Қазақстанның су ресурстары. Балқаш көлі. Қазақ тілі, 6 сынып, презентация. 9 сабақ


Қазақстанның су ресурстары

8-сынып

Оқу мақсаттары:

6.1.3.1.- тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, детальді ақпараттарды анықтау

Тірек сөздер

Көл – айналасы табиғи не жасанды түрде тұйықталған, дөңгелек не сопақша біткен су айдыны;

Аумақ – атырап, аймақ, алқап немесе территория;

Бөлік – бірнешеге бөлінген тұтас нәрсенің бір бөлігі;

Ащы – тұщы емес, тұзды, сор дәмі бар;

Тұщы – тұзы жоқ, ішуге жарамды (су).

1-тапсырма

1. Қандай көлдерді білесің?

2. Балқаш көлі туралы естідің бе?

3. Балқаш көлінің ерекшелігі неде деп ойлайсың?

2-тапсырма

Мәтінді тыңдап, сұрақтарға жауап беріңдер.

Балқаш көлі қайда орналасқан?

Ол аумағы бойынша нешінші орында?

Неше бөліктен тұрады?

Көлде қандай тіршілік иелері мекендейді?

3-тапсырма

Мәтіннің бірінші бөлігін қайта тыңдаңдар. Айтылған ақпарат дұрыс болса «шын» сөзін белгілеңдер. Ақпарат бұрыс болса «жалған» сөзін белгілеңдер.

4-тапсырма

Мәтіннің екінші бөлігін қайта тыңдаңдар. Дұрыс жауабын белгілеңдер.

1. Ақбалық пен алабұға қандай кітапқа енгізілген?

а) Халықаралық Қызыл Кітап

ә) Қазақстанның Қызыл Кітабына

2. Балқаш көлінен жылына қанша тонна балық ауланады?

а) 8-9 мың

ә) 8-10 мың

б) 10-11 мың

3. Балқаш көлінде қанша құс мекендейді?

а) 2 000 астам

ә) 1000 астам

б) 10 000 астам

4. Қазақстан Республикасының Қызыл

Кітабына қанша құс түрі енген?

а) отыздан астам

ә) елуден астам

б) жиырмадан астам

5. Мәтінге қандай тақырып қоюға болады?

а) Балқаш көлінің экологиясы

ә) Балқаш көліне саяхат

б) Балқаш көлінің сипаттамасы

Бағалау

Жұптық және топтық бағалау

5-тапсырма

Төмендегі сұрақтар бойынша өлкеңдегі көл жайлы постер жасаңдар. Постерге ақпараттарды қысқаша жазыңдар. Пайдалы тіркестерді қолданып, постерді таныстырыңдар.

Көлдің атауы қандай?

Қайда орналасқан?

Аумағы қандай?

Өсімдіктер мен жануарлардың қандай түрлері кездеседі?

Балықтардың ше?

Көлдің ерекшелігі неде?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу