Отбасындағы әкенің рөлі. Қазақ тілі, 6 сынып, дидактикалық материал.


1-қосымша

Алты аға

бірігіп

әке болмас,

Жеті жеңге бірігіп

ана болмас.

Әкелі

бала

жаужүрек,

Әкесіз бала

сұмжүрек

Жақсы әке

жаман балаға,

Қырық

жылдық

ризық.

Әкең

болса

ауылда,

дастарқаның

жаныңда.

2-қосымша

А мәтіні

 Менің әкемнің биографиясына, керекті сөздерді жинамақшы болған азаматқа, менің әкемнің жалпы әдепті мінезін, салтын көрсетуге замандасының бір жолыққандағы қалпын, түрін, киген киімін, отырған-тұрғанын, сөйлеген сөзін, қуанған не ашуланғанын жазбағым қажет екен. Менің әкемнің замандасында қаламға үйір, көргенін-білгенін қағазға түсіре білері аз болған соң, амалсыз өзім жазбақты мойныма алдым.

 Мен бұрын мұндай сөзді жазып, иә жазған адамның кітабын оқып, танысқан адам емес едім. Бір күнгі, бір жердегі көргенімді есіме алып жазғаныммен сұраушы азаматтың көңіліндегі арманын ақтай алғаңдай емеспін. Сондықтан әкемнің өзімнің білген қадерімше, жалпы мінезін алыстан алып кеп, толғап жазғым келеді. Бұл сөздерді керек қылған азамат, мол бұлдан керегін пішіп, қорытып алар.

 Мен әкемнің 32 жасында, жастықтың алғашқы ағыны басылып, жігіт ағасы болып қалған кезінде туғамын. Мен әкемді танығанда, әкемнің жүзі ашық, ажары сыртында, көзі өткір, ашуы да, қуануы да жылдам, ширақ жанды еді. Мәжілісі қызықты, сауықшыл, дастарханы аса мол еді. Бір іспен қызықтамай, жай салбырап, шаруасын істеп отырмаушы еді. Маған десе малай, малшы, қызметкер қатыннан да болса, бір тәуір мінезін, қылығын тауып жақсы көріп, ойнап, қалжыңдап отырар еді. Еш уақытта іші сүймеген, сенбеген адаммен мәжілістес болып, ұзақ отыра алмаушы еді. Оңдай адамдармен бас қоспақ уақыт еріксіз кез келсе, ол уақыттың өзі абақтыдан кем көрінбеуші еді. Сыпайылық, сыйлық, әдейі реттеніп, аяғын басқанын аңдып, аузынан шыққан сөзін санап отыратын адамға ешуақытта риза емес еді. Жарқын сөзбен, ашық көңілмен қалтқысыз келетін адамды аңсап сағынып, ондай адам келгенде, баласы иә туған бауыры келген кісідей қуанып қалушы еді.

 Менің бала кезімде, менің әкем қаңдайлық жылы шыраймен ойнап, қалжыңдап отырса да, көңілі қайтса, қытығына тисе ашуы да тез келгіштігінен ауылдағылар да, бәйбішелері де айғырмен ойнаған ат секілді қорқынышы кеуделерінен кетпей қымсынып отырушы еді. Ұйқысы шағын, жалпы халықтан кеш жатып, ерте тұру әдеті.

 Қазақ ойнайтын ойыңдар: дойбы, карта сықылды ойындардың бәріне де ілгергі қазақтың ойыншылары ретті ойнаушы еді, сөйтсе де, мен білген кезде салынып қызықтанып ойнайтұғын ойыны тоғызқұмалақ еді. Қай-қайдағы тобықты ішіндегі ойыншы шалдар келіп, ай жатып ойнап қайтушы еді. Сондай ойыншы шалдардың дәулеті нашарлары, кейде соғымдық қой, тай, тайынша алып, иә атқа мініп қайтқаны да болды. Құмалақтан әкемді жеңген адам көргенім жоқ.

 Біздің қазақтың уақытқа байлығының бір әдеті – бір жерге жұмыспен барса, барған жұмысын барған жерден айтпай, не қонып, не түстеніп, енді аттанарында ғана айтады. Менің әкем елдің бұл әдетіне қарсы еді. Алыс жерден келген сый адам болмаса, ел арасының адамынан келген жерден жұмысын сұрап, бітіріп, енді отыра бер деп өзі алаңсыз ойынына, иә кітабына кірісіп кетуші еді.

3-қосымша

4-қосымша

Ә мәтіні

Қазақ техникалық университетінің

ассистент-профессоры Қуаныш Өмірбекүлы Әлихановқа

Мінездеме

 Қ.Ө.Әлиханов 1963 жылы 5 қаңтарда Семей облысы, Аягөз ауданы, Баршатас ауылында дүниеге келген. ¥лты – қазақ, білімі – жоғары, ҚР-ның азаматы. Орта мектепті бітіргеннен кейін 1980 жылы ҚазҰТУ компьютерлік техника факультетіне түсіп, оны 1985 жылы үздік дипломмен бітірген. 1985-1988 жылдар аралығында Ғылыми-жобалау институтының аға ғылыми қызметкері, ҚазҰТУ металлургия факультетінің аға оқытушысы. 1988-1991 жылдар арапығында ҚазҰТУ-дың күндізгі бөлім аспирантурасында оқып, 1991 жылы кандидаттық диссертация корғады.

 Қ.Ө.Әлиханов – өз ісін жетік білетін, тәжірибелі маман. Ол – бірнеше ғылыми еңбектердің авторы. Қ.Ө.Әлихановтың «Металлургия өнеркәсібінің терминдері» атты еңбегі Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлыққа ие болды.

 Қ.Ө.Әлиханов қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік біледі, компьютермен жұмыс істеуде тәжірибесі мол. Ол – студенттер мен әріптестерінің арасында беделді, үлгілі отбасы иесі.

 Мінездеме Ғылыми-техникалық орталықтың бас маманы қызметіне ұсыну үшін беріледі.

Тау-кен металлургия институтының директоры,

профессор А.И.Магзонов 28.09.2018 жыл

5-қосымша

Венн диаграммасы

6-қосымша

Қандай ой пайда болды?

Не сезіндім?

Не ұнады?

Не қиын болды?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу