Ер еңбекте сыналады. Қазақ тілі, 8 сынып, қосымша ресурс. 4 сабақ.
Сөздік қор
Тіліміздегі сөздердің көбі – қазақтың ғасырлар бойы қолданылып келе жетқан байырғы төл сөздері. Олар ең қажетті ұғымдарды білдіреді де, жалпы халыққа бірдей түсінікті болады. Мысалы: Туыстықты білдіретін атаулар: ата, ана, нағашы, жиен, аға, жеңге, бөле, құда, т.б.
Мал атаулары: жылқы, түйе, сиыр, қой, құлын, лақ, т.б.
Табиғат құбылыстарының атаулары: күн, ай, ел, бұлт, тау, тас, т.б.
Аң-құс атаулары: бүркіт, қаршыға, торғай, түлкі, қасқыр, аю, қоян, т.б.
Заттардың түр-түсін, сапасын білдіретін атаулар: ақ, қызыл, ауыр, жеңіл, ащы, тұщы, жылы, суық, т.б.
Қимыл-қозғалысқа, әрекетке қатысты сөздер: кел, бар, кет, сөйле, күл, тарт, ал, айт, т.б.
Анатомиялық атаулар: бас, қол, аяқ, көз, мұрын, бел,т.б.
Тамаққа қатысты атаулар: ет, сүт, айран, қымық, шұбат, ірімшік, т.б.
Тұрмыс қажетіне қатысты атаулар: қазан, ожау, қасық, жастық, киіз, т.б.
Сан атаулар: бір, үш, жеті, тоғыз, елу, т.б.
Есімдіктер: мен, сен, біз, ол, кім? не? т.б.
Қазақ тілінің сөздік құрамы
Тілдегі сөздердің тұтас жиынтығы сөздік құрам деп аталады.
Сөздік құрамға халықтың тұрмыс жағдайын, кәсібін, мәдени қалпын танытатын барлық сөздер енеді. Қазақ тілінің сөздік құрамына халқымыздың ғасырлар бойы сақталып келе жатқан байырғы сөздері де, кірме сөздер де, кейін пайда болған жаңа сөздер де, термин сөздер де, ауызекі тілге тән қарапайым сөздер де, термин сөздер де, диалектизм мен кәсіби сөздер де кіреді.
Сөздік құрамдағы сөздер қолданылу жағдайына қарай жиі қолданылатын сөздер және сирек қолданылатын сөздер болып бөлінеді. Бір заманда жиі қолданылған сөздер келесі бір заманда қолданыстан шығып қалуы да, тілге қайта келіп қосылуы да мүмкін. Мысалы, қазақ тілінде бұрыннан бар, бірақ кеңес өкіметі жылдарында аса сирек айтылып кеткен ай, жыл аттары (маусым, тамыз, қой, мешін, жылқы, т.б.) қазір қайтадан жаппай қолданыла бастады. Бұның өзі сөздік құрамның үнемі бірқалыпты болмайтынын, оның өзгеріп отыратынын көрсетеді.
Сөздік құрамның ең басты және тұрақты бөлігін қазақтың байырғы төл сөздері құрайды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды