтау; қосымша ақпараттарды сызып тастау.

Негізгі ойды білдіретін тірек сөздерді, сөйлемдерді белгілеу.

Автор ойын, баяндау желісін сақтай отырып, мәтіндегі негізгі ойды ықшамдау.

Мәтін түпнұсқасының сілтемесін көрсету. Мысалы: Автор айтқандай...,менің ойымша ..., қорыта айтқанда.... Мәтінде «.....» берілген т.б.

3-тапсырма.

Оқушылар Жансая Тәуекелқызының «Мен қалай әртіс болдым?» тақырыбындағы сұхбатпен танысып, талдау жүргізгеннен кейін, осы мақала туралы аннотация жазады.

Аннотация жазу барысында төмендегі нұсқаулықты басшылыққа алу керек:

мақаланың жазылу тарихы немесе уақытын қамту;

автор туралы мәлімет келтіру;

мақаланың қандай мақсатта жазылғанын көрсету;

деректерге сілтеме жасау;

мақаланың құндылығы, кімдерге арналғанын айту;

мақалаға баға беру.

Бағалау критерийі:

Бағалау критерийі

№ тапсыр

ма

Дескриптор

Білім алушы:

Балл

тыңдалым материалы бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін жазу

1

Сұхбат мәтінінен негізгі ақпаратты табу

 Жай сөйлемдерді орынды қолданады

 

4

 

 

3

Барлығы 7

Дифференциация:

Кейбір оқушылар ғылыми мақалаға жазылған аннтацияны іздестіріп, талдау жүргізеді.

https://kz.otyrar.kz/2015/03/k%D2%AFl%D3%99sh%D2%9Ba-eliktep-%D3%99rtis-boldym/

http://alie-parusa.ucoz.ru/MO/MO_rus/gia-sistema-raboti-s-c1.pdf

Сабақтың соңы

1-тапсырма.

Кері байланыс «3-2-1»

  • Сабақтан алған 3 маңызды ақпарат
  • Қиындық тудырған 2 аспект
  • Сабақ барысында туындаған 1 сұрақ

«3-2-1» жазылған парақшалар, стикер



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу