Көне түркі жазуларының зерттелуі. Қазақ тілі, 8 сынып, дидактикалық материал. 2 сабақ.


2 -сабақ

Сабақтың тақырыбы:

Көне Түркі жазуларының зерттелуі

Сібір және Монғолия далаларына таралған жұмбақ жазулардың бар екендігі туралы ғылыми орта ертеден-ақ білетін еді. Оларды «Руна жазулары», яғни скандинавия тілдерінен алғанда «құпия, сыры ашылмаған» таңбалар деп атайтын. Ол кезде әлем ғалымдары сондықтан, бұл жазуларды көне Угор тайпаларының (Орал халықтарының ата-бабалары) мұрасы деп есептеді.  Жазуларды зерттеуге арнайы ұйымдастырылған Ресей Ғылым Академиясының экспедициясы Минусинск ойпатында іздестіру жұмыстарын жүргізіп, Д.Г. Мессершмидт және Ф.И. фон Стралленберг 1721-1722 жылдар аралығында көптеген материалдар жинақтады. Жиалған деректер ғылыми тұрғыдан екшеліп, 1729 ж. З. Байердің "Санкт-Петербургтегі Императорлық ғылым Академиясының жазбаларында" жарық көріп, Еуропадағы барлық Шығыстанушылардың қатты қызығу нысанына айналды. 1730 жылы Ф.И. фон Страленбергтің өзі де зерттеулерінің қорытындысын және жазулардың көшірмелерін жариялады. Оқылудың әртүрлі жолдары ұсынылғанмен, қандай да бір ақырғы қорытынды шығаруға деректер әлі аздау болатын, себебі Минусинск аймағынан табылған бұл жазулар үзік-үзік және соған сәйкес жарияланған мәліметтердегі көшірмелердің көрінісі тым қысқа-қысқа және жазулардың өзі жартылай өшіп қалған болатын.1889 жылы Н.М. Ядринцевтің Монғолия далаларынан тапқан жазулары Көне жаулардың толық сақталған және көлемді үлгілерін ғылыми ортаға әкелді. Енді бұл жазуларға қарап, оның дыбыстық құрылысы мен грамматикалық табиғаты жөнінде айқын қорытындылар жасауға болатын еді. 1893 жылы дат  филологі В. Томсен (Дания) бұл жазуларды оқудың кілтін тапты. Келесі жылы-ақ В.В. Радлов Орхон жазуларының оқылуын және аудармаларын жасады, 1895 Енисей жазуларының да оқылуы мен аудармалары жарыққа шығарылды.

Грамматикалық тапсырма:

Төмендегі сөздерді тиістісін емлеге сай бас әріппен жазыңыздар.

павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, ақан сері, сыртқы істер министрлігі, біріккен ұлттар ұйымының бас ассамблеясы, семенов-тяньшанский, ғылым академиясы, қазақ ұлттық педагогика университеті, ер төстік, қазақстан халық қаһарманы, қазақстан республикасы президенті, тұйғын, құран кітабы, жезтырнақ, ұлттық банк қоры, тіл білімі институты, бодуэн де куртенэ, павлодар облысының әкімі, қыз жібек, қырғызстан республикасы жоғарғы соты, астана қаласы, біржан сал, шалқұйрық, жолбарыс, жаңа жыл, шекшеката, қазақстан республикасының ғылымына еңбегі сіңген қайраткер, инновациялық евразия университеті, тәурат, леонардо да винчи, түрксіб темір жолы, қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі, еуразия ұлттық университеті, орхон-енисей жазбалары.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу