Жер сілкінісі туралы түсіндірме мәтіндерін оқу. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Бөлім 5: Табиғи құбылыстар

Күні:

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жер сілкінісі асын қатысты өлеңдітуралы түсіндірме мәтіндерін оқу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.2.1.2 мәтінді іштей көз жүгіртіп/шолып/ түртіп алып/ сұрақтар қоя отырып/ қажетті ақпаратты тауып/ белгі қойып оқу/сын тұрғысынан бағалап оқу

4.2.9.1 дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, диаграмма) қажетті ақпараттарды табу, кездескен жаңа сөздердің мағынасын мәнмәтін бойынша анықтау, ақпаратты өңдеу, тұжырымын ұсыну

4.3.3.1 мәтінді логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құру

Сабақ мақсаттары

Оқу түрлерін қолдану, мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау

 Сөздік қор

Жер сілкінісі, апат, зілзала, іргетас, жер қыртысы, ығысу, ыдырау

 Бағалау критерийі

Мәтіннен қажетті ақпаратты табады, жаңа сөздердің мағынасын ашады, тұжырым ұсынады.

Құндылықтарды дарыту

Еңбек пен шығармашылық

 Пәнаралық

 байланыстар

Дүниетану, ғылымға кіріспе

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқу үшін өлең жазу

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Қызығушылықты ояту.

Өткенді бекіту. Оқушылар сөйлемдерді аяқтап жазады.1. От-...2.Отсыз ..........3.От жағылмаса ........

4. Алғашқы адамдар отты пайдалануды ........ІІІ. Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.

Презентация

Аяқталмаған сөйлемдер

Сабақтың ортасы

Жаңа тақырып.

Ой шақыру-«Апат» сөзін қалай түсінеміз?Оқушылар жұппен «апат» сөзіне түсіндірме жазады, тақтаға іледі. (өзгеріс, төңкеріс, ауыртпалық, қайғы, қирау, бүліну, жойылу, қаза болу; аса ірі әскери жеңіліс, жол апаты, су апаты, табиғи апат.Қорытынды шығару:

Апат

Мәтінмен жұмыс.

Мәтінмен таныспас бұрын, мәтінде кездесетін сөздерді әр топқа таратып, мағынасын ашқызу.-Осы сөздер нені білдіреді? Сілкініс, зілзала, іргетас, қыртыс, ығысу, ыдырау, жер, төзімді, берік.

Мұғалім оқиды, оқушылар мәтінді тыңдап, көзбен жүргізіп отырады. Жер сілкінісі

Жер сілкіну дегеніміз - жер қыртысы қабаттарының ығысу және ыдыраулардың әсерінен туатын жер асты қозғалысы әсерінен жер бетінің тербеле қозғалуы. Жер сілкіну ұзаққа созылмайды,әдетте бірнеше секунтдардың ішінде ғана өтеді! Бірақ жер асты дүмпулері бірінің артынан бірі қайталанып,бірнеше жылдарға жалғасуы мүмкін. Жер сілкінісі жиі қайталанатын аудандарда зілзалаға төзімді үйлер тұрғызылады. Мұндай үйлердің қабырғасы арасына темір салынған бетон құймалармен бекітіледі,іргетасының беріктігіне айрықша көңіл бөлінеді. Жер сілкіну балдары1-2 балл - жер бетінің тербелісі құралдардың көмегімен ғана байқалады. Оны адам сезбейді!3 балл - жер асты дүмпуін аздап адам байқайды.4 балл - жер асты дүмпуі анық естіледі. Әйнек дірілдейді. Жер сілкінгенін көптеген адамдар байқайды. 5 балл - ілулі тұрған заттар шайқалады. Ұйқыдағы адамдардың көпшілігі оянады. 11-12 балл Жер бетінде көптеген жарықтар пайда болады,тауларда опырылу көп болады. Жер беті өте үлкен мөлшерде өзгеріске ұшырайды. Адамзат баласының өліміне әкеледі.

Дыбдырлау (Babble gabble) - пайдалы тыңдау мен есте сақтау ойыны. Мұғалім бастап оқығаннан кейін, бір оқушы әңгіменің/ақпараттың мазмұнын құрбысына шамасы жеткенше барынша тез мазмұнын мүмкіндігінше детальдарын сақтап айтады. Бір минуттан кейін мұғалім «Ауыс» дейді де, енді тыңдаушы жеткен жерден мазмұн айтуды жалғастырады. Бұл бөлік бірнеше кезек бойына жалғасады. Оқушылар оқытушы айтқандай дәл мазмұнды айтқандай қажеті жоқ. Алайда, олар деталын және оқиғалар тәртібін есте сақтап қалу үшін мұқият тыңдау қажет.

Жеке жұмысМәтінді бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қою.

Қима қағаздар

Мәтін

Сабақтың соңы

Сабақты бекіту.

«Теллеграмма жазу»

Сабақтан алған бір қызықты ақпарат туралы хабарлама беру.

Өзін-өзі бағалау. «Сөйлемді аяқта»

  • Мен .... білдім.
  • Маған .... қиын болды.
  • Қиындықты жеңі үшін мен ..... істеуім керек.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтық жұмыс

Мәтіннен қажетті ақпараттарды табу, кездескен жаңа сөздердің мағынасын мәнмәтін бойынша анықтау, ақпаратты өңдеу, тұжырымын ұсыну.

Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу