Су туралы не білеміз? Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары. 7 сабақ.


САБАҚ:

Мектеп: №5 көпсалалы мектеп-лицейі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Киршимова Н.Қ.

Сынып: 6-сынып

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы:

Су – тіршілік көзі. Қазақстандағы өзен-көлдер. Морфология.

Сабақтың тақырыбы

Су туралы не білеміз?

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

6.2.4.1. – ауызекі және ресми стильдегі мәтіндердің тақырыбын, мазмұнын, тілдік ерекшелігін салыстыру.

6.3.4.1. – эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу.

Сабақтың мақсаттары

Бір мәтіннің тілдік ерекшелігін талдайды. Эссе құрылымымен таынысып, эссе жазады.

Бағалау критерийлері

Мәтіннің стильдік белгілерін анықтай алады.

Мәтінді логикалық жүйеге сай абзацтарға бөле алады.

Құндылықтар

Құрмет, отансүйгіштік, үздіксіз білім алу.

АҚТ қолдануы

Интерактивті тақта арқылы слайд-презентация пайдаланылады.

Тілдік мақсаттар

Диалогқа пайдалы тіркестер:

Менің ойымша.....

Мен келісемін…

Мен келіспеймін…

Осыған дейін меңгерілген білім

Тарихи тұлғалар.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

2 мин

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Есту диктанты

Өте ерте заманда жер шарының көп бөлігін су басып жатты. Ол заманда өсімдіктер мен жануарлар әлемі пайда болмаған. Суларда тек түйіршік тәрізді тіршілік иелері болды. Біртіндеп жер бетіндегі сулар азайып, құрғақ жерлер көбейе бастады. Бұрын суда өсіп келген балдырлар құрғақ жерлерге өсуге бейімделіп, жапырақты өсімдіктер, шөптер, ағаштар пайда бола бастайды. Кейінірек құрғақ жерлер көбейіп, суда да, жерде де мекендейтін бақа сияқты қосмекенділер пайда болған. Ұзақ уақыт өте келе ауа райы өзгеріп, суық бола бастаған. Бұл жағдай өсімдіктер мен жанурларға қатты әсер етіп, қөбі өзгеріске ұшырап жаңа ауа райына бейімделді.

Уақыт өте келе жер беті қазіргідей түрге еніп, табиғат осылайша пайда болған. Табиғат деген сөз жер Ана, туған жер, атамекен сөздерімен қатар тұрады.

Осы су сөзін естігенде көз алдымызға не елестейді?

 

Оқушылар су дегенде көз алдына не елестейтінін жазады.

Оқу мақсаттары мен күтілетін нәтижелерді айқындау;

Презентация

Сабақтың ортасы

Оқылым алды сұрақтар:

1.Судың адам ағзасына қандай пайдасы бар?

2.Біз тұтынып жүрген тағамдар құрамында су бар ма?

«Бос орындары бар әңгіме»

Мұғалім жаңа сөздерден мәтін дайындайды. Ондағы кейбір сөздерді алып тастайды. Оқушылар өздеріне таратылған қағаздағы бос орындарды өз беттерінше толтырады. Содан соң мұғалім оқыған кезде, оқушылар жазғандарын тексереді.

Су туралы нe білeміз?

Су. Екі ғана əріптен құралған осынау мөлдір сұйықтықта тіршіліктің көзі жатыр. Бірақ күнделікті тұрмыстың ажырамас бөлігіне айналған су туралы біріміз білсек, біріміз біле бермейміз. Жапондық психолог-ғалым Масару Эмото: «Су адамның психикалық энергиясын бойына сіңіре алады және оны ұзақ уақыт бойында «есіне» сақтап, тіпті басқаларға жеткізе алады. Судың бойына жинақталған таза энергия небір ауруларға ем болады», — деп жазады. Ғалымдардың айтуынша, расында да судың қасиеті өте мол. Мәселен, су дене температурасын тұрақтандырады, азық, қалдық, оттегіні тасымалдайды, адам зейінін ашады, стресс пен депрессияны басады, ұйқыны жөнге келтіреді, көзге жанар береді, ағзада қан жасалуын реттейді, иммунитетті күшейтеді. 

Енді өзіміз тұтынып жүрген түрлі тағамдар құрамында кездесетін суға тоқталайын.Асқан еттің құрамында 40 пайызға, қуырған жұмыртқада 70 пайызға жуық, көкөніс салатында 80 пайыз су бар. Қою тамақпен және нанмен бірге адам ағзасына 0,7-1,0 литр су барады. Демек, күніне 4-5 стақан ғана «еркін» су ішсе, адам ағзасына жетіп жатыр. Бірақ ішкенде де кез келген суды іше бермей, тазалығына, құрамына мән беру қажет. Себебі табиғи, таза су ғана адамға ем болады, қуат береді. Мұндай суды үй жағдайында дайындап алу да қиын емес. Кәдімгі крандағы суды мұздатқышта қатырса, ол әдемі кристалдарға ие болады, яғни құрамы табиғи қалпына келеді. Әр қайталаған сайын суды шайқап отырса, судың энергиясы арта түседі.

Иә, тіршіліктің қайнар көзі судың да сұрауы бар. Олай болса, әлем құндылығы суды ластамау, ысырап етпеу, қажетті деңгейде көңіл аудару — бүгінгі күннің маңызды мәселесінің бірі.

1-тапсырма.

1.Мәтін қандай стильде жазылған?

______________________________________________________________________________________________

2.Жапондық психолог-ғалым Масару Эмотоның су туралы пікірімен келісесіздер ме? Неге?

______________________________________________________________________________________________

3.Судың адам ағзасына қандай пайдасы бар?

______________________________________________________________________________________________

4. Біз тұтынып жүрген тағамдар құрамында судың мөлшері қанша?

______________________________________________________________________________________________

5.Табиғи, таза суды үй жағдайында қалай дайындап алуға болады?

______________________________________________________________________________________________

Бағалау критерийлері

Дискриптор

Мәтіннің стильдік белгілерін анықтай алады.

Мәтінді логикалық жүйеге сай абзацтарға бөле алады.

Стильді дұрыс анықтайды.

Мәтін жанрын таба алады.

Мәтінді абзаңтарға жіктей алады.

Сергіту сәті:Ал, балалар бір ауық,Дұрыс бұрысты ұғалық.Дұрыс болса, отырып,Бұрыс болса, тұралық.- Сумен жуынамыз (отыр)- Суды жейміз (тұр)- Суды ішеміз (отыр)- Су қатпайды (тұр)- Су сұйық зат (отыр)

2-тапсырма.

Абзац түрлерін жүйелі құрастырып, «Адамзат суды үнемдеп қолдануы тиіс» деген тақырыпта келісу-келіспеу эссесін құрастырып жазуы тиіс.

Сабақтың соңы

3 минут

Қосымша ақпарат

Дифференциация

Мүмкіндігі төмен оқушыларға мұғалім жеке нұсқаулықтар, түрткі сұрақтар беріледі, топтағы талқылаулар көмектеседі.

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Топтағы талқылауларды бақылаймын, оқушылардың маркерлеген мәтінін бақылаймын

Рефлексия кезінде ұсынған сұрақтар бойынша айтқан пікірлерінен ақпарат аламын

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Бірқатар оқушылардың өз біліміндегі ақаулары үшін алаңдамайтындай жайлы атмосфера тудыру

Оқушылар бірі біріне деген құрмет пен үйренуге ашықтық құндылықтарын дамыта алады

Слайд-презентация пайдаланылады

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу