Қазақстандағы өзен-көлдер. Қазақ тілі, 6 сынып, дидактикалық материал. 4 сабақ
Таратпа материалы
Өскемен су бассейні
Шығыс Қазақстан облысы еліміздің су қорларына бай және ең көп қамтамасыз етілген аймағына жатады. Облыстың су қоры — өзендер, көлдер, батпақтар, тоғандар және мұздықтар. Тұщы судың қоры облыс тұрғындарының біреуіне шаққанда жылына шамамен 50 мың м3 құрайды, бұл әлемдік стандарт бойынша жоғары көрсеткіш болып саналады. Ертістік бассейндік су шаруашылық басқармасының мәліметтері бойынша облыстың су қоры 1017 өзен, 1967 көл, 75-ке жуық су қоймасы және кіші тоғандарды құрайды. Оның ішінде жылына 2,4 млрд. м3 жер асты сулары өнеркәсіпте, құрылыста, көлік және тұрғын үй-коммуналдық салаларда қолданылады. Ертіс өзені бассейнінен коммуналдық-тұрмыстық қажеттілікке 16,5%, өнеркәсіп қажеттілігіне 39,3%, ауыл шаруашылығына 37,8%, балық шаруашылығына 37,8% және тағы басқа қажеттілікке 5,1% су алынған. Басқа қажеттілікке жер асты және шахты-кен суларын бөгеу кірді, олар пайдаланылмайды транзитпен су нысандарына ағызылады. Ағымдағы жылда ауыл шаруашылығының қажеттілігіне 240,51 млн.м3 алынды, оның 223,30 млн.м3 (92,8%) жер беті және 17,21 млн.м3 (7,2%) жер асты сулары. Соңғы төрт жылда суды бөгеу және осы қажеттіліктерге пайдалану 90 млн. м3-ке азайды және ол суармалы жерлердің аз пайдалануымен байланысты болды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды