2_Қазақ тілі_3 сынып_6-бөлім_Атақты тұлғалар_№14сабақ_Есептік және реттік сан есім_ПРЕЗЕНТАЦИЯ
«Қазақ тілі» пәні
3-сынып
6-бөлім. «Атақты тұлғалар»
Сабақ тақырыбы:
№ 14 сабақ. Есептік және реттік сан есім
«1 минуттағы ой» тәсілі
Есептік және реттік сан есімдерге қатысты сөздер жазу.
Үш, екі мың он сегізінші, екі, бесінші, он бірінші, бір.
Үлгі: Үш қарындаш – «үш» қарындаштың санын білдіреді, қанша? деген сұраққа жауап береді.
Бесінші сұрақ – «бесінші» сұрақтың ретін білдіреді, нешінші? деген сұраққа жауап береді.
Сабақтың мақсаты
3.4.2.6 есептік және реттік сан есімдердің айырмашылығын анықтау;
3.1.4.1 тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау;
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету.
Бағалау критерийлері
-есептік және реттік сан есімдердің айырмашылығын анықтайды;
-тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрайды;
-каллиграфиялық нормаларды сақтап жазады.
Әңгіме құра
Тірек сөздер: Шоқан Уәлиханов, Қостанай облысы, Құсмұрын бекеті, шын есімі - Мұхаммедханафия, Омбы қаласы, кадет корпусы, географ, суретші, саяхатшы, аңыз, әңгіме, жырлар, жазушы, тарих, зерттеуші т.б.
Жоспар:
1. Бала Шоқан.
2. Жас Шоқан.
3. Ғалым Шоқан.
Математикалық жұмбақ
1. Дұрыс есептесең Шоқанның неше жастан бастап хат танығанын табасың.
55:5-6= /5/
2. Шоқанның кадет корпусын қанша жасында бітіргені шығады.
10+10х2-12= /18/
3. Шоқанның неше жасында дүниеден өткені көрсетілген.
100-70+0= /30/
4. Ғалым Ә. Марғұланның Шоқанның еңбектерін оның қандай мерейтойына арнап құрастырып, жазғанын білесің.
50х3= /150/
Есептік және реттік сан есімдерге ажыратып жаз
Бес-бесінші
Он сегіз-он сегізінші
Жүз елу – жүз елуінші
Тапсырма 4. Жазған есептік және реттік сан есімдер қатыстырып, сөйлем құра.
Тапсырма 5. Үш жүз, үш би, үш арсыз, үш бәйтерек, бес парыз бес дұшпан, бес асыл, жеті ата, жеті күн, жеті су, он үште отау иесі, он үш мүшелі жас т.б. сандарға қатысты айтылған ойлардың мағынасын түсіндір.
Каллиграфиялық нормаларды сақтап жазу
Тапсырма 6. 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 сандарына байланысты мақал-мәтелдерді тауып, жаз.
Үлгі:
1. Бір жылы сөз бір күнге азық
2. Екі жақсы қас болмас, екі жаман дос болмас.
3. Жұмысқа үш жылда үйренеді, жалқаулыққа үш күнде үйренеді.
4. Төрт аяқты жылқы да сүрінеді.
5. Бес саусақ бірдей емес.
6. Алты аға бірігіп әке болмас.
7. Жеті атасын білмеген жетімдіктің белгісі.
8. Дос сегіз болса, дұшпан сегіз.
9. Тоғыз тоңқылдақ, бір шіңкілдек.
10. Он рет айтқанынан бір рет көрсеткені артық.
Рефлексия
- Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
- Сабақтан не үйрендіңдер?
- Саған не ерекше қызықты болды?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?