Қазақ тілі және әдебиеттік оқу. 3 сынып. 8- БӨЛІМ. Демалыс мәдениеті. Циркке барамыз.


Пән: қазақ тілі және әдебиеті

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8- бөлім.

Демалыс мәдениті.

Сынып: 3

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық

бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Нукербаева А.К

Қатысқаны: Қатыспағаны:

Сабақ тақырыбы

Циркке барамыз. Бақытты балалық шақ.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.4.1 тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау;

3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен сызба, график, кесте, фотосуреттер пайдаланып, мәтін (хат, шақыру, нұсқаулық, т.б.) құру/компьютерде теру;

3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету.

Сабақ мақсаттары

Өлеңді мәнерлеп оқу дағдылары қалыптасып, оның мазмұнын түсіну біліктері дамытылып, сыни ойлау қабілеттері жетілдіріледі.

Оқушылар берілген суреттер арқылы мәтін мазмұнын болжауға, суреттерде бейнеленген көріністі сөзбен баяндап беруге үйренеді.

Тапсырмада берілген мәтінді жеңіл қабылдауға мүмкіндік жасалады.

Бағалау критерийлері

берілген тақырып бойынша әңгіме құрай алады;

сурет бойынша мәтін құрастырып, көркем жазады.

Сөздік қор

Отан-Ана, масақ.

Құндылықтарды дарыту

Бірлесіп жұмыс жасау дағдысын, шығармашылық қабілетін дамыту.

Шапшаң орындап, ұйымшылдыққа баулу. Көркем, таза жазуын қадағалау.

Мектеп миссиясы мен мектеп пайымдауы

және жаһандық азаматтықтың

іске асуы

Оқушылардың мәнерлеп оқу дағдысы қалыптасады, логикалық ойлау қабілеті, қиялы дамиды. Бірін-бірі тыңдай білу дағдылары артады.

Пәнаралық байланыстар

«Әдебиеттік оқу», «Дүниетану» пәндері.

АКТ

Таныстырылым

Алдыңғы меңгерілген білім

Өлеңдер мен әңгімелерді оқып, талдай алады.

Сабақ барысы

Сабақ

тың жоспар

ланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурс

тар

Сабақтың басы

3 минут

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқулық: 64, 65-беттер. Жұмыс дәптері: 72-бет

Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Таныстыры лым

Сабақ ортасы

35 минут

Ойымызбен бөлісейік.

Жекеше, жұппен, топпен жұмыс ұйымдастырылады.

-Тапсырманы қалай орындау керек?

Бұл тапсырма «Ойлан. Жұптас. Пікірлес» әдісі арқылы жүргізіледі. Оқушылар оқулықтағы суретке назар аударады.

-Топқа берілген суреттер туралы не айта аласың?

-Балалар қандай мерекеге жиналды?

Әрбір оқушы өз ойлары мен пікірін берілген уақыт ішінде қағазға түсіреді. Содан кейін оқушы жұбымен жазғанын талқылайды, ортақ қорытындыға келіп, топ талқысына ұсынады.

Саралау мүмкіндіктері. Дифференциация.

Деңгейі әртүрлі оқушыларға түрлі ресурстық қолдау жасайды.

Үлгерімі төмен оқушыларға жетелеуші сұрақтар қояды.

Сыныптағы жұмысты басқару. Шағын топтармен жұмыс істеу.

Оқушылар сыныпта қызыл, сары, жасыл, көк түсті шарлар арқылы топқа бөлінеді. Ол үшін оқушылар үстел үстіндегі түрлі-түсті қағаздарды таңдап алып, түсі сәйкес келетін шары бар топқа орналасады.

Оқиық және ойланайық.

Ұйымдастыру формасы. Оқушылар өлеңді жеке оқып, жұпта, топта үздік мәнерлеп оқушыны анықтайды.

-Тапсырманы қалай орындау керек?

Өлеңді мәнерлеп оқу критерийлері құрастырылады. Соның негізінде жұпта, топта үздік оқушы анықталады. Ол сыныпта өлеңді оқиды. Топта өлеңнің идеясы туралы пікірлесіп, мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады. Қарамен берілген сөздердің мағынасын түсіндіреді.Өлеңнің бір шумағын жатқа жазып, өзара тексереді.

Саралау мүмкіндіктері. Сыныптағы жұмысты басқару. Сұраққа жауап беру кезінде оқушылардың өз пікірін еркін жеткізуіне жағдай жасау. Ол үшін мұғалім үнемі қолдау сөздерді айтып, әр оқушының пікіріне қатысты кері байланыс беріп тұрады.

Жазайық.

Бұл тапсырма оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған грамматикалық білімдерін кеңейтеді. Үзбей және біркелкі жазу, байланыстырып жазу дағдыларын дамытады.

Ұйымдастыру формасы. Жеке жұмыс жүргізіледі.

-Тапсырманы қалай орындау керек? Тапсырманы орындау алдында оқушыларға «Грамматикалық қоржын» тапсырмасы беріледі. Мұғалім сөз таптарының атын атайды. Оқушылар шапшаң мысалдар келтіреді. Сонан соң оқушылар жеке отырып, мәтіннен он зат есімді теріп жазады. Мұғалім оқушылардың жазуына көңіл бөледі. Сонан кейін тақырыптың мәнін ашатын бір сөзді алып, жұптасып, сөз тіркесін құрастырады. Топта жазғандарын оқып, ішінен бір сөз тіркесін алады. Топта оқушылар ақ қағазға тізбектеле отырып бір-бір сөйлем жазады. Шапшаң орындап, ұйымшылдық көрсеткен топқа қошемет көрсетіледі. Орындаған тапсырмалары «Микрофон» әдісі арқылы тексеріледі. Қателері түзетіледі. Содан соң жазу талаптарын сақтай отырып, дәптерлеріне көшіріп жазады.

Саралау мүмкіндіктері.

Оқушыларға ресурс бойынша қолдау көрсетіледі.

Сыныптағы жұмысты басқару. Мұғалім үнемі қолдау сөздерді айтып, әр оқушының пікіріне қатысты кері байланыс беріп тұрады.

Құрастырайық.

Бұл тапсырма оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, қиялын, бірлесіп жұмыс жасау дағдысын, шығармашылық қабілетін дамытады.

Ұйымдастыру формасы. Тапсырма жұп, топпен орындайды.

-Тапсырманы қалай орындау керек? Жұптағы оқушыларға

-Балаларды қорғау дегенді қалай түсінесің?

-Бақытты бала деген кім?

сұрақтары жазылған карточкалар таратылады. Әр жұп қорытынды жазып, оны қағаз шетіне жапсырады. Топ мүшелері ақылдаса отырып, ортақ пікірге келіп бір жауапты таңдайды. Топ ішінен бір оқушы ортаға шығып ойларын айтады.

Содан соң әңгіме жазу критерийлері белгіленеді.

Сурет бойынша «Біз –бақытты баламыз» тақырыбына тірек сөздерді пайдалана отырып, әңгіме құрастырады. Мұғалім оқушылардың көркем, таза жазуын қадағалайды.

Нәтиже және ресурс бойынша саралау жүргізіледі. Кейбір оқушыларға тірек сөйлемдер беріледі.

Сыныпта жеке жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасалады.

Оқушылардың бұл тапсырма арқылы тыңдай білу дағдылары дамиды. Сыныптастарымен өз жұмысын талқылай отырып, терең талдау жасайды. Өзгелердің пікірін ескере отырып, қорытынды жасайды.

Ұйымдастыру формасы. Топтық жұмыс.

Әр топқа мұғалім ақ қағаз таратады. Оқушылар жазған әңгімелерін бір-біріне оқып береді. «Ең үздік әңгімені» таңдап алады. Үздік әңгімені топта ақ қағазға жазады. Жұмыс аяқталған соң сынып қабырғасына іледі.

«Галереяға саяхат» әдісі бойынша әңгімелермен танысады, оларды сараптайды, талдайды, бағалайды. Ол үшін стикер қағазға пікірін немесе сұрағын жазып, жапсырады. Галереяға саяхат аяқталған соң, топтар жұмыстарға шолу жасап, өз әңгімелеріне жазылған сыныптастарының пікірін талқылайды, сұрақтарға жауап береді және қорытынды жасайды.

Барлық оқушыларға бірдей тапсырма ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.

Оқушылардың еркін қозғалуына мүмкіндік беріледі.

Біле жүрейік.

Оқушыларды тақырып бойынша басқа мәліметтерді іздеуге бағыттап, шығаршылық ізденіске жетелейді.

Ұйымдастыру формасы. Жеке, топпен жұмыс орындалады.

Бұл тапсырма «Үлкен шеңбер» тәсілі арқылы орындалады. Мұғалім талқыланатын мәселеге байланысты ақпарат жасырынған қағаз шиыршықтарын ортаға лақтырады. Оқушылар оларды алып, ақпараттарды оқиды. Тақырыпқа сәйкес келетін ақпаратты оқып, маңыздылығын түсіндіреді. Сыныптастары ой қосады. Мұғалім қосымша мәлімет береді.

Әр оқушының пікірін мұғалім ынталандырып отырады.

Сынып оқушылары шеңбер құрып отырады. Ол үшін орындықтар ортаға дөңгелетіп қояды.

Білімді бекітуге арналған тапсырма.

Тапсырманы оқушыларға деңгейлеріне қарай ұсынуға болады.Өлеңді мәнерлеп оқы.

Ана тілегі

Бұзылмасын тәтті ұйқың,

Тыйылмасын тәтті күлкің,

Ойна, сәулем, емін-еркін,

Сен деп білем елдің көркін.

Балапаным, балдырғаным,

Сендер үшін бақыт таңы

Қорғайды анаң қиып жанын,

Қорғайды әкең төгіп қанын.

М. Хакімжанова

Дифференциация. Деңгейлік тапсырмалар.

І . Өлеңдегі сөздерді сөз таптарына талда.

ІІ. Қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талда.

ІІІ. Балапаным, балдырғаным сөздеріне сөйлем құрастырып жаз.

Білімді кеңейтуге арналған тапсырма.

Оқушыларға «Бақытты балалық шақ» тақырыбына буклет дайындау тапсырылады. Оқушылар сәби кезінен бастап түсірілген суреттерін жапсы- рып, сынып алдында қорғайды.

Оқушылардың білімін тексеру.

Ол үшін кіріспенің 10-11 бб. тиесілі бағалау стратегиясын таңдауы керек.

ҚБ тапсырамсын орындайды.

А3 үлгіде гі қағаз, маркерлер, парақшалар.

Сабақтың соңы

2 минут

«Бағдаршам»

Қызыл – ақпарат табу қиын, мұғалімнің немесе сыныптастырымның көмегі керек.

Сары – ақпаратты өзім таба аламын, бірақ салыстыра алмаймын.

Жасыл- ақпаратты өзім тауып, салыстыра аламын.

Үй тапсырмасы: ЖД жалғастыр.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушылар қабілеті төмен оқушыларға жауап беруге, тапсырманы орындауға көмектеседі.

Оқушыларға алдымен оқулықта берілген сұрақтарға жауап беру үшін ойлануға уақыт беремін, жекелеген оқушылардан сұраймын.

Жазайық тапсырмасы бойынша түсінбеген тұстары болса, жекелеген оқушылардың жанына барып түсіндіріп кетемін.

Топта жұмыс жасалған уақытта барлық оқушылардың жұмыс жасауын мұқият қадағаланады.

Шағын топтардағы оқушылардың жауаптарын дәлелдеу кезінде жетелеуші сұрақтар қойып отырамын.

«Ойымызбен бөлісейік» тапсырмасы . Мұнда оқушылардың сөйлем құрылымын сақтап айтуы бақылау әдісі арқылы;

«Оқиық » тапсырмасы түртіп алу арқылы бағалау;

«Салыстырайық» тапсырмасын стикер арқылы бағалау

«Құрастырайық» тапсырмасы мадақтау арқылы бағаланады

«Жазайық » оқушылap өз ойларын жүйелі жеткізуі, байланыстырып сөйлеу, сауатты жазуын пікір жазу арқылы бағалау

Сергіту сәті өткізіледі.

Сабақ барысында кеудені партаға дұрыс отыру ережесі қайталанады;

Көзге арналған жаттығу жасалады

Сабақ бойынша рефлексия

Оқудың шынайы мақсатын / мақсатының мақсаттары ма еді?

Барлық оқушылар Ортақ мақсатқа жетті ме?

Егер жоқ болса, неге?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізіле ме?

Сабақтың уақыттық сатылары болды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және неге?

Сабақты көрсету үшін осы бөлімді пайдаланыңыз. Сол бағандағы сабақ туралы ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы рейтинг

Сабақтың қандай екі қыры жақсы өтті (оқыту мен оқуды ойлап көріңіз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не көмектесе алады (оқыту мен оқуды ойлау керек)?

1:

2:

Сабақ туралы сабақта не жеке оқушылардың жетістіктерімен / қиындықтарымен нені көрсеттім, кейінгі сабақтарда не іздеймін?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу