Ғарышты игеру жетістіктері. Қазақ тілі, 8 сынып, сабақ жоспары. 6 сабақ.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
4-бөлім: Ғарышты игеру жетістіктері
Пән: ҚАЗАҚ ТІЛІ(Т1) | Мектеп: | |||||||||||
Күні: 6-сабақ | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||
Сынып: 8-сынып | Қатысқандар:8 « » | Қатыспағандар:8 « » | ||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Ғарышты игеру жетістіктері | |||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 8.3.2.1 -жанрлық және стильдік ерекшелік-теріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, аннотация, тезис құрастырып жазу; | |||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Барлық оқушылар: Берілген мәтін мазмұнын түсінеді, бір –біріне түсіндіре алады; Оқушылардың көпшілігі: Аннотация туралы ақпаратты оқиды, түсінеді. Оқушылардың біразы: Аннотацияны берілген анықтама мен дескрипторға сай тілдік құралдарды орынды қолдана отырып, жаза алады. | |||||||||||
Бағалау критерийлері | -мақала, презентация құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырата алады. | |||||||||||
Тілдік мақсаттар | Тақырыпқа байланысты сөздер мен сөз тіркестері: Байқоңыр, ғарыш, ғарыш жетістіктері, ғарышкерлер, ғылыми жаңалықтар, ғарыштық аппараттар,т.б. Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер: Менің ойымша ... Мен .... келісемін. Тарихи деректерге сүйенсек... | |||||||||||
Құндылықтарменбайланыс (тәрбиелікэлемент) | Жауапкершілік (топтың әр мүшесі өз тапсырмасын жауапкершілікпен орындауы). Құрмет (әр оқушының, өзге топтың ойына, пікіріне құрметпен қарауы). | |||||||||||
Жоспар | ||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||||||||||
Сабақтың басы 5 минут | Ұйымдастыру және сабақтың мақсатын айқындау кезеңі: І. Амандасу. ІІ. Оқушыларды түгендеу. ІІІ.Қызығушылықты ояту: Балаларға төмендегі мақал-мәтелдер беріледі. Олар мақалдардың мазмұнын талқылап, ойларымен топта бөліседі. Бұл мақалдардың тұрмыстағы маңызына тоқталады.
Сүмбіле туса су суиды
| Презентеация | ||||||||||
Сабақтың ортасы 30 минут | Жазылым алды тапсырмасы:
Төрт адамнан тұратын топтардағы жұптар өзара ақпарат алмасады. 1-қадам: А-Ә-дан сұхбат алады, ал Б-В-дан сұхбат алады. 2-қадам: керсінше, Ә-А-дан сұхбат алады, В-Б-дан сұхбат алады. 3-қадам: Әр оқушы өз жұбы туралы ақпаратпен төрт адамдық топ ішінде бөліседі. Дескриптор:
Аннотаңия – сын жанрларының ішіндегі ең шағын көлемдісі. Шын мәніндегі әдеби сынның бастау алар бұлағы. Алғаш көрінген түрі десе де болғандай. Аннотацияның объектісі – бір ғана шығарма, кітап. Мақсаты – кітаптың не туралы екендігімен таныстыру. Әдеби сынның басқа жанрлары сияқты, алдына көп міндеттер қоймайды; жоғарыда айтылған бір ғана мақсатты шағын көлемде орындау аннотацияның негізгі жанрлық ерекшелігін айқындайтын өлшем болып табылады."Қазақ совет энциклопедиясында" аннотацияға мынадай анықтама берген: "Аннотация (лат.аnnotatie - ескертпе) – кітаптың, мақаланың мазмұнын, саяси – идеялық бағытын, құндылығын түсіндіретін қысқаша сипаттама". Бұл анықтамаға сүйенсек, аннотация дегеніміз – кітап туралы қысқаша сипаттама. Ал, "Қысқаша әдеби энциклопедияда" "кітап, мақала, қолжазба, шығарма мазмұнының қысқаша мазмұндамасы" деген түрде түсіндірілген. Академик М. Қаратаев бір мақаласында аннотацияны "қысқаша мазмұндама" деп атапты. Профессор Т. Амандосов аннотацияны рецензияның "ең шағын да қысқа түрі" екендігін, ол "шығарманы қысқа, тұжырымды баяндап береді", "кеңірек үгіттеуді көздейді" деп жазады. Т. Кәкішев "аннотация сол шығарманың негізгі мән – маңызын қысқаша түйіндейді" – дейді. Аннотация басылып шыққан бір кітаптың алғашқы бетіне басылады да оның төлқұжаты (паспорты) сияқты қызмет атқарады. Әрбір адамның төлқұжатында ол туралы негізгі мәліметтер жазылатын болса, әр кітаптың аннотациясынан да осы секілді мағлұматтарды алуға тиіспіз. Ең басты- "кітап не жайлы, бізге қажет пе, қажетсіз бе?" деген сауалдарға жауап іздейміз. Осы орайдан көрінген аннотация мақсат үдесінен шыққан, ал көрінбесе, өз міндетін орындай алмаған. Сондықтан да әрбір кітапқа берілер аннотацияның ойдағыдай жазылуы әрдайым назарда болғаны жөн. Аннотация мазмұны мен мақсатына төмендегідей түрлерге бөлінеді: 1) Анықтамалық (немесе ақпараттық аннотация). Олар жұмыстың тақырыбын ашып, шығарманың аспектілерін қысқаша сипаттайды (кейіпкерлердің ерекшеліктері мен сюжеттік бұрылыстар және т.б.айтылады). Мұнда жұмысты сынға алмайды, бірақ кітап не туралы екенін, автордың өзіндік ерекшелігі туралы ақпарат береді. Аннотацияның сұлбасы: Автор туралы қысқаша ақпарат; Қысқаша жанр туралы; Бұл шығарма неге байланысты жазылғаны туралы; Шығамраның қысқаша мазмұнының сипаттамасы; Шығарманы жариялау немесе қайта шығару себептері (бұл жағдайда бұрынғы басылымдардағы айырмашылықтар көрсетіледі); - Жұмыстың мақсатты оқырмандары туралы ақпарат. Ұсыныс беретін аннотация. Бұндай аннотация оқырманның жас ерекшелігін ескере отырып, шығарманың маңызы мен пайдасы, оның жаңашылдығы туралы баяндайды; Сонымен қатар,аннотацияның: жалпылама, қысқаша және сараптамалық түрлері болады. Жалпылама аннотация кітапты тұтастай сипаттайды. Олар анықтамалық және консультациялық болуы мүмкін. Әдетте, олар кең аудитория үшін жазылады және идеяның мәтінде ұсынылу жолдарына көңіл аударады. Егер жұмыс көркем әдебиет үлгісінде болса, кейіпкерлердің басты мәселелерді, жанжалды, қақтығыстықалай шешкені туралы баяндайды. Сараптамалық аннотациядабүкіл кітапқа емес, ең қызықты тақырыптық бөліктерге, тарауларға, параграфтар туралы жазылады. Көбінесе бұл аннотациялар сипаттамалы, анықтамалық түрде болып табылады. Көлеміне қарай қысқа аннотация болады. 1) қысқа - олар бір аспектіні сипаттауға бағытталған. Әдетте, бұл материалды бағалау, тақырыпты терең зерттеу. Немесе олар өте қысқа түйіндеме, бұл жұмыстың мәнін анықтайды. Оқылым мәтіні Қазір дамыған елдердің барлығы да ғарыш саласын меңгеру үстінде. Мәселен, Ресей өзге елдің бір азаматын ғарышқа ұшырғаны үшін ел бюджетіне 30 миллион доллардан аса қаржы түсіреді екен. Тіпті олар қазір Қиыр Шығыстан «Байқоңырға» балама болатын ғарыш айлағын салып жатқан көрінеді. Осылайша, олар «Байқоңыр» ғарыш айлағын жалға алуды бірте-бірте доғаруы мүмкін. Сондықтан келешекте космодромымызды сақтап қалу, оны игеру үшін ғарышкер мамандарды дайындауды бүгіннен бастап қолға алғанымыз дұрыс шы ғар... ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің ресми сайтына кірсеңіз, жастардың басым көпшілігінің «мен қалай ғарышкер боламын, бізде ғарышкерлерді дайындайтын арнайы жоғары оқу орындары бар ма?» деп, агенттік төрағасы Талғат Мұсабаевтың атына сұрақтар жаудырғанын байқайсыз. Демек, жастардың ғарышты бағындырамын деген арманы жоғары деңгейде. Үміт бар. Бірақ сол үмітті еліміз қаншалықты ақтай алып отыр? Жалпы, бұл төңіректе ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің мамандарымен сөйлесе қалсаңыз, елімізде ғарыш саласы дамып жатыр, өркендеп жатыр дегенді алға тартады. Шынында да, солай ма? Тіпті аталмыш агенттіктің төрағасы Талғат Мұсабаев бір сұхбатында «еліміздің бірқатар ұлттық университеттерінде аэроғарыш мамандарын дайындайтын оқу бөлімдерін ашамыз» деген еді. Мейірбек МОЛДАБЕКОВ, ҚР Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының орынбасары: – Елімізде ғарыш саласының мамандарын даярлайтын арнайы жоғары оқу орны жоқ. Бірақ әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да, Гумилев атындағы Еуразиялық университетте, Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-да, Алматы энергетика және байланыс институтында, Азаматтық авиация академиясында ғарыш саласында білім беруге болады деген тоқтамға келген болатынбыз. Бірақ Авиация академиясының аэроғарыш саласында неге мамандар даярламай отырғанын мен білмеймін. Дегенмен бізде мынадай жүйе қалыптасқан. Егер студент Үкімет бөлген грантты иеленсе, ол өзінің таңдаған университетіне барып білім алады. Міне, осы бөлінген гранттарды ұтып алған студенттер бес ЖОО-ның барлығына бірдей бармаған. Менің білетінім, қазір ғарыштық саланың студенттері Алматы энергетика және байланыс институты мен Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-да білім алып жатыр. Әрине, олардың зертханалық базасы, оқытатын мамандары, оқулықтары барлығы жақсы деңгейде деп айта алмаймын. Сондықтан ғарыш саласына арнайы жабдықталған дербес университет керек-ақ. Бірақ олардың барлығы бір күнде келе салмайды. Уақыт өте келе шешімін табады деп ойлаймын. Амангелді МОМЫШЕВ, Мәжіліс депутаты: – Біз қазір «Байқоңырдың» қадіріне жете алмай отырмыз. Ертең ол космодромымызды ресейліктер тастап кетіп, өз еліндегі ғарыш айлағын дамытатын болады. Сонда біз не істейміз? Өзіміздің «Байқоңырды» қалай сақтап қаламыз, қалай дамытамыз? Тағы да АҚШ-қа, Қытайға, Француздарға жалға беріп қойып отыра береміз бе? Ол болмайды! Сондықтан қазірден әрекет етуіміз қажет. Бірақ ғарыш саласын дамыту үшін арнайы колледж, университет ашудың керегі жоқ. Одан ұтарымыз шамалы. Одан да «Байқоңырдың» жанынан Қазақстан жастарының білім алуы үшін арнайы орталық ашайық. Сонда жастарымыз ол жерде нақты тәжірибе жүзінде үйреніп, білімін шыңдайтын болады. Ал университет ашатын болсақ, оның зертханасы керек, басқасы керек, қаншама шығынды қажет етеді. http://alashainasy.kz/userdata/editions/pdf/6820ce3c407de65a17cc18f67c36356e.pdf Жазылым тапсырмасы: Берілген мәтінді оқып, мазмұны бойынша аннотация жазыңыздар. Дескриптор:
Жазылымнан кейінгі тапсырма: «Шығыс базары» әдісі бойынша оқушылар араласа жүріп, аннотацияларын оқып, таныстырады.
| http://school-of-inspiration.ru/vidy-annotacij-s-primerami http://ebooks.semgu.kz/content.php?cont=d;2218 tp://alashainasy.kz/userdata/editions/pdf/6820ce3c407de65a17cc18f67c36356e.pdf | ||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Қорытындылау: Өтілген тақырыпқа қатысты төмендегі кестені толтырады.
Кері байланыс: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша сабақтың қызықты болған екі тұсы, алдағы уақытта «орындасақ» деген бір әрекет түріне ұсыныс білдіреді. | |||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||||||||
Топ бірі-біріне қолдау көрсетеді. Топтар басқа топтардан жаңа ақпарат алады. | Оқуды қадағалау Сұрақ - жауап Топтық бағалау | Тарих пәнімен байланыс. АКТ дағдылары, егер сынақ онлайн болса, электронды сөздіктерді қолдану мүмкіндіктері. Топпен жұмыс істеу дағдылары (бір-біріне құрмет). | ||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| |||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?