Наурыз – шаттық мейрамы. Қазақ тілі, 6 сынып, дидактикалық материал. 3 сабақ


Таратпа материалы

Наурыз – шаттық мейрамы

 Наурыз – күн мен түн теңеліп, жер көкке жан бітіп, жан-жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, тоң жібіп, Жер-Ана босанатын сәт. Наурыз – көктем мерекесі, жыл басы. Наурыз – жаңа серпін, жаңа леп. Наурыз – қуаныш, бақыт пен шаттық мейрамы. Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамының жас ұрпақ үшін тағылымы мол. Алматыдағы Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатының оқушылары жаңару күніне мерекелік шара ұйымдастырып, салт-дәстүрімізді терең меңгергенін көрсетті. Оркестрдің әсем сазымен бастал­ған «Наурыз – думан» деп аталатын сал­танатты шарада әуелетіп ән де салын­ды, жақұт жырдан шашу да шашыл­ды. Наурыз мейрамының салта­­натты кешін ашқан осы мектептің дирек­торы Роза Ербозымқызы: «Нау­рыз – думан молшылық, тоқшылық дегенді білдіреді. Сондықтан жылы­мыз­ды жақсы бастайық, осы мектеп тілімізді тереңдетіп оқытатын болған­дық­тан, біз барлық қазақтың салт-дәстүрін қалт жібермей және балаға тереңірек білім береміз деп есептейміз» деп атап өтті. Ежелгі түркілер ұлыс күндері жаңа киімдерін киіп, сақал-мұртын түзеп, шаштарын алдыратын болған, алты күн садақ тартып машықтанған соң, жетінші күн алтын теңгеден жамбы атып жарысқан. Егер кімде-кім бірінші болып жамбыны атып түсірсе, сол адам сол күні, яғни бір күн елге патша болып, билік жасауға ерік берілген деседі. Ал қазақ даласында Ұлыстың ұлы күні бүкіл адамды тең санаған. Құл мен күң де шаруадан босап, еркін бой жазуға мүмкіндік алған. Бұл күні дастар­қандағы дәм, айтылар әңгіме көпке ортақ болған екен. «Береке – жыл басынан басталады» демекші «Жыл басы жақсы басталса, аяғы да жақсы болады» деген қағиданы берік тұтынған халық, бүкіл ыдыс атаулыны дәнге, аққа, таза суға толтырып, бетін ашық қалдырған. Бұл 21 наурыз күнгі таң алдында орындалады делінген. Мұның мәні дала аралаған Қызыр ата келіп «Қыдыр, құт дарытып кетеді» дейді екен. Осындай ежелгі әдеп-ғұрып, салт-дәстүрге орайластырып талантты жеткіншектер тарихтан сыр шертетін сахналық қойылым қойды. Сондай-ақ домбыраны серік еткен айтыскер ақындар, қыз-бозбаланың әдемі айтысын ұсынып, келісті қалжыңымен қонақтарға ой салды. Ұлттық құндылықтарды бойына дарытқан балалардың өнеріне ата-аналары дән риза болды. Ал қазақтың байырғы құсбегілік өнерін жалғас­ты­ру­шы саятшылар қыранын қолына қондыра келіп, оқушыларға бүркіт бабының қыр-сырын әңгімелеп берді. Наурыз – қалада өсіп-өнген балалар үшін көшпенді салттың ерекшелігімен танысатын айрықша күн екенін ескер­сек, ұлттық мейрамның жас ұр­пақ үшін тағылымы мол екені даусыз. Мерекелік шараға мектеп оқушылары аса ыждаһаттылықпен дайындалғаны көрініп-ақ тұрды. Ұлттық әдет-ғұрып пен салт-дәстүрден сыр шертетін әңгі­ме де айтылды, көрініс те қойылды, қазақы ойындарымыз да назардан тыс қалмады. Тіпті жаңа жыл тек жақсы­лықта өтсін деген ниетпен Қыдыр атанының ақ батасын да алды.

Асыл ТҰМАР



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу