Қазақ халқының жазу мәдениеті . Қазақ тілі, 8 сынып, сабақ жоспары. 4 сабақ.


Қысқа мерзім жоспары

4-сабақ

Бөлім тақырыбы:

Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты -жөні:

Сынып: 8

Сабаққа қатысушылар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Қазақ халқының жазу мәдениеті

Оқу мақсаттары

О8.2.3.1 - мақала, аннотация құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату;

8.2.2.1. Публицистикалық және ғылыми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану.

 Сабақ мақсаттары

 Оқушылар:

  • аннотация құрылымын сақтап, мақалаға баға береді
  • мәтіндердің стилдік ерекшеліктері мен жанрын анықтайды.

 Бағалау критерийі

  • Мәтіндерде көтерілген мәселелерді салыстырып, өз пікірін білдіреді және талдайды

 Тілдік мақсат

Пәннің лексикасы мен терминологиясы: араб графикасы, кириллица, тіл –құрал, алаш көсемдері, рухани жаңғыру, латын әліпбиі

Диалог пен жазба жұмыстарындағы тілдік қолданыс:

-менің ойымша....., дегенмен....,

-бұл пікір қаншалықты дұрыс деп ойлайсың?...

- жалпы айтқанда...

Жұптық тапсырмада қазақ халқының жазу мәдениеті туралы әңгімелеседі.

Құндылықтарды

дарыту

 

Бұл сабақ оқушыларды қазақ халқының жазу мәдениетін құрметтеуге бағыттайды

 Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы, география

 Бастапқы білім

Жазудың маңызы мен қызметі, жинақы мәтін туралы бастапқы білімдері бар

Сабақтың барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Қорлар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту:

1.«Саяхаттаушы ақпараттар» әдісі.

Сыныптың әр бұрышына мұғалім сөйлем немесе тірек сөздерді (қазақ халқының жазу мәдениетінің қалыптасуы туралы) ақ параққа жазып іліп қояды. Оқушылардың қолдарына сол сөз немесе сөйлемдердің жауабын немесе сұрағын карточкаға жазып береді. Оқушылар сыныпты айналып жүріп, өзінің қолындағы тапсырмаға қатысты парақты табады. Барлығы тауып болған соң бірлесе жүріп әр парақтың жанына барады. Өз парағының жанына келгенде, сол оқушы өзіне қатысты оқу материалын түсіндіреді.

2.Қазақ жазуының қалыптасуына байланысты суреттерді басшылыққа алып, жұпта әңгімелеседі.

Қажетті сөздер жазылған парақшалар

Сабақ ортасы

1-тапсырма.

Мәтінмен жұмыс кезеңі

Оқушылар алдымен, мұғалім ұсынған екі мәтінді оқып салыстырады және төмендегі сұрақтарға жауап бередіұптық жұмыс). Содан кейін екі мәтіннің түйінді идеяларын анықтап, ортақ пікірлерін постер арқылы қорғайды.

1-мәтін:

... Қазақ жазуы - қазақ халқының мәдени өмірінде басқа да түркі халықтарымен бірге пайдаланып келген әр түрлі әріп таңбаларынан тұратын дыбыстық жазу жүйесі. Қазақстан жерін жайлаған көне ғұн, сақ тайпалары (б.з.б. 5-4ғ) пайдаланған көне («Есік жазуы») жазуы сол тайпаларға тән мәдениеттің (жазуының да) тарихи мұрагері – қазақ халқының негізін құраушы үйсін, қаңлы, қыпшақ т.б. тайпалардың көне жазуы болып саналады. Көне замандағы қазақ ру – тайпаларының түркі дүниесіне ортақ Орхон – Енесей, Талас ескерткіштеріне негіз болған «руна» жазуы (5 – 12ғ.), көне ұйғыр жазуы, 8 - ғасырдан бастап күні бүгінге дейін қолданылып келе жатқан араб жазуы...

2-мәтін:

... Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» деп айтқан еді...

3-мәтін:

...Қазақтың ұлы ғұламасы Ахмет Байтұрсынұлының халқы үшін істеген игі істерінің ішіндегі ең шоқтығы биік қызметінің бірі – араб жазуына өзгерістер енгізіп, қазақ әліпбиін (алфавит) құрастыруы. Осы арқылы ғалым қазақ халқының тез сауаттанып хат тануына, оқу білімге деген құштарлықтарының оянуына ерекше ықпал етті. Жазу дегеніміз – шын мәнінде, кез келген халықтың рухани деңгейі мен мәдени дамуын көрсететін негізгі құрал...

Сұрақтар:

  • ҚР президентінің латын әліпбиіне көшудегі басты мақсаты не деп ойлайсың?
  • кез келген халықтың рухани деңгейі қалай көрініс табады?
  • Қазақ жазуының шығу тарихы неден бастау алады?

2-тапсырма.

Мәтіннің мазмұнын түсіну мақсатында ИНСЕРТ техникасына негізделген кестені толтырады.

V

+

?

Таныс ақпарат

Жаңа мәлімет

Қарсы пікір

Түсініксіз тұстар

Бағалау критерийі:

Бағалау критерийі

Мәтін талдау

Дескриптор

Білім алушы:

Мәтіндерді түсініп салыстырады

Қарсы пікір айтуда нақты дәлел келтіреді

Мәтіндердің мазмұнын өмірмен байланыстырып, өзектілігін анықтайды

Балл

4

3

3

Барлығы 10 ұпай

3-тапсырма.

Оқушылар жоғарыдағы екі жоғарыдағы мақаламен танысып, талдау жүргізгеннен кейін, осы мақала туралы аннотация жазады.

Аннотация жазу барысында төмендегі нұсқаулықты басшылыққа алу керек:

  • мақаланың жазылу тарихы немесе уақытын қамту;
  • автор туралы мәлімет келтіру;
  • мақаланың қандай мақсатта жазылғанын көрсету;
  • деректерге сілтеме жасау;
  • мақаланың құндылығы, кімдерге арналғанын айту;
  • мақалаға баға беру.

Дифференциация:

Кейбір оқушылар ғылыми мақалаға жазылған аннтацияны іздестіріп, талдау жүргізеді.

http://catalog.karlib.kz/irbis64r_01/Kraeved/Tarih/Kazak_zhazuynyn_tarihy.pdf

Сабақтың соңы

  • Оқушылар сабақтың тақырыбына (қазақ халқының жазу мәдеиеті) қатысты 3-5 минуттық TED әңгімелерін (talks) жеке немесе топтарда дайындайды. Егер топтарда дайындалса, топтарда бір спикер сайланады (спикерлер әрдайым ауысып отырса оқушылардың барлығын оқумен қамтуға мүмкіндігіңіз туады).

Мұғалімге ескерту:

Оқушыларға 5 минуттық сөз дайындауға беретін тақырыбыңыздың өзектілігіне мән беріңіз, себебі, тақырып оқушыларды креативті ойлауға жетелесе, шығармашылыққа итермелесе сәтті болады.

Кері байланыс «3-2-1»

1.Сабақтан алған 3 маңызды ақпарат

2.Қиындық тудырған 2 аспект

3.Сабақ барысында туындаған 1 сұрақ

TED әңгімелерін жазуға А4, А3 парақтары



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу