Шумер жазуы. Қазақ тілі, 8 сынып, дидактикалық материал. 3 сабақ.


3 -сабақ

Сабақтың тақырыбы: Шумер жазуы

Ежелгі адамдардың алғашқы қонысы Африка, алғашқы өркениет ошағы Шумер мемлекеті болып табылады. Мемлекеттік құрылым, жазу-сызу, білім-ғылым, мәдениет-өнер – осының бәрі Шумерде бастау алып, өркендеген. Шумер мемлекетін құрғандардың этникалық негізі, олардың жазу-сызуының тілдік негізі, наным-сенімдерінің түбірі, батыстық зерттеулер үшін әлі күнге құпиясын ашпай келеді. Сірә да Шумерлік «баба тарихы» өзінің мұрагері болып табылатын ұрпағына өкпелеп, құпиясын соған сақтап, тарихтың қойнауында тығып отырған болар. Іздеушісі, жоқтаушысы болмаған соң, солай етпеске амалы бар ма? Профессор Х.М. Әбжанов Қазақстан тарихының зерттелу әдістеріне тоқтала келе: «Ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстанды мекен еткен этностар, мемлекеттік құрылымдар аспаннан түсе қалғандай баяндалады. Олардың арасындағы генетикалық, нәсілдік, тілдік, экономикалық, саяси, рухани ортақтық, сабақтастық, жалғастық мәселелері кешенді Һәм қисынды ашылмаған күйде қала береді. Қазақстан тарихының мазмұнын, ерекшелігін әу бастан автохтонды тұрғындар, олардың төл мемлекеттері анықтаған. Байырғы халық пен оның мемлекеттілігінің етене байланыстылығының тарихын адал ашатын методология бірінші орынға қойылуы керек» деген болатын [1]. Біздің мақсатымыз да көзі қарақты зерттеушілер үшін түрткі ой болсын деп, мақаланың көлемі көтергенше Шумерлер тарихының түңлігін түруге тырысу. Шумерлердің ата жұртының Шығыстық тегі ғалымдары одан әрі шығысқа сүйреп Алтайға жақындатқан сайын ғылыми әдебиетте шумерлер мен түркілер тілін салыстыра қарастырудың алғашқы әрекеттері қалыптаса бастады. Солардың бірі,  Ф. Хоммель, шумерлер  текстеріндегі түркі тілімен сәйкес келетін 200 сөзді атап көрсетті, сол үшін әжуалау мен масқаралауға ұшыраған болатын  [4]. ХХ ғ. 60-шы жылдары неміс ғалымы Курт Вальтер Керам: «Шумерлер тілі көне түркі тіліне ұқсас» деп кесіп айтқан еді.  http://e-history.kz/kz/contents/view/1243

«Шумерлер мен түркілер параллелі» мәтінінен алынған негізгі ақпаратты басшылыққа алып, мәтін көлемін барынша қысқартып жинақы мәтін құрастыр.

 

Үлгі:

Түпнұсқа мәтін

Жинақы мәтін

Шумерлер мен түркілер параллелі

Шумерлердің ата жұртының Шығыстық тегі ғалымдары одан әрі шығысқа сүйреп Алтайға жақындатқан сайын ғылыми әдебиетте шумерлер мен түркілер тілін салыстыра қарастырудың алғашқы әрекеттері қалыптаса бастады. Солардың бірі,  Ф. Хоммель, шумерлер  текстеріндегі түркі тілімен сәйкес келетін 200 сөзді атап көрсетті, сол үшін әжуалау мен масқаралауға ұшыраған болатын . ХХ ғ. 60-шы жылдары неміс ғалымы Курт Вальтер Керам: «Шумерлер тілі көне түркі тіліне ұқсас» деп кесіп айтқан еді.

Ғалымдар шумерлер мен түркі тілін салыстыра талдап, біршама сәйкестікті анықтаған.

 Шумер жазуы – б.з.б. 4 – 3-мыңжылдықтарда Алдыңғы Азияда кең тараған көне жазу түрі. Сына тәріздес сызықшалардың үйлесімді жиынтығы болып табылатын мұндай жазуларды шумерлер, аккадтықтар, эламдықтар, хурриттер қолданған. Шумерлердің 4-мыңжылдықтың 1-жартысынан 3-мыңжылдықтың басына дейін Тигр мен Евфрат өзендері бойын мекендеген тайпалар екені туралы деректер осы сына жазбаларында сақталған



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу