Жануарлардың айлакерлігі. Қазақ тілі, 5 сынып, сабақ жоспары. 6 сабақ


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

4-бөлім: Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сабақтың тақырыбы

Жануарлардың айлакерлігі

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Т/А4 Қырық қасқыр, екі ешкі туралы мәтіндегі тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды.

ӘТН2 Пікіралмасу кезінде сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сәйкес айта біледі.

 Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

Қырық қасқыр, екі ешкі туралы мәтіндегі негізгі ойды анықтайды. Ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сәйкес айта біледі.

Көптеген оқушылар:

Қырық қасқыр, екі ешкі туралы мәтіндегі тірек сөздер арқылы негізгі ойды анықтайды. Сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сәйкес айта біледі.

Кейбір оқушылар:

Қырық қасқыр, екі ешкі туралы мәтіндегі тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды. Сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сәйкес айта біледі.

 Бағалау критерийлері

Тыңдалым және айтылым бойынша:

  • тыңдалым мәтінін түсінеді;
  • мәтіннің негізгі ойын түсінеді;
  • жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды.

Әдеби тілдік норма бойынша:

  • сөйлеу барысында ілгерінді ықпал заңдылықтарына сай айтады;
  • сөйлеу барысында кейінді ықпал заңдылықтарына сай айтады;
  • сөйлеу барысында тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сай айтады;

 Сабақтың түрі

өткен материалды жүйелеу

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты сөз тіркестері мен терминология:

Достық, арыстан, тышқан, жетекші сұрақтар, негізгі ой

«ПОПС» формуласы

• Бірінші сөйлем «Менің ойымша, ... »

• Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »

• Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »

• Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім ... »

Сабақта қамтылатын құндылықтар

Ынтымақтастық

(тыңдалым мәтіні мазмұнына сай достықтың мәнін түсінеді)

Жауапкершілік

(жұптық жұмыста жауапкершілік қасиет танытады)

Құрмет

(жұмыс барысында өзіне және өзгеге құрмет көрсетеді)

Пәнаралық байланыс

Әдебиет, өзін-өзі тану

АКТ қолдану дағдылары

тыңдалым мәтінін тыңдау арқылы негізгі ойды анықтайды.

Осыған дейін меңгерілген білім

Жануарлар әлемі

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

4 минут

1 минут

3 минут

15 минут

10 минут

Қызығушылықты ояту

Санадар арқылы жұптарға бөліну жүргізіледі.

«Болжау» әдісі арқылы сабақтың тақыбын анықтайды.

  • Ұсынылған суреттер не мақсатпен көрсетілді?
  • Ұсынылған суреттерді байланыстырып қандай атау беруге болады?

Сабақтың тақырыбы анықталып, сабақ мақсаты талқыланып, бағалау критерийлері белгіленеді.

Тыңдалымалды тапсырма.

«Көршіңмен әңгімеле» әдісі арқылы төмендегі сауалдар жөнінде ой бөліседі:

  • Жануарлар мен иесі арасында қандай байланыс бар?
  • Жануарлардың айлакерлігі туралы не білесіздер?

Тыңдалым тапсырмасы.

https://www.youtube.com/watch?v=Jz9ciKpC7bk сайтынан

«Қырық қасқыр, екі ешкі» ертегіні тыңдайды.

Бейнежазбаны бөліктерге бөліп тыңдайды.

Тыңдалған мәтін бөлімі бойынша жетекші сұрақтар беріледі:

- Екі ешкі неге қашып кетпекші болады?

- Екі ешкі неліктен райынан қайтады?

- Екілер қасқырларды қалай алдап соғады?

- Неге қасқырлар үрейлене түседі?

- Қырық қасқыр неге екі ешкінің қонақ етеді?

- Екі ешкі неге қасқырларды мазақ етеді?

- Мұндай оқиға өмірде кездесуі мүмкін бе?

- Екі ешкі мен қасқырлардың әрекетіне баға беріп көр.

Берілген сұрақтар негізінде мәтіндегі негізгі ойды анықтайды.

Сұрақтар бойынша қорытынды жасалады.

Бағалау критерийіне сай бағалайды.

Оқу мақсаты

Бағалау критерийлері

Дескриптор

Т/А4

Қырық қасқыр, екі ешкі туралы мәтіндегі тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды.

  • тыңдалым

мәтінін түсінеді;

  • негізгі ойын

түсінеді;

  • жетекші

сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды.

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма.

«Сен маған, мен саған» әдісі арқылы жұптар арасында пікіралмасу жүргізіледі.

Тыңдалған мәтін аясында «Күштілерді әлсіздер жеңуі мүмкін бе?» деген тақырыпта өздерінің ойларымен пікір алмасу жүргізіледі. Пікір алмасу барысында бірнеше сөйлемді бөліп алып, сөз бен қосымша аралығындағы үндестік заңдылығына талдау жасалады. Мысал:

Табиғатта әлсіздердің күштілерді ақылмен жеңуі кездеседі

Сөйлеу барысында үндестік заңдылықтарын сақтауды назарға алады.

Бағалау критерийлеріне сай бағалайды :

  • Сөйлеу барысында ілгерінді ықпал заңдылықтарына сай айтады;
  • Сөйлеу барысында кейінді ықпал заңдылықтарына сай айтады;
  • Сөйлеу барысында тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сай айтады;

Сабақтың соңы

5 минут

«Аяқталмаған сөйлемдер» әдісі арқылы кері байланыс алынады.

Мен бүгін білдім....

Мен бүгін сезіндім..

Мен келесі сабақта білгім келеді..............

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу