Қазақ тілі_3 сынып_ 4- бөлім_ Сәулет өнері_№7 сабақ_ Бейнаметериал бойынша мазмұндама жазу _презентация


«Қазақ тілі» пәні

3-сынып

4-бөлім «Сәулет өнері»

№ 7 сабақ

ТАҚЫРЫБЫ: Бейнематериал бойынша мазмұндама жазу (Қысқа ғана тарихи сәулет туындысын алуға болады. Мысалы, Қожа Ахмет кесенесі)

Оқу мақсаты:

3.1.5.1 аудио-бейнежазба мазмұны бойынша айтылған өзгенің пікіріне (келісу/келіспеу себебін ) өз көзқарасын білдіру

3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап диалогке қатысу

Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал

Біздер тату баламыз,

Өсіп алға барамыз.

Әріптерді үйреніп,

Білімді шәкірт боламыз.

Сұрақтарға жауап беру

Сәулет өнері туралы не білесіңдер?

Сәулет өнерінің қандай туындыларымен таныстық?

Архитектура мен құрылыстың айырмашылығы неде?

Қожа Ахмет Яссауи кесенесі

Кесене Оңтүстік-Қазақстан облысы Түркістан қаласында орналасқан. Оны әлемнің сезігінші кереметі деп тегіннен тегін атамаған. Бұл сарайлар мен ғибадатханалардың кешені орта ғасыр сәулетінің жауһары, ол ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра тізіміне енген. Қожа Ахмет Яссауи - XII ғасыр ойшылы және түркілік сопылық бағытты дәріптеген ақыны. Біздің заманымызға дейін оның, әлемдегі ең көне түркі тілді кітап саналатын, «Даналық кітабы» атты еңбегі жеткен. Ол 149 діни-философиялық хикмет-өлеңдерден тұрады. Яссауи өзінің сопылық қауымын ұйымдастырған, онда адамдарды еңбекке баулып, қарапайым, құлшылық етуге шақырып уағыздар айтылған.

63 жасында дүниеден өткен Мұхаммед Пайғамбардың ( с.ғ.а.) аруағын ардақтаған ол бұл дүниенің жарығын одан асып көруді өзіне артық санап, 63 жасқа толғаннан кейін мешіт жанындағы қылуетке түсіп, сол жерде өмірін жалғастырады. Ақын 1166 немесе 1167 жылдары дүниеден өткен. Оның зираты бірден мұсылман қауымының бас ұрып, тағзым ететін орнына айналды. Оған үш рет бару Меккеге барғанмен тең деп те жатады. Қожа Ахметтің арқасында Яссы қаласыТүркістанбарша түркі елдерінің рухани орталығына айналды

(Ж) Жұпта тыңдаған немесе оқыған мәтіні бойынша бір-біріне

сұрақ қою, жауап алу.

Сұрақтар:

1. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі қай қалада орналасқан?

2. Қожа Ахмет Яссауи кім болған?

3. Даналық кітабы неден тұрады? т.с.с.

(Ө) Тыңдаған немесе оқыған мәтінінің ең қызықты тұстарын белгілеп алу. Жоспар арқылы мазмұндама жазу.

Еліміздегі сәулет өнерінің керемет туындысы «Жаркент мешіті» туралы бейнематериал көрсету

https://www.youtube.com/watch?v=PacHRnq5bEA

Түсіп қалған сөздерді орнына қойып, мәтінді оқы.

Жаркент мешіті - 1892 - 1995 жылы Жаркент қаласында салынған ... Сәулетшісі Хон-Пик. Мешіт 52 бағана тізбегімен айналдыра... Интерьері әсем оймыш, нәзік өрнектермен безендірілген. Мешіт қабырғасы да шебер қиюластырылған бағаналардан құралған, төбесі қаңылтырмен жабылған. ... ауласының солтүстік-шығыс бұрышында шағын үй, оңтүстік қапталында медресе орналасқан. Оңтүстік және солтүстік қапталында үлкен ... бар.

Сөздер: ескерткіш, қоршалған, мешіт, қақпасы

«Бағдаршам» бағалау әдісін қолдану.

• Мен түсіндімжасыл түс;

• Мен сенімді емеспінсары түс;

• Мен толық түсінбедімбағдаршамның қызыл түсі



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу