Роботтар мұғалімдерді ауыстыруы мүмкін бе? Қазақ тілі, 8 сынып, сабақ жоспары. 6 сабақ.
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Кәсіп пен еңбек. Болашақ мамандықтары | Мектеп: Орал қаласындағы ФМБ НЗМ | ||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің ТАӘ: Жакыпжанова А.С | ||||||||||||||||||
Сынып: 8 | Қатыспағандар саны: Қатысқандар саны : | ||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Роботтар мұғалімдерді ауыстыруы мүмкін бе? | ||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.3.4.1. Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылықтары мен кемшілік тұстарын салыстыру, өз ойын дәлелдеп жазу (аргументативті эссе). | ||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Оқушылар: Мәселеге қатысты пікір білдіреді. Құрылымын сақтап, эссе жазады. Шешімнің артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстырады. | ||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері
|
| ||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пән лексикасы және терминология: Жазылымға қажетті сөз тіркестері: Менің ойымша/пікірімше…, Менің көзқарасым тұрғысынан …., Менің көзқарасым бойымша…, Мен сенімдімін…, Мені таңқалдыратыны, …, Мен шын мәнісінде сенемін…, Ал маған келер болсақ …, Артықшылықтардың бірі…, Келесі артықшылығы…, Тағы басқа артықшылықтарына тоқталсақ…, Басты артықшылығы, Ең маңыздысы…, Ең басты артықшылығы…болып табылады, өйткені… | ||||||||||||||||||
Құндылықтар | Өмір бойы оқу, құрмет | ||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | |||||||||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | «Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы», «Азаматтық құндылықтар және әлем мәдениеті» бөлімдері арқылы жазылым дағдылары дамытылды. | ||||||||||||||||||
Сабақтың барысы | |||||||||||||||||||
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған әрекеттер | Ресурстар | |||||||||||||||||
Сабақтың басы
3 минут |
Мұғалім оқушылармен бірге сабақтың тақырыбын, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерін таныстырады, талқылайды. | Таныстырылым | |||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 5 минут 5 минут
22 минут | Жазылымға дайындық. Мұғалім оқушыларға мәтін ұсынады. Оқушылар мәтінді жеке оқиды, мәтінде көтерілген мәселені ұсынылған сұрақтар арқылы топта талқылайды. 1-тапсырма. Мәтінді оқып, сұрақтарды жұпта талқылаңыз.
Мәтін. КТК телеарнасының мәліметінше, Қытайда мұғалімдердің орнын роботтар басып жатыр. 600 балабақшаның бүлдіршіні жаңа тәрбиелеушілерімен танысты. Дөңгелек ақ басты, беттің орнына сенсор экран орнатылған роботтың биіктігі бар-жоғы 60 сантиметр. Білім саласындағы жаңа қызметкерге Кико деген есім берілген. Ақылды робот балаларға қызықты әңгімелер мен ертегілер айтып, жаттығу мен тапсырмаларын ұсынады. Егер бүлдіршін дұрыс жауап берсе сенсорде қызыл жүрек жанады. Сонымен қатар, робот мұғалімдер кез келген сұраққа жауап береді. Мұндай мұғалімнің құны 10 мың юань, яғни 500 мың теңге. Бұл аспанасты еліндегі бір педагогтың айлық жалақасы. Құрастырушылар өз өнімдерін басқа елдерге сатуды жоспарлап отыр. Оқушылар топта бірлесе робот-мұғалімдердің артықшылықтары мен кемшіліктері туралы ойланып жазады. 2-тапсырма. Робот ұстаздың артықшылықтары мен кемшіліктері туралы ойланып, жазыңыз.
Жазылым тапсырмасы. Мұғалім оқушыларға эссе тақырыбын ұсынып, дескрипторлармен таныстырады. Оқушылар жазылым тапсырмасын жеке орындайды. 3-тапсырма «Мұғалімнің орнын роботтар ауыстырса білім беру қалай өзгереді?» тақырыбында эссе жазады. Дескриптор:
| «Қазақ тілі» оқу бағдарламасы https://kaz.tengrinews.kz/science/mugalmderdn-ornyin-robottar-basyip-jatyir-291651/ | |||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Сабақтың соңында мұғалім бағалау критерийлері мен сабақ мақсаттарына қайта оралады. Бағалау критерийлеріне қаншалықты қол жеткізгендері туралы бірге талқылайды. Рефлексия. Рефлексия. Мұғалім тақтаға «нысананы» іледі. Оқушылар сабақ туралы пікірлерін «нысанаға» белгілеп, рефлексия береді. | Рефлексия парағы | |||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | |||||||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| |
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды