Құстар туралы не білемін? Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6-бөлім: «Қоршаған ортаны қорғау»

Күні:3-тоқсан

Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 4 «А»

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Құстар туралы не білемін?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

4.2.3.1* мәтін мазмұны бойынша пікір білдіру/бағалауға және себеп-салдарын анықтауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру.

4.2.10.1 мұғалімнің қолдауымен белгілі бір тақырыпта түрлі жанрда/стильде берілген мәтіндерді салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау.

4.4.2.2 жіктік жалғауларының қолданысын білу.

Сабақ мақсаттары

Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіру/бағалауға және себеп-салдарын анықтауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру.

Мұғалімнің қолдауымен белгілі бір тақырыпта түрлі жанрда/стильде берілген мәтіндерді салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау.

Жіктік жалғауларының қолданысын білу.

Бағалау критерийлері

  • Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіру/бағалауға және себеп-салдарын анықтауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру.
  • Мұғалімнің қолдауымен белгілі бір тақырыпта түрлі жанрда/стильде берілген мәтіндерді салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды.
  • Жіктік жалғауларының қолданысын біледі.

 Сөздік қор

Табиғат құбылыстарының атаулары, табиғат денелері мен оларды сипаттау сөздерін қолданады.

Құндылықтарды дарыту

Өмір бойы білім алу, еңбек және шығармашылық құндылықтарын пікіралмасу арқылы, сұрақтар қою арқылы қалыптасады.

 Пәнаралық

 байланыстар

Дүниетану, ғылымға кіріспе

Алдыңғы меңгерілген білім

Табиғаттың таңғажайып құбылыстарымен танысты

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі. Мақсаты: Оқушылардың сабаққа назарын аудару, жағымды көңіл-күй орнату.

«Шаттық шеңбері» шеңберде тұрып, оқушылар бір-біріне жылы лебіздерін арнайды.

ІІ.Үй жұмысын тексеру

Мақсаты:Тірек сөздер арқылы бес жолды өлең құрастырып жазу.

ІІІ.Мотивациялық-қызығушылық кезеңі

Мақсаты:Cөздерді оқу арқылы сабақтың тақырыбын анықтау.

Торғай, көгершін, қарға, аққу, тоқылдақ.

-Балалар, бұларды бір сөзбен қалай айтуға болады?

ҚҰСТАР

-Сабағымыз не жайлы болмақ деп ойлайсыңдар?

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты арқылы бағалау критерийлерін анықтау.

БК тақтаға жазылады, сабақтың соңында БК оралатындықтары ескеріледі.

Презентация

дәптерлер

сөздер

Сабақтың ортасы

5-15 минут

15-20 минут

20-25 минут

25-37 минут

) Оқылым

Мақсаты:Мәтіндерді іштей түсініп оқу

Ұлар

Ұлар құс торға түссе дереу өліп қалады екен. Әлемнің бірде-бір зообағынан ұлар көрмейтініміз содан болар. Тауда ойнаған кекіліктің, қалыңда жүрер бөдененің, тіпті қырғауылдың жұмыртқаларын үй тауығына бастырып, балапандарын қолға үйретуге болады. Шөжелері тегім, нәсілім басқа демей, телмеңдеп, тауықтың соңынан жүгіріп жүреді. Ал ұлар қолға үйренбейді. Жұмыртқасын тауық басып шығара алмайды, балапанына адам қолы тисе болды – өледі.

Ұлар мен қарға

(ертегі)

Бір таудың шағыл тасты бөктеріндегі жартастың қуысын қара қарға мекендепті. Одан жоғары көгалды жерді ұлар жайлапты. Бір күні олар кездесіп қалыпты.

  • Мен қарғамын, сен кімсің? – депті қарға маңғаздана.

Жан–жағына сақтана қараған ұлар жәймен ғана «Ұлармын» деп жауап берді.

Бір күні екеуі өз артықшылықтарын айтып, мақтана бастайды.

Ақыры екеуі сөзбен бір-бірін жеңе алмайды. Олар кімнің күшті, кімнің әлсіз екенін білу үшін күш сынасуға бел байлайды. Жеңгені жеңілгенін жеуге тиіс деген шарт қояды.

Жеті күн, жеті түн күрескен құстардың ешқайсысы жығылмапты. Сегізінші күні қарға сүрініп кеткен ұларды жықты. Кеудесіне мініп алып:

– Енді мен сені жеймін! – депті.

Сонда ұлар: «Ей, қарға, серттен таятын өзің, мен емеспін, – депті қайсарланып. – Дұрыс, сен жықтың, мен жығылдым. Сен енді мені жеуге хақылысың. Бірақ бір өтінішімді орында», – депті. . ............

(Ж,Қ) «Мен саған, сен маған» әдісі

Мақсаты: Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіру/бағалауға және себеп-салдарын анықтауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру.

Оқушылар жұпта отырып, бір-біріне сұрақтар қояды және бір-бірінің сұрақтарына жауап береді.

-Қай сұрақ қызықты болды?

-Қай жауап ұнады?

-тағы қалай жауап беруге болар еді?

Оқушылардың жауаптарын тыңдау

( МК) , (Ұ) «Ұлар» мәтіні мен «Ұлар мен қарға» ертегісін салыстыру. Мақсаты:Мәтіннің жанрын анықтау. Құрылымын ажырату.

Мәтіндер

жанры

стилі

ұқсастығы

Ұлар

Ұлар мен қарға

( МК) , (Ұ) Жазылым

Мақсаты:Жіктік жалғаулы сөздерге талдау жасау.

Мұғалім қарамен жазылған сөздердің қай сөз табына жататындығын анықтатып айтқызады. Бұл сөздерді түбір мен қосымшаға ажыратқызады:

  • қарға–мын (қарға–түбірі, мын–жалғау.)
  • кім–сің (кім–түбірі, сің–жалғау.)

Мұғалім «қарғамын», «кімсің?» сөздерінің сөйлемде қандай мүше болып тұрғанын байқатады. Зат есім баяндауыш болғанда, оған бірінші, екінші жақта жіктік жалғауы жалғанатынын, жіктік жалғауының жекеше, көпше түрлерінің болатынын мысалдар келтіру арқылы түсіндіреді.

(Т)Постер жасау

Мақсаты:Дереккөздерді пайдалану арқылы постер жасау.

Оқушылар екі сабақта алған барлық ақпаратты пайдалана отырып, ұлар құсы туралы постер жасайды, оны ұжым алдында қорғайды.

Өзара бағалау: «2 жұлдызша 1 тілек» арқылы бағалау.

үлестірмелі таратпа қағаздар

Әр топқа арналған таратпа қағаздар

Сабақтың соңы

37-40 минут мин

Рефлексия: «Сөйлемді жалғастыр» әдісі

-Бүгін мен ...................... түсіндім.

-Маған ...................... қызықты болды.

-Маған ........................... қайталау керек.

Өзін-өзі бағалау

«Жетістік баспалдағы» арқылы өздерін бағалайды.

Жетістік баспалдағы мен стикерлер

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтар бойынша тапсырмалар орындау

Мәтіннен көркемдегіш құралдарды анықтауын бағалау.

Топта бірі-бірі тыңдау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу