Су – тіршілік көзі_115-сабақ_Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім_ҚМЖ
Қысқа мерзімді жоспар
Пән:Қазақ тілі Бөлім: Су – тіршілік көзі Сабақ тақырыбы 115-сабақ. Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім? | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні:Каирова К. У | ||||||||||||||||||||||||
Күні: | |||||||||||||||||||||||||
Сынып: 3 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру; 3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау; 3.1.4.1 тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау; 3.2.5.1 берілген тақырып/сұрақ бойынша түрлі дереккөздерден (мәтін/сөздік/сызба/кесте/карта) алынған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау; 3.3.3.1 оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша мұғалімнің көмегімен жоспар құрып, мазмұндама жазу. | ||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
| ||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілейді, ашық және жабық сұрақтарға жауап береді; өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтайды; тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрайды; берілген тақырып бойынша алынған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашады, анықтайды; тыңдаған материалдар бойынша мұғалімнің көмегімен жоспар құрып, мазмұндама жазады; | ||||||||||||||||||||||||
Сөздік қор | Пәндік терминология және тірек сөздер: Сын есім, негізгі, туынды сын есімдер Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл: Талқылау үшін сұрақтар:
| ||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Судың – тіршілік көзі екендігін, оның адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру; Оқушыларды табиғатты қорғай білуге, оны ұқыпты пайдаланып, табиғатқа жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу. | ||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Жаратылыстану | ||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Сын есім және сан есімдер. Қандай сұрақ қойылатыны, сын есімнің негізгі сын есім және туынды сын есім болып бөлінетіні, олардың емлесі. Сан есімдердің есептік, реттік түрлерінің болатыны, реттік сан есімдерге жалғанатын қосымшалар. | ||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 3 минут 3 минут | І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал. «Мен қандаймын?» Оқушылар шеңбер құрып дөңгелене тұрады. Әр оқушы өз атының алғашқы әрпіне сай сын есім қосып айтады. Мысалы: Жансая-жайдары, Ұлжан-ұқыпты... (Ұ, Ж, қ) «Жүйрік ойлар» әдісі бойынша оқушылар әріптерді орындарына тез қойып, жасырынған сөзді табады. (Жапырақ) Жасырынған сөз ертегі тақырыбы болып табылады.
| Суреттер 4-слайд | |||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 8 минут 4 минут 2 минут 18 минут | ІІ. Негізгі бөлім 3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру; (Ұ.Қ.Т.Ж.) Ертегіні мұқият тыңда. Сұрақтарға жауап бер:
Сынып оқушылары «Аквариум» әдісі бойынша екі топқа біріктіріледі. Сұраққа жауап беретін топ шеңбердің ішінде отырады. Сұрақ қоятын топ оларды қоршап, сыртында тұрады. Ол үшін алдымен бірінші топ мәтін мазмұны бойынша сұрақтарды екінші топқа қояды. Екінші топ сұрақтарға жауап қайтарады. Екінші топ оқушылары бірінші топтың қойған сұрақтарына жүйелі, толық жауап береді. Мұғалім оқушылардың іс-әрекетін бақылап, бағыт беріп тұрады. Сонымен қатар қарамен жазылған сұрау мағынасындағы сөздерге назар аудартылады. Ол сөздерге жауап болатын сөздермен тірек сөздер қатарын құрайды. Үлгі: Көктем, аққайың, асыға қоймады, жасыл, сұлу, жауын жауғаннан кейін, сары, қоңыр, қызыл. Жапырақтың сұрағына ықтимал жауаптар: Күз. Күз келбеті. Күзгі орман. Күзгі дала. Жыл мезгілі. Бағалау дескрипторы: - ертегіден тірек сөздерді белгілейді; - сұрақтарға жауап береді; 3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау; 3.1.4.1 тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау; 3.2.5.1 берілген тақырып/сұрақ бойынша түрлі дереккөздерден (мәтін/сөздік/сызба/кесте/карта) алынған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау;
1. Жасыл жапырақ. (Көктем келді....Самал желмен тербеле бақытты күй кешті.) 2. Күннің суытуы. (Бір күні күн суыта бастады....Аспанды жиі-жиі бұлт торлайтын болды.) 3. Жапырақтың сұрағы. ( Бір күні ол Аққайың анадан....) Ертегіге ықтимал тақырыптар: Табиғат кереметі. Табиғат Ана. Жапырақтың өзгеруі. Жыл мезгілі.
Түсіндірме сөздікпен жұмыс Өркендер – өсімдіктердің негізгі мүшелерінің бірі Бүр жарып – жас өркендердің түп жағына тығыз топтасып орналасады. Қауызын – қабығын Құлақ түрді – тыңдады. Күй кешті – басынан өткізді. Бойы мұздады – салқындады. Ертегідегі сын есімі бар сөйлемдер: Тек кенже бүршік қана асыға қоймады. Демде жасыл Жапыраққа айналды. Табиғат қандай әдемі еді. Құстардың сайраған көңілді үніне құлақ түрді. Самал желмен тербеле бақытты күй кешті. Жапырақтар сары, қоңыр, қызыл түске боянды. Әр топ өзара ақылдаса отырып:
Соңында әр топ өз жұмыстарын ортаға салып ой бөліседі. Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясы арқылы бір-бірінің жұмысын бағалайды. Орындаған жұмыстарының екі жақсы жағы мен бір кемшілігіне ұсыныс білдіру арқылы өз іс-әрекеттеріне кері байланыс жасайды. Бағалау дескрипторы: - ертегі бөліктерін ажыратады; - тірек сөздердің көмегімен ертегі мазмұнын айтады; - жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы анықтайды; - ертегіден сын есімі бар сөйлемдерді теріп жазып, негізгі және туынды сын есімдерге ажыратады; 3.3.3.1 оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша мұғалімнің көмегімен жоспар құрып, мазмұндама жазу. (Ұ,Ж) «Жапырақ» ертегісі. Мазмұндама
Оқушылар мазмұндама жазудың ретімен танысады, талдайды. Мәтіндегі негізгі ойды анықтай отырып, әр бөліктегі басты нәрселерге назар аударады. Мазмұндама жазуда сөйлемдердің құрылымына және олардың тыныс белгілеріне мұқият болады. Оқыған мәтіні бойынша әр бөлікті азат жолдан бастай отырып, мазмұндама жазады. Бағалау дескрипторы: - мазмұндама жазудың ретімен танысады; - жоспар бойынша мазмұндама жазады | №3 Дәптермен жұмыс 5-слайд «Қазақ тілі» оқулығы 3-сынып. Жумабаева А., «Атамұра баспасы» 2018 ж. 6-слайд 7-слайд 8-слайд 9-слайд №3 Дәптермен жұмыс 10-слайд | |||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 2 минут | Рефлексия:
Үй тапсырмасы Негізгі, туынды сын есімдерге 10 мысал жазу. |
11-слайд 12-слайд | |||||||||||||||||||||||
Саралау– оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||||||||
Топтық тапсырмаларды саралау бойынша беру. Қабілеті жоғары оқушыларға одан әрі дамуы үшін көмек қажет ететін оқушыларға қайта түсіндіру арқылы қолдау көрсетіледі. | Қалыптастырушы бағалаулар дескрипторлар негізінде өзін-өзі бағалау, жұпта бағалау және мұғалімнің бағалауы арқылы жүзеге асырылады. | Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау. | |||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | |||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?