2 Қазақ тілі _3 сынып_ 7 бөлім Су тарауы 109


Қазақ тілі

3сынып

7 бөлім Су-тіршілік көзі

(Оқу жоспары Қазақ тілі 2018-2019жж)

109-сабақ Сан есім

Бағалау критерийлері

Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарға жауап береді

Жағдаяттағы нормаларды сақтап сөйлейді

Үзбей және біркелкі жазу және жазу қарқынын жеделдетеді

Шаттық шеңбер

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

Миға шабуыл (Ұ.)

Тест тапсырмалары

1.Сан есім қандай сұраққа жауап береді?

А)қандай? қанша? ә) не? нешінші? б) қанша? неше? нешінші?

2. Сан есімді көрсетіңдер

А) бес ә) кітап б) белсенді

3. Сан есімді көрсетіңдер

А ) бес, сана, ұйықта ә) елу бес, жас, кәрі б) қырық, елу, жүз

4. Сан есім дегеніміз .... білдіреді

А) заттың атын ә) заттың санын, ретін б) заттың сынын

5. Реттік сан есімді тап:

А) оныншы ә) он бес б) жетеу

6. Жұмбақты шешіңдер

Басында тағы бар,

Төрт аяғы бар,

Сегіз тұяғы бар,

Иегінде сақалы бар.

(Т.Ж) Түстер арқылы топтарға біріктіру.

«Ашық пікір» әдісі

26-жаттығу Ертегіні оқы.Әр топ 5 сұрақ жазып дайындау керек. Әр карточкаға бір сұрақ, жауабы артына жазылады. Түйе мен түлкінің қайсысының жауабы шындық, қайсысы жалған екенін дәлелде.

(Ж.ж) «Қызықты мозаика» әдісі.

27-жаттығу. Мозаикада берілген сөздерді байланыстырып сөйлем құрастыру. Сөйлемнен мәтін құрастырып, мәтінді көркем жазу. Сан есімдерді тап.

( Ж.ж) «Не/Қандай/Неліктен» әдісі

28-жаттығу Жағдаятты оқып, сұрақтарға жауап бер. Жағдаятқа байланысты өз ойыңмен бөліс. Серік достарымен бірге ауыл сыртындағы бұлаққа келді. Ол бұлақ көзін шөп-шалам, босаған ыдыс және қоқыстар басып, бітеліп қалғанын көрді....

Сұрақтар:

1. Балалардың әрекеті қандай болмақ?

2. Бұлақ көзінің бітеліп қалуына кімдер кінәлі деп ойлайсыңдар?

( Т.Ж) 29-жаттығу «Кім тапқыр» ойыны

Өлең оқылады. Кейін әр топқа тапсырмалар беріледі. Берілген тапсырманың жауаптарын дұрыс анықта.

Бір топ бала тоғаннан

Он бес балық ұстадық.

Бөліскенде оларды

Тиді әркімге үш балық.

Сынайын бір ал сені,

Бала саны қанша еді?

1-топ: 1. ... ... ауыз сөздің тобықтай түйіні бар. (тоқсан)

2. ... ... теңгең болғанша, ... ... досың болсын. (жүз)

3. ... ... кісінің түсін білгенші,

... ... кісінің атын біл. (жүз)

4. Білікті ... ... жығады, білімді ... ...мыңды жығады. (бірді, мыңды)

Т10

К3

С10А

100іМ

1ЛіК

7АТА

1ҚАЗАН

3БҰРЫШ

2-топ:

3-топ:

Рефлексия «3-2-1» әдісі

3 пікір – оқушылар сабақтан үйренген үш нәрсесін жазады

2 идея – оқушылар екі басты жайтты қайталайды

1 сұрақ –оқушылар материал бойынша түсінбеген бір сұрағын жазады.

Үй тапсырмасы:

сан есміге қатысты бес жұмбақ дереккөздерден жазу



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу