3. Қазақ тілі_3-сынып_2-бөлім_жақсыдан үйрен,жаманнан жирент_№33 сабақ_Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім_ Дидактикалық материалдар


2-бөлім. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Дидактикалық материалдар

Сабақтың тақырыбы: № 33- сабақ. Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім?

Қосымша №1

1-тапсырма

  • Тыңдалым. Мәтінді мұқият тыңда

Хиуаз Доспанова Ұлы Отан соғысына қатысқан.Ол- қазақтың тұңғыш ұшқыш қызы.

Хиуаз әуеге 300 рер ұшып шығып, Кубань, Қырым, Украина, Белоруссия, Польша, Германия жерлеріндегі жау бекініғстерін бомбалаған.

Хиуаз Доспанованың ерлігі дәріптеліп, ол туралы бірнеше кітап жазылды. Жауынгерлік еңбегі үшін «Халық қаһарманы» атағы берілді.

«Қазақ тілі» оқулығы 3-сынып. Жұмабаева Ә.Е.,

Алматы «Атамұра», 2018 ж

Жұмыс парағы №2

1-тапсырма

2. Мәтіннің не туралы екенін анықтап, өз ойымен бөліседі.

Мәтін

Тақырыбы

Мәтіндегі негізгі ой

Қорытынды

Қосымша №3

http://www.voxpopuli.kz/kz/history/767-tungy-mystan-khiuaz-dospanova-.html

Хиуаз Доспанова туралы қосымша мәлімет:

Хиуаз Доспанова ұшқыш. Ол ерлігі үшін 2004 жылы көзінің тірісінде, "Халық қаһарманы" атағын алған. Хиуаз Алматының ортасында тұрған. 2010 жылы Атырауда ұшқышқа ескерткіш ашылған, Алматыда оның атымен аталған көше пайда болды. Атыраудағы спорт сарайы да Хиуаз Доспанованың есімін алған. Ол жайлы "Хиуаз Доспанова. Рахмет айтып үлгеру" атты деректі фильмі түсірілді. 60-жылдары Хиуаз Доспанова "Соғыс туралы естелік" кітабын жазған.

Қосымша №4

2-тапсырма

Оқулықта берілген жағдаяттық тапсырманы оқу. Хабарландыруды сөздерді тиісті орнына қою арқылы қайта құрастырып жазу. Тыныс белгілерін қою.

  • білесің бе Сен
  • тұңғыш кім ұшқыш қазақ қызы
  • туралы келе ме білгің ол
  • кітапханаға кел онда

«Қазақ тілі» оқулығы 3-сынып. Жұмабаева Ә.Е.,

Алматы «Атамұра», 2018 ж

Қосымша №5

3-тапсырма «Ыстық микрофон» әдісі арқылы диалог құру.

Диалогке түспес бұрын тақырып бойынша сұрақтарын дайындап алу.

  • Сәлемдесу.
  • Сөйлеу мәдениетін сақтау.
  • Сыпайы сөздерді пайдалану

Үлгі:

Тілші:

-Мені мына сұрақ мазалап тұр, тірек сөздерді пайдаланып, мәтін не туралы деп ойлайсыз ?

Оқушы:

- Әрине, цирк туралы.

Тілші:

- Неліктен?

Оқушы:

- Себебі, циркте сайқымазақтар, шабандоздар, акробаттар өнер көрсетеді.

Тілші:

- Циркке барып көрдіңіз бе?

Оқушы:

- Иә, ата-анаммен бардым.

Тілші:

- Сіздің ойыңша, цирк дегеніміз не?

Оқушы:

-Менің ойымша, цирк дегеніміз- адамдарға,балаларға көтерңкі көңіл-күй сыйлайтын мәдениетті орын.

Тілші:

- Қандай мәдениет орындарын білесіз?

Оқушы:

- Цирк, кинотеатр, мұражай.

Тілші:

- Цирк керек емес, дегенге не айтар едіңіз?

Оқушы:

- Кешіріңіз, мен бұған қарсымын. Себебі, барлық жас аралығын қамтитын жалғыз өнер-цирк. Циркте жасқа қарамайды бәрі көріп тамашалай алады, ал театрда жасына қарай кинолар көрсетіледі.

Тілші:

- Әңгімеңізге көп рахмет, сау болыңыз!

Қосымша №6

Тірек сөздерді пайдаланып мәтін құру.

Тірек сөздер:

Цирк, көшпелі, акробат, тұрақты, шабандоз, сайқымазақ

Қосымша №7

Өздік диктант

Көп нүктенің орнына тиісті қ, х, һ әріптерін қойып жазу

…исса, …арауыл, …ат, …атық, жи…ангер, қа…арман, …алық, …абарландыру, …анзада, жи…аз, Гау…ар, Жау…ар, ша…ар, …орған.

«Назарбаев Зияткерлік Мектептері »ДББҰ. Қазақ тілі.

Оқу жоспары.2018-2019 оқу жылы. 3-сынып

Қосымша №8

Тест

1. Сөйлемдердің ішінен қаратпа сөзі бар сөйлемді табыңар:

А) Беу шіркін, таудың күйі, тастың күйі

Ә) Ой-хой шіркін, дәурен-ай!

Б) Балалар, бұл жол басы даналыққа

2. Құстың жемін әкелші,...

Көп нүктенің орнына қаратпа сөз жазыңдар.

А) қорада

Ә) қызым

Б) үйге

3. Қыстарма сөзді табыңдар:

А) бірте-бірте

Ә) шіркін –ай

Б) әйтеуір

4. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді жазыңдар.

... а...арман

А) қ, һ

Ә) т, к

Б) ш, х

5. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті жазыңдар:

...абрика

А) ф

Ә) п

Б) т

6. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті жазыңдар:

...емодан

А) ч

Ә) ш

Б) щ

7. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті жазыңдар:

...леватор

А) э

Ә) е

Б) а

8. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті жазыңдар:

...иркуль

А) с

Ә) ц

Б) щ

9. Әдепті бала қандай:

А) тәртіпті,тәрбиелі

Ә) ұқыпты, сөзшең

Б) үздік оқушы, шыншыл

10. Сөйлемді аяқтаңдар:

Әдепті бала ата-анасын ....

А) ойнатар

Ә) мақтатар

Б) сөйлетер

Қосымша№9

Өзін өзі бағалау кестесі

Бағалау критерийлері

Қолымнан келеді

Көмек қажет етемін

мәтін мазмұны бойынша сұраққа жауап беремін.

жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетемін, мәтіннің тақырыбын ондағы негізгі ойды анықтай аламын

х, һ әріптері бар сөздерді ажырата аламын

Жоспар мен тірек сөздерді пайдаланып, әңгіме құрастырамын



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу