Роботтар мұғалімдерді ауыстыруы мүмкін бе? Қазақ тілі, 8 сынып, қосымша ресурс. 6 сабақ.


Эссе жазу

ЭССЕ жазу барысында қатаң сақталынуы тиіс ТАЛАПТАР:• Жеке көзқарастың көрінісі;• Фактілі дәлелдер (аргументтер);• Теоретикалық негіздеме;• Терминдерді қолдану;• Цитаталарды келтіру;• Әртүрлі көзқарастарды мысалға алу;• Логикалық заңдылықтың сақталынуы;• Салыстыру және қорытындылау әдістерін қолдану;• Сауаттылық (пункт., орфогр.);

Жиі кездесетін қателіктер:Проблема ашылмайды;

Автордың жеке позициясы көрінбейді;Теоретикалық негіздемесі жоқ;

Терминдерді орынсыз, сауатсыз қолдану; Тым қарапайым өмірдің мысалдары көп; Ауызекі сөздер, диалект, сленг, жаргон сөздер; Келтірілген мысалдар автор позициясына қайшы;Қорытындылау, түйін шығару деген жоқ; Логиканың болмауы.

Эссенің жазылу құрылымы:1. Кіріспе. Тақырыптың негізгі мәні мен негіздемесі тезис түрінде көрсетіледі;2. Тақырыпты дамыту: Тақырыпқа сәйкес бар біліміңізбен: теория, фактілер, идея, ақпараттар, паралелдеу, аналогия, ассоцация, теңеу, сұрақтар қою, т.б. қолданып, дәлелдейсіз (аргументация).Мыс. 1. Аргумент түсіндіру мысал (факт) байланыстырушы сөйлемдер. 2. Аргумент түсіндіру мысал (факт) байланыстырушы сөйлемдер;3. Қорытынды. Жалпылау мен аргументтеріңіздің логикалық қорытындысы. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні”.

Сыныпта белгілі бір жазылым (эссе) тапсырмасын толық орындау үшін бірнеше қадамдар жасалады:

  • Әуелі жазғың келетін нәрсенің мақсатын анықтап алу (тақырып, идея, оқырман, стиль, жанр).

Оқушылармен тақырыпты талқылау, тақырып аясын анықтау.

  • Ойыңды дұрыс жеткізуді жоспарлау.

Топ болып немесе сынып болып жоспарлауға болады. Ол үшін алдын ала талқыланған идеялар топтастырылады. Сонымен қатар жоспарлар алу логикалық жүйелілікке алып келеді.

  • Шимай нұсқасын (өзгертілуі мүмкін жазылым түрі) жазып көру. Критерий бойынша жұптық не топтық бағалау ұйымдастыру.
  • Түзету ( қателерді түзету және мазмұнын толықтыру). Оқушы айтылған ұсыныстар негізінде мәтінін түзетеді.
  • Тексеріп шығу (сауаттылыққа тексеру және түзеу).

Оқушы ең соңғы рет қатесін тексеріп шығады.

  • Дұрыс нұсқаны (екінші немес соңғы нұсқаны жазып шығу) жазу. Мұғалімге тапсырады.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу