Ер еңбекте сыналады. Қазақ тілі, 8 сынып, сабақ жоспары. 4 сабақ.
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Кәсіп пен еңбек. Болашақ мамандықтары | Мектеп: Орал қаласындағы ФМБ НЗМ | ||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің ТАӘ: Жакыпжанова А.С | ||||||||||||||||
Сынып: 8 | Қатыспағандар саны: Қатысқандар саны : | ||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Ер еңбекте сыналады. | ||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.4.3.1. Сөздік қор және сөздік құрам ерекшеліктерін түсініп қолдану 8.2.5.1. Перифразаның түрлі тәсілдерін қолдана отырып, мәтін бойынша сұрақтар құрастыру | ||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Оқушылар:
| ||||||||||||||||
Бағалау критерийлері
|
| ||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пән лексикасы және терминология: Сөздік қор, сөздік құрам Айтылымға қажетті сөз тіркестері: Еңбек ер атандырады. Ер еңбекте сыналады. Еңбегі көптің өнбегі көп. Еңбекке жастан, өнерге бастан. | ||||||||||||||||
Құндылықтар | Өмір бойы оқу, құрмет | ||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Қазақ әдебиеті | ||||||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Алдыңғы сыныптардан оқушылар сөздік қор мен сөздік құрам туралы таныс | ||||||||||||||||
Сабақтың барысы | |||||||||||||||||
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған әрекеттер | Ресурстар | |||||||||||||||
Сабақтың басы
3 минут |
Мұғалім сабақтың тақырыбы, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерін оқушылармен бірге талқылайды. | Таныстырылым | |||||||||||||||
Сабақтың ортасы 10 минут 15 минут
10 минут | Оқылым алдындағы тапсырма. Мұғалім оқушыларға сөздік қор,сөздік құрам туралы сұрақтар қойып, талқылайды. Анықтамасын түсіндіреді. Ерекшеліктеріне тоқталады. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Оқылым тапсырмасы. Мұғалім оқушыларға мәтінді ұсынады. Оқушылар мәтінді жеке оқиды. Төмендегі тапсырмаларды орындайды. 1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз. Құрылыста адам аз, сол аз адамға көп машиналар бағынып, айтқанын орындайды. Тізбек-тізбек жүк машиналары құрылыс алаңына ағаш, тақтай,тас, цемент, әк жеткізеді. Олар алқынып, гүжілдеп келеді. Машиналардың да машинасы бар, «бәрін бітірген өзім» дейтін мақтаншақ біреулері олардың ішінен де табылады. Әсіресе зауыттан жуырда ғана шыққан, қылауы түспеген бір жаңа машина мақтанғанда жер-көкке сыймайды. Ол қандай ауыр жүк болса да көтеріп әкетіп, биіктегі құрылысшының қалаған жеріне беріп тұрған, көтермеші кранға қарап, мазақтады: - Ей, сен мойныңды сонша созып, кімді қарап тұрсың? – деп қарқ-қарқ күлді.– Мойныңды қанша созсаң да, біз барып келіп жүрген жерге бәрібір көзің жетпейді. Көтермеші кран жауап бермей, өз жұмысын істеп, құрылысшының керегін апарып тұра берді. Моторы гүрілге қосып, қосақталған бірнеше ауыр бөренелер мен ағаштарды шыбық құрлы көрмей, аспандата көтерді. - Е, е, - деді әлгі жүк машинасы, - мен гүрілдесем жүріп кетем, алысқа жүйіткимін, сен қанша гүрілдесең де, бір орныңнан қозғалмай, мойныңды созып тұра береді екенсің. - Әркімнің өз өнері, өз міндеті бар,- деді көтермеші кран,- біреу күшті, біреу жүйрік, біреу өнерлі. Біреу жүріп істейді, біреу тұрып істейді. - Сен сонда күштіге жатасың ба? - Солай шығар. - Көре алмай тұрмыз-ау. - Несін айтамын, күшімді ісім көрсетсін. Аспанда түнерген бұлт көшіп жүр еді. Түс ауа сол бұлттан қатты нөсер құйып, құрылыс айналасы лайсаң батпақ болып кетті. Әлгі мақтаншақ машина ойпаттағы батпаққа батып, қанша гүжілдесе де, шыға алмай, сазға көміле түсті. Басқа жолдас машинасы келіп, оны арқанмен тартып көріп еді, бәрібір шығара алмады. Сол сәтте құрылысшының әмір етуімен іске көтермеші кран кірісті. Ол үзын мойнын икемдеп бұрып,шұңқырда тұрған машинаны шынжыр арқанмен асты-үстіне орай байлатты да, нақ бір абайсыз құлаған баланы көтергендей, жоғары көтеріп әкетті. Дөңес жерге шығарып қойды да, мақтаншаққа тіл қатқандай болды: «Балақай, бұдан былай мақтанба, әркімнің өз өнері, өз орны бар. Бәріміз құрылысшыға серікпіз». 1-тапсырма. Мәтін мазмұнына сай келетін мақалды анықтап, белгілеңіз.
2-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақ арқылы жоспар құрыңыз. Сұрақтарды перифраз тәсілдері арқылы жасаңыз. Үлгі:
Дескриптор:
3-тапсырма.
Дескриптор:
4-тапсырма. Мәтіннің түйіні неде? Оқылымнан кейінгі тапсырма. Оқушылар екі көлік арасындағы диалог мәтінін құрап жазады. Төмендегі екі көлік арасындағы диалогты құрып көріңіз. Сөздік қор мен сөздік құрам ерекшелігін ескеріп, айтылымда сөздерді орынды қолданыңыз. | «Қазақ тілі» оқу бағдарламасы | |||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Сабақтың соңында мұғалім бағалау критерийлері мен сабақ мақсаттарына қайта оралады. Бағалау критерийлеріне қаншалықты қол жеткізгендері туралы бірге талқылайды. Рефлексия. Рефлексия. Мұғалім тақтаға «нысананы» іледі. Оқушылар сабақ туралы пікірлерін «нысанаға» белгілеп, рефлексия береді. | Рефлексия парағы | |||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | |||||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| |
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?