Қазақ тілі 3-сынып 5-бөлім Өнер №81 сабақ_Нәтиже сабақ_Презентация


Тарау аты: Өнер

81-сабақ.

Сабақ тақырыбы:

Нәтиже сабақ.

Мен не үйрендім?

(«Қазақ тілі» оқулығы 3-сынып. Жұмабаева Ә.Е., Алматы «Атамұра», 2018 ж.)

Құрастырған: Ршымбетова Г.А.

Бағалау критерийлері

-Берілген мәтіннің негізгі бөлімдерін анықтайды; оны түсінеді және түсінгенін көрсете алады.

- жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзете алады;

- Зат есімді және көмекші сөздерді қолданып жай сөйлемдерді жаза алады;

зат есімдерді жекеше түрде тәуелдейді;

Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру

Сәлемдесу:

(Оқушылар қимылмен жасайды.)

Қайырлы күн, достым,

Қайырлы күн, болсын.

Бүгінгі күніміз.

Сәттілікке толсын!

Көркем жазу

Үлгі бойынша К әрпінен басталатын сөздерді табу, талапқа сай жазу. Мысалы, Кк, күн, күнбағыс,күміс, кереге, көз...

Imektep/kz . Шоқан туралы

бейнежазба көрсету.

Шоқан кім?

Ол туралы қандай кітап жазған?

(Ө, Ұ, Қ) 1-тапсырма

Мәтінді тыңдап, мәтін мазмұнына сай келетін қысқаша атауды таңда

Бала Шоқан

Сотниковтың ақыл-кеңесі

Өнерпаз бала

Шоқанның арманы.

Неліктен олай деп ойлайсың? Дәлелде, себебін түсіндір.

2-тапсырма

Берілген сөйлемдерді түзетіп, жаз. Жіберілген қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету

Сенің қалага барып оқығаның жөн.

Білім беру үшін мектеп ашу қажет. Бұл –

өнерпаз бала. Оған білім керек.

Оқып білімді болған соң, Мысық сияқтыларды үйретесің.

Жазған жұмыстарын, қарындашпен өзара тексеру, мұғалімнің көмегімен қатесін тауып, түзету

Сөйлемдердің реттілігі сақталған ба?

Мағынасы жағынан байланыса ма?

Қате кездесе ме?

ҚБ. «Екі жұлдыз, бір тілек»

Тапсырма (Ұ,Ө,Қ)

Мәтін бөліктерін толықтыру.

Жоспар бойынша мазмұндау.

1. Сотниковтың Шоқан аулына келуі.

2. Балшықтан жасалган күйме.

3. Мысық - өнерпаз бала.

4. Шоқанның ойы.

(МК, Ө, Қ) Тапсырма

Сөздерді оқы.

1. Ұш, біл, сыз, жүз, өшір.

2. Адал, ұзын, жаңа, сұлу, таза, биік.

Бірінші жолдағы сөздер қай сөз табына жатады?

Екіншідегі ше?

Осы сөздерден зат есім жасап жаз. Сұрақ қой. Бұлар қандай зат есім деп аталады? Неліктен?

.

Өзара тексеру

Берілген сөздерден зат есім жасай алды ма?

Сұрақты дұрыс қойды ма?

Қате кездесе ме?

ҚБ. «Екі жұлдыз, бір тілек»

Кері байланыс

Бүгінгі сабақтан не білдің?

Не қиын болды?

Несімен ұнады?

Үйге тапсырма: мектеп, үй сөзін тәуелдеп жазу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу