Қазақ тілі 3 сынып 3 бөлім Уақыт Көне өркениеттер туралы баяндамалар жазу ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Орта мерзімді жоспар бөлімі «Уақыт»

Мектеп:

Күні: 2-тоқсан

Мұғалім:

Сынып: 3

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Тараудың тақырыбы:

Сабақ тақырыбы:

Көне өркениеттер туралы баяндамалар жазу (хронологиялық емес)

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты:

3.4.2.1 сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) және тұрлаусыз (түрлері қарастырылмайды) мүшелерін ажырату

3.4.2.2 мұғалімнің көмегімен жалаң және жайылма сөйлемдерді ажырату

Сабақ мақсаты:

Сөйлесу әрекетіне жетелейтін қарапайым сөйлеу үлгілерін қолдану негізінде оқу­

шыларға Ұлы Жібек жолы жайында мағлұмат беру. Лексикалық тақырып аясында тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелер мен жалаң, жайылма сөйлемдерді меңгерту.

Құндылықтарды дарыту:

Өзіне және өзгелерге құрмет мұғалім мен оқушылардың бір-бірімен амандасуында, сыпайы, ойын ашық білдіріп, тыңдауда, сабақты уақытында бастап, аяқтауда, тапсырмаларды нұсқалық бойынша орындауда көрініс табады. Өмір бойы оқу құндылығы сабақ мақсатын түсінуі, кері байланыс, рефлексия, алған білімінің практикалық мәнін түсінуде көрініс табады. Ашықтық оқушыларға ақпаратты алуда бірдей мүмкіндіктер беруде, өз білімін бағалау мен кері байланыс беруде орын алады. Еңбексүйгіштік оқушылардың жеке және жұпта белсенді жұмыс жасауында көрініс табады.

Бағалау критерийлері

Оқушы­ның­ төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақ тілінде Ұлы Жібек жолы туралы ақпарат

береді, жаңа сөздеді­ сөйлем ішінде қолдана алады, сұрақтарға жауап береді..

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): сабақ барысында жазбаша, ауызша жұмыстарды орындайды, кесте, ішінде берілген ақпаратты түсінеді, қолдана алады, Ұлы Жібек жолына қатысты ақпараттарды талдайды.

Пәнаралық байланыс:

Тарих, дүниетану пәндерімен байланысты.

АКТ-ны қолдану дағдылары:

Аудиовизуалды техниканы қолдану

Тілдік мақсаттар:

Отырар, көне қала, көне өркениет, Отырар кітапханасы, Ұлы Жібек жолы, жібек матасы, саудагерлер, көпестер, Қытай елі, жәрмеңке, сауда-саттық, айырбас, т.б. сөздер мен терминдерді сөйлеу барысында қолдану.

Осыған дейін меңгерілген білім

Оқушылар алдыңғы сабақта Отырар туралы мәтінмен танысып, тақырыпқа қатысты сөздік қорларын байытты.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөз дер

Сабақ басы

5 минут

5-10 минут

Қызығушылықты ояту

Мақсаты:Оқушылардың көңіл күйін анықтап, психологиялық ахуалды реттеу.

(Т,Қ)Үй жұмысын тексеру арқылы оқушыларды топқа бөлу

Мақсаты:Өткенді қайталап, Отырар қаласы жайлы білімдерін тексеру.

Тапсырма:Сөздерді оқыңдар.Дұрыс сөйлем шығатындай етіп, орындарыңды тауып тұрыңдар.

Оқушыларға Отырар қаласы жайлы 5 сөйлемнің сөздері жазылған қима қағаздары беріледі.Оқушылар қима қағазда жазылған сөзді оқиды, дұрыс сөйлем құрастырып, тұрады.Әр топ өз сөйлемін оқиды. Қалған топтар сөйлемнің дұрыс құрылуын тексереді.Қосымша сұрақтар қояды, жауап береді.

Мысалы:

1.Отырар қаласы Қазақстанның көне қалаларының бірі.

2.Қасиетті Отырар қаласында Әбу Насыр әл-Фараби дүниеге келген.

3.Отырар қаласының алғашқы атауы Фараб болған.

(Ұ,Ө)Тыңдалым.Есте сақтау диктанты.

Мақсаты:Өткенді қайталап, сабақтың тақырыбын ашу.Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тапсырма:Сөздерді мұқият тыңдап, есте сақтаңдар.Айтылған сөздерді жазыңдар.

Сөздер: Түркістан, Тараз, Отырар, Сайрам, Сауран, Сарайшық.

Диктанттан кейінгі жұмыс:

Сөздер тақтаға шығарылады. Оқушылар дәптерлерімен ауысып, бір-бірін дескрипторлар арқылы тексереді. Санын тексеру, қала атауларының жазылуын тексеру және бағалау.

Дескрипторлар

Балл

Балл

1- сөзді дұрыс жазды/ Түркістан

1

2- сөзді дұрыс жазды / Тараз

1

3-сөзді дұрыс жазды / Отырар

1

4-сөзді дұрыс жазды / Сайрам

1

5-сөзді дұрыс жазды / Сауран

1

6-сөзді дұрыс жазды / Сарайшық

1

Максималды балл

6

-Балалар, бұл қалалардың барлығын байланыстыратын бір ортақ белгісі бар. Оны тапсаңдар бүгінгі сабақтың тақырыбы шығады.Ол не?

/Ұлы Жібек жолында орналасқаны/

Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, оқу мақсатымен таныстырады.

Бағалау критерийлері анықталады.

-Сабақ тақырыбы мен мақсатқа назар аударып, бүгінгі сабақта неге қол жеткіземіз, не үйреніп, не білеміз деп ойлайсыңдар?

Оқушылардың жауаптарын тақтаға бағалау критерийлер ретінде жазу.

-Балалар, осы аталған критерийлерге сабақтың соңында ораламыз.

Қима суреттер

А3 парақтар, маркерлер, дескриптор

Сабақ ортасы

10-17 минут

17-25 минут

25-37 минут

(МК, Т)Тыңдалымалды тапсырмасы

«Суреттер сыр шертеді» стратегиясы

Мақсаты:Сурет бойынша Ұлы Жібек жолы туралы мағлұмат жинақтау арқылы оқушылардың алғашқы түсініктерін қалыптастыру.

Әр топқа суреттер ұсынылады.Оқушылар топта отырып, білімдеріне сүйеніп, Ұлы Жібек жолы жайлы түсініктерін 1-2 сөйлеммен айтады.

(Ө,Ұ)Тыңдалым мәтіні

Мақсаты:Мәтінді тыңдау арқылы Ұлы Жібек жолы туралы ақпарат жинақтау.

Тыңдалым мәтіні 3 бөлімнен тұрады. Әр бөлімді тыңдап болған соң оқушылар төменде берілген «Дұрыс/бұрыс» кестесін толтырады.Кестені толтыруға 2 минут уақыт беріледі.

(Ө,Ж)Тыңдалым тапсырмасы «Дұрыс/бұрыс» әдісі

Мақсаты:Оқушылардың мәтін мазмұнын меңгеру деңгейін анықтау.

Тапсырма:Мәтінді тыңдау барысында берілген ақпараттардың қайсысы дұрыс немесе бұрыс екенін белгілеңіз.

Тыңдалым аяқталып, оқушылар тапсырманы орындап болған соң, кестелерін топта отырып шеңбер бойымен жібереді. Бір-бірінің кестелерін тақтаға шығарылған нұсқамен тексереді және бір-бірін бағалайды.Әр дұрыс жауапқа 1 балл беріп, максималды балл санын санайды да кестенің төменгі жағына жазады. 9 ақпаратқа -максималды - 9 балл.

Оқушылар жеке жұмыс жасап жатқан кезде мұғалім сыныпты аралап жүріп, оқушылардың жауаптарын тексере жүріп, бағыт-бағдар береді.Соңында кімде 9 балл/ кімде 8 балл/ кімде қанша балл шыққанын анықтайды.

(Т,Қ)Топтық жазба жұмысы

Мақсаты:Өтілген тақырып бойынша оқушылардың білімдерін жинақтау, шағын баяндама жазу.

Тапсырма:Тыңдалған мәтін мазмұны бойынша тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерді пайдалана отырып, жалаң, жайылма сөйлемдер құрастыру арқылы баяндама жазу. Сөйлем құрастыру үшін оқушыларға арнайы А4 парағы беріледі. Топтар жазған шағын баяндамаларын оқып, ұжым алдында қорғайды. Орындалған тапсырма жалпы ұжыммен тексеріледі және бағаланады.

Ұлы Жібек жолы картасы

Таратпа материал

Аудиомәтін

«Дұрыс/ бұрыс» кестелері

Сабақ соңы

37-40 минут

Рефлексия. «Сөйлемді жалғастыр» әдісі

-Мен қандай ..........жаңа сөздер үйрендім.

-.......... тапсырма маған пайдалы болды. Өйткені ...... білдім.

Бағалау. «Бағдаршам»

Оқушылар сабақтың басында құрған, тақтаға жазылған бағалау критерийлеріне оралып, сол бойынша өздерін бағалайды.Стикерді алып, өз атын жазады, бағдаршамға апарып жапсырады.

«Бүгінгі жұмысымды қалай бағалаймын?»

Жасыл- мен сабақта өте белсенді жұмыс жасап, барлық тапсырмаларды орындадым.

Сары- маған қиындық келтірген тапсырма болды, бірақ мен дұрыс орындадым.

Қызыл- мен тапсырманы мұғалімнің қолдауымен орындадым.

Үйге тапсырма

«Ұлы Жібек жолы» мәтіні бойынша 3 сұрақ жазып келу.

Бағдаршам көздеріне сәйкес түрлі түсті стикерлер

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциация үш түрде іске асады:

1- үлгерімі төмен оқушыларға қолдау жұптық жұмыста үлгерімі жақсы оқушылар тарапынан көрсетіледі.

2 –оқушылардың тапсырмасынан күтілетін нәтиже дифференциацияланған.

Оқушылар бір-бірін дискрипторлар тұсына «+» белгісін қоя отырып, бағалайды. Сол арқылы кері байланыс беріледі.Оқушылардың ақпараттың дұрыс/бұрысын ажырата алуы мен етістіктің бұрынғы шақта тұрған сөздерді қолдана алуын бағалаймын.

Сабақ философияға қатысты болғандықтан, белсенді азаматтық позициясын қалыптастыруға септігін тигізеді. Сабақта оқушылардың өміріне қауіпті ештеңе пайдаланылмайды. PowerPoint таныстырылымы, аудиофайл тыңдау үшін компьютер қолданылады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу