Қазақ тілі_3 сынып_ 4- бөлім_ Сәулет өнері_№2 сабақ_Сөз құрамы. Бәйтерек туралы аңыз _Мұғалімге арналған нұсқаулық


Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқаулық

Пән: Қазақ тілі

Сыныбы: 3

4-бөлім: Сәулет өнері

Сабақ тақырыбы:№2.Сөз құрамы.Бәйтерек туралы аңыз

Оқу мақсаты:

3.1.2.1* мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер, фото, диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау

3.2.2.1 тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын түсіну, сөйлеу барысында қолдану

Сабақтың барысы

Оқушыларға төмендегі тапсырманы орындау ұсынылады. Оқушылар сөз құрамын еске түсіреді. Сөздерді кестеге үлгі бойынша жазады.

Теңіз, кітап, дәрігер, теңізші, балық, кітаптан, дәрігер, теңізде, теңізшілер, балықшы, кітапхана, балықшылар, дәрі, кітапханада, балықты, дәрігерге.

Түбір

сөз

Туынды түбір

Түбір+

жалғау

Туынды түбір+

жалғау

теңіз

теңізші

теңізде

теңізшілер

 Ширату «Ойымызбен бөлісейік» айдары бойынша жұмыс жасалады.

«Бәйтерек» монументі туралы не білетіндері туралы сұралады және видеосы көрсетіледі.

(М) «Бәйтерек» аңызы тыңдатылып, мазмұны айтқызылады.

 Бәйтерек сөзінің шығу төркіні сынып бұрышындағы этимологиялық сөздіктен таптырылады. «Бәйтерек» – ежелгі түркі сөзі, бәй«үлкен» деген сөз, «бай» сөзінің дыбыстық өзгеріске түскен түрі (бәйбіше, бәйшешек), үлкен, алғашқы деген ұғымдарды, ал терек (парсы тілінде - дарақ) «ағаш» деген ұғымды береді. Демек Бәйтерек екі сөздің бірігуінен жасалып, «зәулім ағаш» дегенді білдіреді.

Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру жұмыстары жүргізіледі.

(МК, Ө) Көркем жазу

Бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен көлемін көрсету. Үлгі бойынша жазу ұсынылады.

(Ө,Ж,Т,Қ)«Оқиық және жауап берейік» айдары бойынша жұмыс.

(Оқулықтың 6-7 беті).

(Ө) «Бәйтерек» аңызын тыңдау және мазмұнын айту. Сөздің шығу төркінін табу.Жоспар құру, мазмұндама жазу тапсырмаларын орындайды.

Бәйтерек

Ертеде өмірдің бастауын бейнелейтін ағаш болған. Сол ағаштың басына Самұрық құсы жыл сайын алтын жұмыртқа салған.

Жұмыртқадан балапан жарылып шығыпты. Бір айдаһар ағаштың діңімен жоғары өрмелеп барып қорғансыз, күнәсіз балапанды жұтып қояды.

Жер асты патшалығына түсіп қалған батыр болыпты. Алыс жолдардан келе жатса, балапанға ұмтылған айдаһарды көріп, садақпен атып өлтіреді.

Самұрық балапанын ажалдан аман алып қалған батырға риза болыпты. Ол батырды жер астынан жер үстіне алып шығады.

Ертегі арқылы, өмірде қиял шындыққа айналып «Бәйтерек» бой көтереді. Енді өзінің жарқыраған сәулесімен елордаға нұрын төгіп тұр.

      Бәйтеректің жоғары бөлігінде алтын түсті алып шар орналасқан. Шардың диаметрі 22 метр, салмағы 300 тонна. «Аялы Алақан» - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің оң алақанының бедерлемесі.

Жоспар үлгісі

1. Тіршілік ағашы

2. Қасиетті самұрық құс

3. Маңызды күрес

Талқылау үшін арналған сұрақтарға жауап іздеу, ой бөлісу.

  • Мәтін бойынша бірнеше сұрақтар қою.
  • Бәйтерек қандай ағаш?
  • Аңыздың кейіпкерлері кімдер?
  • Аңыз ненің белгісі?
  • Бәйтерек нелерде бейнелеуде?
  • Бәйтеректің жоғары бөлігінде не орналасқан?
  • Шардың диаметрі мен салмағы қанша?
  • «Аялы алақан» кімдікі?

Дәптермен жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар. Сауаттылық хаты

І деңгей:

Мәтінді суретпен бейнелеп, мәтіннің мазмұнын ашу.

Астана сөзін жекеше, көпше түрде тәуелдеп жаз.

ІІ деңгей:

Берілген сөздерден сөйлем құрастырып,сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін тап

1.Болашағы, зор, Астананың.

2.Астанада, ғимараттар,ғажап, зәулім,жатыр, салынып.

3.Ескерткіштері, бар, билердің, Астанада.

4.Астана, Арқаның, төрінде, орналасқан.

5.Қала, жас, сұлу, Астана, ең.

ІІІ деңгей:

Бәйтерек – сөзін семантикалық карта бойынша толтыру

Оқушылардың жазба жұмыстары тексеріледі.

VІІІ. Ой шақыру стратегиясы.

ХІІ. Бағалау. Марапат қағаздарын беріп, оқушылардың бүгінгі сабаққа қалай қатысқандарына тоқталып өту.

Балалардан өзддері білетін мақал-мәтелдерін сұралады .Отан туралы мақал-мәтелдің мән-мағынасын ашу.

Жасырылған мақал-мәтелдерді шешіледі.

ІХ. Рефлексия. Сабақты бекіту.

«Ойлы болсаң – озып көр»

1. Бәйтеректің жоғары бөлігінде не орналасқан?(алтын шар, жұмыртқа сияқты)

2. Астана рәмізі «Бәйтеректің» ұзындығы не себептен 97 метр? (Бұл сан астананың Алматыдан Астанаға 1997 жылы көшірілуіне байланысты)

3. «Қазақстан жолы» кітабының авторы кім?(Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев)

4. Астанадағы ұзындығы 214 метр болатын көпір қалай аталады?

5. Есіл өзенінің жағалауында орналасқан әсем қала қалай аталады?(Есілдің жағасында Астана қаласы орналасқан)

6. Шардың диаметрі мен салмағы қанша?(Шардың диаметрі – 22 м, салмағы 300 тонна)

7.«Аялы алақан» кімдікі?»Аялы алақан» Елбасынікі.

Х. Ой қорытындылау.

-Балалар, сөзіміздің дәлелі ретінде бүгінгі

тақырыпты қорытындылай келе, өзіміздің Қазақстанның ұланы ретінде көпшілікке қалай танытамыз. Айтып жіберейік деп оқушыларға ойларын айту ұсынылады.

«Ғажайып сөздер»

Б– батыр

Ә – әдемі

Й – инабатты

Т – тәртіпті

Е – еңбекқор

Р – риза

Е – еліміздің

К – келешегіміз

ХІ. Музыка пәнімен байланыс

Оқушылар Е.Хасанғалиев «Атамекен» әнін шырқайды.

ХІІ. Бағалау. Марапат қағаздарын беріп, оқушылардың бүгінгі сабаққа қалай қатысқандарына тоқталып өту.

Сабақты қорытындылау.

Мен сендерге алақандар суретін бердім, соған енді жақсы тілек жазып күннің көзіне ілеміз.

Үй тапсырмасы“Бәйтерек” тақырыбына эссе жазу тапсырмасы беріледі.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу