Балқаш көлі. Қазақ тілі, 6 сынып, методикалық ұсыныс. 1 сабақ


 Сабақ барысында қойылатын сұрақтардың мөлшері қандай болу керек?

 Оқу үрдісінде сыныптың психологиялық қауіпсіз ахуалын қалыптастырып алу үшін мұғалімдер сабақты төмен деңгейлі сұрақ қоюдан бастау керек. Оқушылардың оқуға қызығушылығын арттыратын бірнеше қарапайым сұрақтардан кейін, талдамалық сипат беретін материалдарға қатысты күрделі сұрақтарға көшуге болады. Сұрақ қоюда белгілі бір баланс болу керек. Шектен тыс көп қойылған немесе тым қарапайым сұрақтар оқушының уәжін төмендетіп, бұл өз кезегінде сауатты пікірталас ұйымдастыруда және мақсатқа жетуде көп кедергі келтіруі мүмкін.

 Сабақ барысында мұғалім оқушыға қанша сұрақ қоюы керек, қанша ашық, қанша жабық сұрақ қоюы керек?

Әлемдік тәжірибеге сүйенетін болсақ, бастауыш және негізгі мектепте 17 жыл бойы қызмет етіп келе жатқан David Doherty: «мұғалімдер күніне 400 сұрақ қояды, ал оны жылына есептейтін болсақ, 70000-ға жуық сұрақ қойылады, бірақ осы сұрақтардың көбі оқушылардың дамуына ешқандай пайдасын тигізбейді. Сондықтан сұрақ қойғанда сіз шығармашыл, креативті болуға тырысыңыз», -дейді. Осы мәселеден шығудың бір жолы - ол сұрақ жауап беруге дайын оқушыларды ғана емес, бүкіл сыныпты қамтуы керектігін ескеру, оқушылар сұрақ кімге қойылатынын білмегенде, олардың назары тек сабақта және мұғалімде болатындығын айтады. Осы орайда, жабық сұрақтар сабақты қайталауда жақсы көмектескенімен, жаңа сабақта оның тиімділігі төмен болатындығын айта отырып, ашық сұрақтар оқушылардың жауаптарының түрлі болуына мүмкіндіктер ашады. Олар ашық сұрақтар арқылы күмәнді жауаптар емес, нақты жауап береді. Түптеп келгенде, тиімді сұрақтар «волейбол добы» сияқты, бір оқушыдан екінші оқушыға берілуі мүмкін. Сыныпта талқылау жүріп жатқанда, бір сұрақтан артық қоюға болмайды, бірнеше сұрақ оқушыларда түсінбеушілік тудырып, нақты қай сұраққа жауап берерін білмей шатасады. Сабақтың соңғы екі минутын сұраққа қалдыруға болмайды, себебі оқушылардың назары қойылған сұрақта емес, кететін уақытта болады. Ал Cotton мұғалімдер сабақтың жартысын сұрақ қоюға арнағаны жөн десе, Stevens сабақтың 80 %-ы мұғалімнің сұрақ қоюы мен оқушылардың жауабынан тұратындығын анықтаған.

 Мысалы, екі сағаттық сабақта өткізілген тәжірибеге тоқталып кететін болсақ: «Су» тақырыбы бойынша оқушыларға екі мәтін берілген. Оның бірі толық ақпарат берілген мәтін болса, екіншісі жартылай ақпарат беретін мәтін. Екі топ бір-біріне өздеріне берілген мәтіндер бойынша мәтінде жауабы жоқ ашық сұрақтар және мәтінде жауабы бар жабық сұрақтар дайындауы қажет болған. Осы берілген уақытта (2сағ.) әр топ оқушылары 29 ашық сұрақтың тек 21-іне ғана жауап берсе, 33 жабық сұрақтың 19-ына ғана жауап беріп үлгерген, сол себепті оқушылардың ойлануына кететін уақытты ескеріп, 2 сағатта жартылай мәтін үзіндісі бойынша 20-дан артық ашық сұрақ қоюға болмаса, толық мәтін бойынша 19сұрақтан артық қоюға болмайтындығы анықталған. Сабақ барысында мысалы, мәтінді жартылай оқығанда, оқушылардың ол туралы ақпараттарын өздеріне болжату үшін көбірек сұрақ қойылса, мәтінді толықтай оқығанда керісінше сұрақтар саны азаю керек.

 Сабақ барысында екі сынып таңдалып, екі сыныптың сабақтары әртүрлі уақытта болды, олардан ауызша және жазбаша сұрақтарға жауабының нәтижесінде байқалғандай, кейбір оқушылардың аузшадан гөрі жазбаша жауапқа жақын екендігі анықталды.

А сыныбы

В сыныбы

Сұрақтардың түрі

ауызша

жазбаша

ауызша

жазбаша

Қойылған сұрақтардың саны

36

19

130

75

Оқушылардың саны

24

24

22

22

Сұрақтарға жауап бермеген оқушылардың саны

5

1

2

0

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДАҒЫ СҰРАҚ ҚОЮ ТЕХНИКАСЫ

Мухамбедьярова Мирамкул Саниевна

Онбасиева Шұғыла Асқарқызы



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу