2. Қазақ тілі_3 сынып Хат жазу ПРЕЗЕНТАЦИЯ


Қазақ тілі

3-сынып

8-бөлім: Мерекелер. Демалыс мәдениеті

Сабақ тақырыбы

1-сабақ. Хат жазамыз. Сөз таптарын қайталау

(«Қазақ тілі» оқу жоспары. 3-сынып. НЗМ ДББҰ, 2018 ж.)

Бастауыш сынып мұғалімі: Сарыева А.

Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебі

Оқу мақсаты

өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;

негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау;

мұғалімнің көмегімен кесте пайдаланып хат құрастырып жазу

Бағалау критерийлері

өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтайды;

негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтайды;

мұғалімнің көмегімен кесте пайдаланып ашықхат құрастырады

1 минутта жазу

Ана сөзіне қатысты сөздер тізімін құрастыру

Идея алмасу, толықтыру

Өзара тексеру

Сабақ тақырыбын болжау

Сабақ мақсаты мен оқу мақсаты, бағалау

критерийлері белгілеу

Талқылау

- Неліктен бұл сөзді ана сөзімен байланыстырасың?

- Ананың тағы қандай қасиеттерін атап толықтыруға болады?

- Анаңның қандай әрекеттерін байқайсыңдар?

- Анаңа қандай жақсылық жасауды парыз деп санайсың?

Сөздерді топтастыру

Есіңе түсір

Дескриптор:

негізгі және туынды сөздерді ажырата алады;

туынды сөздерді сөз құрамына талдайды;

туынды зат есімді, туынды сын есімді, туынды етістікті анықтайды.

Сергіту сәті

https://www.youtube.com/watch?v=wAKpGwfZdk4

Анаға құрмет

Мерекелі көктем келіп, кең дала гүлдеді. Аналар күні қарсаңында біздің отбасымыздағы балалардың үлкені

Асқар:

- Аналар күні жақын, анамызға сыйлық даярлайық,–деп ұсыныс жасады.

- Анамызға беретін сыйлықты өзіміз қолдан жасайық, – дедім.

Асқар мектеп шеберханасынан үлкен қондырғы жасап әкелді. Мен оған ақ мата керіп, оның ортасына күннің суретін салдым. Маржан мен салған сурет бойынша кесте тікті. Бүкіл ғаламға сәулесін таратып тұрған күннің ортасына анамыздың суретін орналастырдық. Күлімдеген күн. Асқақтаған Алатау. Гүлжазира кең дала. Анамыз күннің кеудесінде күлімдеп тұр. Суреттің астына: «Анабіздің күніміз!»–деп, мен көркем етіп жаздым.

Аналар күнінде ерте тұрып, үй жинадық. Маржан тамақ дайындады. Біз оған көмектестік, анамызды дастарқан басына шақырдық.

- Анашым, мерекеңіз құтты болсын!–дедім күлімдеп.

- Біз сізді жақсы көреміз!–деп Асқар анамызды құшақтады.

Маржан сыйлығымызды ұсынды. Ананы құшағымызға алып сүйдік. Анамызға арнап:

Ғаламда бар адам

Анадан тараған:

Ақылгөй, балажан,

Аман бол, анажан!–деп, тақпақ айтып бердім. Асқар күй тартты.

Маржан мен Асқар үшеуміз қосылып:

Анабіздің күніміз!

Ананың бізгүліміз.

Ұландарды қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз! – деп ән айттық.

Анамыз күндей жайнап, мейірлене күліп, бәрімізді құшырлана сүйді де:

«Өмірлерің мәнді болсын, тірліктерің сәнді болсын! Татулықтарың осылай тәтті болсын, әрбір әрекеттерің сәтті болсын!» – деп, аналық батасын берді. Біз масаттана қуандық.

Әдібай Табылды

Талқылау

Балалар анасының мерекесіне қандай сыйлық әзірледі?

Сыйлықты әзірлеуге балалар қалай үлес қосты?

Балалардың бойында қандай қасиеттерін байқадың?

Кейіпкерлерден қандай өнеге алар едің?

Автор осы шығармасы арқылы балаларға қандай жақсылықты үлгі етуді көздеді?

Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойының арасында байланыс бар ма?

Мәтінге басқаша тағы қандай тақырып беруге болады?

Мәтінге жоспар құру

Асқардың ұсынысы

....

....

....

Үлгі бойынша ашықхат мәтінін дайындау

Өзін өзі бағалау кестесі

Үй тапсырмасы

«Менің анам» тақырыбында таныстыру әзірлеу



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу