Роботтар мұғалімдерді ауыстыруы мүмкін бе? Қазақ тілі, 8 сынып, таратпа материал. 6 сабақ.
Жазылымға дайындық.
1-тапсырма.
Мәтінді оқып, сұрақтарды жұпта талқылаңыз.
- Мәтіндегі ойға көзқарасыңыз қандай?
- Адамзатқа қаншалықты пайдалы?
- Зиянды тұстары қандай болуы мүмкін?
- Біздің елімізде де осындай жаңалық болуы мүмкін бе?
Мәтін.
КТК телеарнасының мәліметінше, Қытайда мұғалімдердің орнын роботтар басып жатыр. 600 балабақшаның бүлдіршіні жаңа тәрбиелеушілерімен танысты. Дөңгелек ақ басты, беттің орнына сенсор экран орнатылған роботтың биіктігі бар-жоғы 60 сантиметр. Білім саласындағы жаңа қызметкерге Кико деген есім берілген. Ақылды робот балаларға қызықты әңгімелер мен ертегілер айтып, жаттығу мен тапсырмаларын ұсынады. Егер бүлдіршін дұрыс жауап берсе сенсорде қызыл жүрек жанады. Сонымен қатар, робот мұғалімдер кез келген сұраққа жауап береді. Мұндай мұғалімнің құны 10 мың юань, яғни 500 мың теңге. Бұл аспанасты еліндегі бір педагогтың айлық жалақасы. Құрастырушылар өз өнімдерін басқа елдерге сатуды жоспарлап отыр.
2-тапсырма.
Робот ұстаздың артықшылықтары мен кемшіліктері туралы ойланып, жазыңыз.
Артықшылықтары | Кемшіліктері |
Жазылым тапсырмасы.
3-тапсырма
«Мұғалімнің орнын роботтар ауыстырса білім беру қалай өзгереді?» тақырыбында эссе жазады.
Дескриптор:
- Эссе жазады;
- Құрылымын сақтайды;
- Шешімнің артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстырады;
- Мәселеге қатысты өз көзқарасын дәлелді білдіреді.
- Сауатты жазады
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды