Кәсіп. Қазақ тілі, 8 сынып, презентация. 1 сабақ.
КӘСІП ПЕН ЕҢБЕК.
БОЛАШАҚ МАМАНДЫҚТАРЫ
ОҚУ МАҚСАТЫ:
Т/А5 Перифраз түрінде берілген сұрақтар арқылы мәтіннен қажетті ақпаратты таба білу, көтерілген мәселе бойынша ой тұжырымдау.
Т/А4 Мәтінде көтерілген мәселені (тұрмыстық, әлеуметтік) талдай отырып, негізгі ойды анықтау
САБАҚ МАҚСАТЫ:
Сұрақтарға жауап беру;
Мәтінде көтерілген мәселені анықтау;
Негізгі ойды анықтау.
ЖЕТІСТІК КРИТЕРИЙІ:
Сұрақтарға мәтін мазмұнына сай жауап бере алады.
Мәтінде көтерілген проблемалық мәселені анықтайды.
Автордың айтқысы келген ойын анықтайды.
«Карусель» әдісі
Берілген тақырыптар бойынша жұпта әңгімелесіңдер. Сыртқы шеңбер 30 минут, ішкі шеңбер 30 минут тақырып бойынша өз пікірлеріңді білдіріңдер.
1 – қадам:
Бейнебаянды мұқият тыңдаңдар. Бейнебаянның мазмұнын, мәселесін анықтауға бағытталған «нақтылаушы», «бағалаушы» сұрақтар құрастырыңдар.
1. Бейнебаянның мазмұнын анықтауға бағытталған нақтылаушы сұрақ құрастыра алады.
2. Бейнебаянда көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылаушы, бағалаушы сұрақтарды құрастырады.
3. Сұрақтарында қолданылған бейнебаяндағы ақпаратты синоним сөздерімен алмастырып құрастырады.
ДЕСКРИПТОР:
2 – қадам:
Берілген сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Сұрақтарға бейнебаян мазмұны бойынша жауап береді.
2. Өз пікірлерін бейнебаяннан мысалдар келтіру арқылы дәлелдей алады.
ДЕСКРИПТОР:
3 – қадам:
Сұрақтарға берілген жауаптарыңды жинақтай отырып, мәтінде көтерілген мәселелерді анықтаңдар, шешу жолдарын табыңдар, автордың ойын табыңдар. Менталды картаға сызыңдар.
1. Мәтінде көтерілген мәселелерді негізгі ақпараттар арқылы анықтайды.
2. Мәселелердің шешу жолдарын бейнебаян мазмұны бойынша табады.
3. Автордың осы шешу жолдарын неліктен ұсынғанына сараптама жасайды.
ДЕСКРИПТОР:
4 – қадам:
Менталды карталарыңды толықтырыңдар: Мәтіннің тақырыбы бойынша қазіргі кезде туындап жатқан немесе болашақта туындауы мүмкін мәселелерді анықтаңдар, оның шешу жолын ұсыныңдар.
1. Қазіргі кезде туындаған мәселерді өмірден мысал келтіру арқылы анықтайды.
2. Мәселені шешудің тиімді жолын көрсетеді.
ДЕСКРИПТОР:
РЕФЛЕКСИЯ
Сабақта ұнаған 2,
көңіліңіз толмаған 2
іс-әрекетті атаңыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды